Энергетикалық  пәндер кафедрасы



Техникалық  білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
Н.Ә. Назарбаев

Бүгінгі таңда техникалық мамандықтардың ішіндегі  еңбек нарығына аса қажет мамандардың  даярлайтын кафедраның бірі. Энергетикалық пәндер кафедрасы негізгі екі мамандық бойынша мамандар даярлайды:

  1. 0901000 «Электр станция және тораптардың электр жабдықтары (түрлері бойынша)»

Біліктілігі: техник – электрик

  1. 0906000 «Жылу электр станияларының  жылу энергетикалық қондырғылары»

Біліктілігі: техник-энергетик
Энергетикалық пәндер кафедрасы 1993 жылы Қарағанды энерго-құрылыстық кешкі техникумы мен тау-кен техникумының бірігуінің нәтижесінде құрылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі болып – Желтургузова Г.С. тағайындалды.
Казіргі таңда кафедрада 20 оқытушы мемлекеттік және орыс тілінде білім береді. Оның ішінде білім магистрі -3 оқытушы, біліктілігі жоғарғы санатты – 2 оқытушы, І –санатты -3 оқытушы,  ІІ-санатты – 3 оқытушы және әлеуметтік серіктес кәсіпорыннан 4 оқытушы.  Кафедраның барлық оқытушыларының  педогогикалық өтілдері бар, тәжірибесі мол, жоғарғы білімді, сонымен қатар, жыл сайын аймақтың энергетикалық кәсіпорындарында біліктілігін арттыру курстары мен тәжірибеден өтіп тұрады.

 

Кафедра құрамы

Бүгінгі таңда энергетикалық пәндер кафедра меңгерушісі  - Амирова С.А.
Бәсекеге қабілетті, заманауи талаптарға сай, инновациялық технологияларды қолданып, студенттерге сапалы білім беру жолында 2002 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Мемлекеттік тілде «Электр станция және қосалқы станция» пәні бойынша дәріс береді. Еліміздің ірі кәсіпорындарымен қатар, Мәскеу қаласында және Европаның бірнеше елдерінде, атап айтсақ,  Нидерланды, Венгрия, Словения, Австрия, Чехия, Германия сияқты қалаларында біліктілігін арттыру курстарынан  өткен. Колледж әкімшілігінің алғыс хаттары мен Қарағанды облыстық білім департаментінің құрмет грамотасымен және «Кәсіптік – техникалық білімге 75 жылдық» медальмен марапатталған. Ұжым ішінде сыйлы, беделі зор, білікті де білімді оқытушы.

 

Кафедра оқытушылары жоғарғы білімді, білікті және өз істернің майталмандары.

Оқытушылардың аты-жөні

Мамандығы және білімі

Атқаратын қызметі

1

Абишева Асем

Кайратовна

Жоғарғы, Қарағанды мемлекеттік университеті. Е.А.Букетова, «Теплоэнергетика», Бакалавр – техники и технологий, 2012

Магистратура,  Қарағанды мемлекеттік университеті. Е.А.Букетова, «Физика»,Магистр –естественных наук,2015

Оқытушы

 

2

Акедилова Асель

Куанышевна

Жоғарғы, Қарағанды мемлекеттік техникалық  университеті,«Электроэнергетика»,

Бакалавр - электроэнергетики,  2010

Оқытушы

 

 

3

Айтбай Думан 

Нұрланұлы

Жоғарғы,Қазақ көлік және коммуникация академиясыМ. Тынышпаева,

«Электроэнергетика»,Бакалавр – электроэнергетики 2010

Оқытушы -

кәсіпорын қызметкері

4

Амирова Сауле

Аманжоловна

Жоғарғы, Қарағанды мемлекеттік техникалық  университеті,«Электроэнергетика»,

Инженер  - электрик, 2006

Оқытушы,

Кафедра меңгерушісі

5

Алданыш  Кенже Алданышқызы

Жоғарғы,  Қарағанды мемлекеттік техникалық  университеті, «Электроэнергетика»,

Бакалавр - электроэнергетики,  2013

Оқытушы

6

Алкенова Гулстан Айдынгалиевна

Жоғарғы,Қарағанды мемлекеттік техникалық  университеті, «Электроэнергетика»

