Мәңгілік ел жастары – индустрияға бағдарламасы www.serpin-2050.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында жаhандық деңгейдегі дағдарыс кезінде елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттерін көрсетіп, өткен ғасырдың 60-жылдарынан кеңінен тараған тұтынушылық қоғам тұжырымдамасы орнына балама ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынды. Сонымен қатар «Елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар жерге бару керек» -деп көрсетті.
Мемлекет басшысының осы идеяларын негізге ала отырып Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап арнайы бағдарлама қабылдады. Бүгінгі «Мәңгілік Ел Жастары — индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы осы бір бастамаға үндеу қосып, барынша жастарға қолдау көрсету болып табылады.
Қазіргі таңда Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында бүгінгі күні бала туу деңгейі жоғары, көшіп келушілер көп. Мұның барлығы жұмыссыздық мәселесін тудырады. Әлеуметтік нысандар, үй , мектеп, балабақша, жетпейді. Қанша адам оқу бітірсе де жұмыссыз жүр. Мектеп бітіргендер коллдеждерге оқуға түсе алмайды – себебі үміткерлер көп болғасын, орын жетіспейді. Еңбек күші артып тұрғасын – кадрлық сұраныс аз болады. Бұл- нарық экономикасының заңдылығы. Оқуды бұрын бітіргендер жұмыссыз жүргесін – грант та аз бөлінеді. Керісінше еліміздің кейбір өңірлерінде қадр тапшылығы өте өзекті болып тұр. Бүгінгі таңда  бұндай мәселе 7-8 облыста туындауда. Басты себебі – бала туу денгейінің төмендігі және сыртқа көшіп кету миграциясы. Сол өңірлердегі өндіріс орындары еңбек күші жетіспеушілігінен өз әлеуетін толық іске асыра алмай отыр.

Бірінші кезекте бұл мүмкіндікті жоғарыда аталған өңірлердің биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысып әртүрлі деңгейде ұпай жинаған барлық бітіруші түлектер, сонымен қатар кешенді тестілеуден өткен барлық қатысушылар пайдалануына толықтай мүмкіндік бар. Жоғары оқу орнына құжаттар тапсыру кезеңінде 4 оқу орнын таңдауға мүмкіншілік бар екендігі белгілі, алайда осы таңдаулар арасында төменде көрсетілген 7 оқу орнын таңдаған жағдайда арнайы бөлінген 1000 гранттың үміткері бола алады.
Шекті ұпайға (50 ұпай) жетпеген бітірушілерге колледждерге тапсыруға және шығармашылық емтихандар арқылы қабылданатын мамандықтар бойынша грант иегері болу мүмкіндігі бар. Құжаттарды қабылдау комиссиясы және шығармашылық естихандар жергілікті жерде өткізіледі. Құжаттар 3 деңгейде қабылданады: жалпы құжаттар қабылдау кезеңі, мемлекеттік грант иегерлерінің қорытындысынан кейінгі кезең және 20 тамызға дейін қосымша құжат қабылдау кезеңі.
Бағдарлама бойынша грант иегерлері стипендиямен, жолақысы және жатақханамен, киіммен және жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Бұл бағдарламаға бұрынғы жылдары мектеп бітіргендер де қатыса алады.

Жастардың техникалық-кәсіптік мамандық алуына көмектесу, оларды жоғары жалақылы жұмыспен қамтамасыз ету, жастарды адал еңбекке ынталандырудың жолын табу — Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселелерінің бірі. Сондықтан, «Мәңгілік Ел Жастары — индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстандық жастардың, оның ішінде Оңтүстік аймақ жастарын кең көлемде техникалық-кәсіптік білім алуға және тұғыры биік тәуелсіз Отанымыздың аса маңызды индустрияландыру бағдарламасына қатыстыру мен тартуды мақсат етеді, жастарымызды дербес өмірге, бастамшыл еңбекке бейімдеудің тиімді жүйесін құрудың алғашқы қадамы болып табылады.