Оқытушы

7

Баныкин Валерий

Карлович

Жоғарғы, Қарағанды мемлекеттік университеті. Е.А.Букетова, «Физика»,

Инженер – физик,  1976

Оқытушы

8

Желтургузова Гульнар Сатыбалдовна

Жоғарғы, Алматы энергетикалық институты, «Электроснабжение промышленных предприятий, городов и сельского хозяйств»,

Инженер – электрик, 1984

Оқытушы, бөлім меңгерушісі

9

Жуманова Айгерим Советовна

Жоғарғы, Қарағанды мемлекеттік техникалық  университеті, «Теплоэнергетика»,

Бакалавр – теплоэнергетики, 2011

Оқытушы

 

10

Зайченко Илья Сергеевич

Жоғарғы,  Қарағанды мемлекеттік техникалық  университеті, «Электроэнергетика»,

Инженер  - электрик 2008

Магистратура, Қарағанды мемлекеттік техникалық  университеті,

«Электроэнергетика», Магистр  электроэнергетики,  2010

Оқытушы -

кәсіпорын қызметкері

11

Калмагамбетова Мадина Мухамбедовна

Арнайы орта, Жезқазган политехникалық колледжі «Теплоэнергетика»,  Техник-теплотехник,  2010

Жоғарғы, Байкануров А.А. атындағы Жезқазған уиверситеті , «Строительство»,

Бакалавр – строитель, 2013

Оқытушы

12

Кирикбаев Малик Бакдаулетулы

Жоғарғы, Қарағанды мемлекеттік техникалық  университеті, «Электроэнергетика» 

ө/о мастері

13

Мархаббат  Құралай Мархабатқызы

Жоғарғы,  Қарағанды мемлекеттік техникалық  университеті, «Автоматизация и управление», Бакалавр – автоматизация и управление, 2014

Оқытушы

 

14

Смердов 

Александр Александрович

Жоғарғы,  Қарағанды мемлекеттік техникалық  университеті, «Электроснабжение и электрификация», Инженер-электрик, 2001

Оқытушы -

кәсіпорын қызметкері

15

Сулейменова Арай Айдарқызы

Жоғарғы, Қарағанды мемлекеттік техникалық  университеті, «Электроэнергетика»,

Бакалавр – электроэнергетики, 2014

Оқытушы

 

16

Табаева Светлана

Александровна

Жоғарғы, Руднинский государственный индустриальный институт, «Электроснабжение и электрификация», Инженер –электрик, 2005

Екінші  Жоғарғы,  Костанайский инженерно – экономический университет им.М.Дулатова,

«Теплоэнергетика», Бакалавр-теплоэнергетики,

2007

Магистратура, Қарағанды мемлекеттік техникалық  университеті,

«Теплоэнергетика», Магистр технических наук,

2015

Оқытушы

 

17

Тлеубаева Талшын Ериковна

Жоғарғы,Д.А. Кунаев атындағы Алматы университеті,  «Электроэнергетика», Бакалавр-электроэнергетики, 2015

Оқытушы

 

18

Тонкерис

Орныхан

Жоғарғы, Қарағанды мемлекеттік университеті. Е.А.Букетова, «Радиоэлектроника», Инженер -радиоэлектронщик, 1998

Орта техникалық , Қарағанды политехникалық колледжі,  «Электрооборудование электрических станций и подстанций», Техник – электрик, 2010

Оқытушы

 

19

Тумилович Сергей Станиславович

Жоғарғы  Қарағанды мемлекеттік теххникалық университеті , «Электрификация и автоматизация»,  Инженер – электромеханик

Оқытушы -

кәсіпорын қызметкері

20

Уалибекова Толганай Кайратовна

Жоғарғы, Д.А. Конаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университеті,«Электроэнергетика»,

Бакалавр – техники и технологий, 2014

Оқытушы

 

 

 

Дуалды білім беру жүйесі

http://ww.samruk-kazyna.kz/files/photos/195003_501584396537581_1349391085_o.jpg

Пилоттық жоба шеңберінде оқытудың дуалдық жүйесін енгізу жөніндегі Қазақстан электр желілерін басқару жөніндегі компаниясы, Қарағанды облысының білім Басқармасы және Қарағанды политехникалық колледжінің «Электр станция және тораптар электр жабдықтары» мамандығы арасында үшжақты әлеуметтік серіктестік шартына қол қойылды.  Аталған мамандық бойынша студенттер дуалдық оқыту жүйесі бойынша білім алады.

Институциялды даму жоспары
Қарағанды политехникалық колледжінің «0901000 – Электр станция және тораптардың электр жабдықтары (түрлері бойынша)»  мамандығы Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің   - грант алушысы. Осы грантты бірлесіп қаржыландыру  Облыс әкімдігінің және білім Басқармасының қолдауымен мамандықтың материалдық-техникалық базасын нығайтуға және одан әрі дамытуға  мүмкіндік берді.  Аталған жоба аясында арнайы пәндер бойынша зертханалық кешендер, интерактивті технологиялар, техникалық әдебиеттер және мамандық бойынша тәжірибелерді дамытуға арнаған құрал – жабдықтар алынып,  біліктілігін арттыру курстары  атқарылды.

DSC_0141        DSC_0780
Сонымен қатар,  «техникалық және кәсіптік білімді модернизациялау» жобасы аясында колледж базасында оқу-өндірістік орталық «Энергопарк» ашылды.

DSC_0148DSC_0150
DSC_0790

Институционалды даму жоспары аясында  жабдықталған зертханалық база бойынша кафедра оқытушылары мемлекеттік және орыс тілдерінде әдістемелік нұсқаулықтар  мен жұмыс дәптерлерін және  9 пән бойынша модульдік оқыту бағдарламаларын дайындады.


Жыл сайын студенттердің теориялық білімдерін шыңдау мақсатында ірі кәсіпорын  қызметкерлерімен бірлескен дөңгелек үстел отырысы өтеді.

2015/2016 оқу жылында жалпы кафедра оқытушылары әдістемелік айлық аясында колледжішілік  ашық сабақтар мен іс-шаралар ұйымдастырды. Кафедра оқытушылары оқитын пәндері бойынша өткізген ашық сабақтары:

  • Калмагамбетова М.М. Основы теплоэнергетики «Принцип работы основных и вспомогательных оборуовании ТЭС»
  • Алданыш К. Электр машиналары және трансформаторлары «Тұрақты ток коллекторсыз машиналарының жұмыс принциптері»
  • Кирикбаев М.Б. Электр машиналары және трансформаторлары «Зертханалық жұмыс  Қысқа тұйықталған үш фазалы асинхронды қозғалтқыштың бос жүріс сипаттамаларын анықтау»
  • Мархаббат К. Электротехниканың теориялық негіздері «Тұрақты ток заңдылығы бойынша санама сызба жұмысы»
  •  Амирова С.А.  Акедилова А.К. (интегрированный урок) Электр станция және қосалқы станция электр жабдықтары, Энергожүйе электр тораптары «Энергияны өндіру, өңдеу, жеткізу.»
  •  Баныкин В.К. Электрические машины  и трансформаторы «Трехфазные автотрансформаторы»
  • Төнкеріс О. Өнеркәсіп электроника негіздері «Көп каскадты күшейткіштер»
  • Жуманова А.С. Гидравлика, термодинамика және жылу массасының алмасуы «Жылу алмасу аппараттарының  түрлері мен типтері»
  • Сулейменова А.А. Электр станция және қосалқы станция электр жабдықтарын пайдалану «Зертханалық жұмыс Тренажерларда жедел ауыстырып қосуларды орындау»

Сабақтан тыс  өткізілген іс – шаралар

  • Жуманова А.С. Желтургузова Г.С. «Дәстүрлі энергетиканың даму тарихы» жоба презентациясы
  • Алданыш К. «Энергетика саласы – елімізді алға апаратын елеулі де тегеурінді күш» дебат
  • Кафедра  оқытушылары   Конкурс по профессии. Итоги технологической практики
  • Отделение ЭСП«Талантливый энергетик»  концерт посвященной  «Дню энергетика»
  • Табаева С.А. Заочная онлайн – конференция, посвященная вопросам энергетики и ТиПО
  • Мархаббат К. «Мамандығым – мақтанышым»  конференция
  • Калмагамбетова М.М. Открытая защита курсовых проектов по предмету «Котельные установки ТЭС»
  •  Баныкин  В.К. Конференция «Инновационные технологии рационального использования природной энергии»
  • Төнкеріс О. «Альтернативті энергия көздері» жоба презентациясы

«Дәстүрлі энергетиканың дамуы» тақырыбындағы жоба презентациясы.
Жоба жетекшісі: Желтургузова Г.С.
Координатор: Жуманова А.С.
Жоба мақсаты: еңбек және кәсіби тәрбиені дамытып, таңдалған мамандықтың маңыздылғын түсіндіретін бағалық құндылықтар жүйесін құру
              
Жоба презентациясы келесі мазмұн бойынша көрсетілді:

  • Дәстүрлі энергетиканың даму тарихы
  • Энергетиканы зерттеген ғалымдар
  • Энергетика бойынша Нобель сыйлығын иеленген ғалымдар
  • Әлемдегі ең қуатты жылу электр станциялары
  • Қазақстандағы жылу электр станциялары
  • Жылу электр станцияларындағы  апаттық жағдайлар
  • Қызықты фактілер

Осы мазмұн бойынша студенттерге қызықты мәліметтер, видеоматериалдар  көрсетілді.

 «Гидравлика, термодинамика және жылу массасының алмасуы» пәні бойынша ашық сабақ 24.12.15 күні өтті.   Сабақ тақырыбы: Сорғылар классификациясы. Ортадан тепкіш сорғы.  Мақсаты: Сұйықты тасымалдауға арналған сорғы түрлерімен, жұмыс істеу принциптерімен, қолданылу аймағымен танысып, оның ішінде динамикалық сорғы түріне жататын, ортадан тепкіш сорғының жұмыс істеу 

принципін, әрі негізгі классификациясын талдап, оның ішінде жалпы сорғылардың негізгі көрсеткіш параметрлері, яғни қуат, арын, жіберілу, пайдалы әсер коэффициент жайлы білімдерін жүйелеу.
            

Сабақ барысында топ арасында «Сандар сөйлейді» ойыны, одан әрі капитандар арасында «Полиглот» ойыны жүргізілді. Студенттер өткен тақырыптар бойынша өз білімдерін жақсы деңгейде көрсетті. Сонымен қатар ашық сабақта шығармашылық, күрделенген тапсырмалары бар жұмыс дәптері, жаңа тақырып түсіндіруде флипчарт,презентация, бейне материалдар қолданылды. Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында «MyTestXPro» бағдарламасы бойынша студенттермен  әр түрлі формадағы тесттік тапсырманы орындалды. Сабақ үстінде студенттер белсене қатысып, берілген барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
№2 Зертханалық  жұмыс «Тренажерларда жедел ауыстырып  қосуды  орындау» тақырыбы бойынша 11 -1- ЭСП-13 тобында «Электр станциялары мен қосалқы станциялардың электр жабдығын  пайдалану» пәні бойынша ашық  сабақ  өтті. Сабақтың  мақсаты::Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыра отырып, тренажерларда жедел ауыстырып қосу операцияларын орындау.
Оқытушы оқушылардың сабаққа қатысулары  мен әзірліктерін тексерді.Сабақтың жалпы барысымен таныстырып өтті. Флипчарт бейнесінде жасырылған   электр станциялары мен қосалқы станцияларда қолданылатын коммутациялық аппараттарды анықтап, олардың тағайындалуын, ерекшелік, кемшіліктерін ауызша талдап, атауларын үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтты.
«Электр станция және қосалқы станция электр жабдықтары», «Релелік қорғаныс және автоматика», «Энергожүйе электр тораптары», «Еңбек қорғау» , «Электр машиналары және трансформаторлар» пәндерінен алған тіреулі білімдері бойынша өздері таңдаған конверттерде жасырылған  тапсырмаға сәйкес (сұлба сызу, есеп шығару, бейне сұрақ)   білімдерін көрсетті.  
      
Оқытушы жаңа тақырыптың мақсатымен,  жұмыстың орындалу барысымен танстырды. Оқушылар берілген тапсырмаларды  бастамас бұрын «Еңбек қорғау» пәнінен өткен білімдері бойынша энергетика саласындағы техника қауіпсіздік ережесі бойынша  компьютерда «My TestX»  бағдарламасында тест тапсырмаларын орындады.
Тест нәтижесі бойынша жақсы тапсырған оқушылар  келесі тапсырмаларды  орындауға рұқсат алды. Келесі кезеңде тапсырмаға сәйкес  «Тренажер» бағдарламасында 110 кВ Волга қосалқы станциясындағы АТ – 1 автотрансформаторын ажыратып, жерлендіруге қажетті  ауыстырып қосу бланкын жұмыс дәптеріне  толтырып,  толтырылған бланкылар арқылы жедел  ауыстырып – қосу операцияларын орындады.Ауыстырып – қосу нәтижелері бойынша  кеткен қателіктермен  жұмыс жасады.

          
Сабақтың қорытындысын келтіру кезеңінде студенттер филипчартта берілген электр шамдарын таңдап,  жасырылған бейне материалды  көре отырып, электромонтерлердің жіберген қателіктерін анықтап, дұрыс әрекеттерді айтты.
«Мамандығым - мақтанышым» тақырыбындағы конференция
Мақсаты: Студенттердің өз мамандықтарына деген ойларын біліп,мамандыққа деген сүйіспеншілігін арттыру және келешекте дамытуға үлес қосу.
Қатысқан оқушылар:
Мухамединов Темирлан,  Шон Султан, Батырбай Иса, Бейсеналиев Нургелді,  Сериков Ержигит , Сайлаухан Айдын мен Мажит Темирлан;

 «Мамандығым-мақтанышым!» жобасын қорғау  кезеңі:

    
Жобаны қорғауға қатысқан студенттер:

Бұл өмірде адамның тағдырын айқындайтын екі нәрсе бар: бірі – өмірлік жолдасы жары болса, екіншісі – мамандық. Мамандық тандау - бұл өте маңызды іс. Өйткені біз өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Мамандықтың саны әр алуан: дәрігер, мұғалім, ұшқыш, есепші, аспаз, елші, қаржыгер, архитектор, механик, көлік жүргізуші, сазгер, сатушы, ғарышкер және т.б. Бірақ бұларды байланыстыратын маңызды факт - бұлар бәрі халық үшін қызмет атқарады. Ал халық үшін қызмет көрсету маңызды мәселе. Түркі тілдес халықтың "жеті рет өлшеп, бір рет кес" деген нақыл сөзін ұран етіп, мамандықты дұрыс таңдауымыз керек. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі "осы заманғы білім беру, парасатты экономиканың негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды пайдалану мамандарды дайындау сапасын көтеруге басты себеп болатын, инновациялық экономиканы дамыту",-деп көрсеткен. Қазақстан Республикасының болашағы, сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметіндегі басымдықтары мен ұлттық мүдделерінің жүзеге асырылуы, халықаралық аренадағы беделінің өсуі, ұлттық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі, мемлекет алдындағы жоғарғы азаматтық жауапкершілікке ие мамандарға байланысты. Энергетика саласы – елімізді алға апаратын елеулі де тегеурінді күш. Сондықтан мамандығымызды мақтан етеміз!
Әлемнің жер жүзі жарықпен жайнаған,
Жарығың бар кезде жақсылап пайдалан!
Қабыл ал құттықтау ЭСП-дан қаптаған
Дами бер «энергетика» барлығы мақтаған
Мен осы мамандықпен мақтанам!!!