Автомобиль бөлімі

Бейсенбеков Дулат Серикович
2013 жылдан бастап ТОРА бөлімінің меңгерушісі. 1995 жылы Қарағанды  политехникалық институтының «Автокөлік және автокөлік шаруашылығы» мамандығын бітірген.Екінші дәрежесі бар оқытушы. «Жол қозғалысының
ережелері мен қауіпсіздігі» пәнінен сабақ береді.
2010 жылдан бері Қарағанды политехникалық колледжісінің «Автошкола» меңгерушісі.

 

Бөлімніңнегізгіміндеттері: Қазіргі заманға сай бәсекелестікке қабілетті мамандар дайындау.Оқумен тәрбие жұмыстарының деңгейін көтеру.

 

  1617 «Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығына алғашқы қабылдау 1972 жылы «Қарагандыкөмір» комбинаты мен жолаушылар тресінің бастамасы бойынша жүзеге асырылды.
1975 жылы оқытушылар құрамы мен оқушылардың күшімен зертханалық ғимараттың құрылысы басталды, қазіргі таңда бұл жерде ТҚК және ТЖҚ зертханасы, шиномонтажтау телімі, диагностикалау желісі орналасқан.
1980 жылы зерханалық кешеннің алдыңғы қатарының құрылысы аяқталды және ғимарат толығымен теориялық сабақтар өткізуге берілді.
80 жылдардың ортасында автомобильдердің құрылымы және жөндеу зертханаларының құрылысы басталды. Қарағандыкөмір бірлестігі үшін барлық категориядан көлік құралдары жүргізушілерін дайындау курастыру ұйымдастырылды.
1990 жылы «Тасымалдаарды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы ашылды.
Автомобиль бөлімінің түлектері тек қана Қазақстан Республикасының әр түрлі өндіріс салаларында ғана емес, сонымен қаттар шет елдерде де еңбек өтуде және өздерін жоғары білікті маман ретінде көрсетуде.
Қазіргі кезде автомобиль бөлімінің ұжымын арнайы пәндердің тәжірибелі оқытушылары құрайды. Орардың арасында Б.Қ. Мұстафинов, Ж.Қ. Қанафин, В.П. Летуновский және басқалары құрметті беделге ие.
Автомобиль бөлімінің тәрбие жұмысының жүйесі көз келген қоғамға пайдалы қызмет саласында жетістіктерге жетуге тәрбиегиенген жоғары ізгілікті, дербес, шығармалықты тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Автомобиль бөлімінің оқу базасын 11 лқу дәрісханалары құрайды. Жыл сайын автомобиль бөлімінде 700-800-ден артық оқушылар білім алады. Мұнда «техник-механик», «инспектор-ұйымдастырушы», «автокөлі сараптаушы-бағалаушы» мамандықтарды бойыншамамандар дайындайды. ҚР Үюметінің жоспарларында – жаңа өндіріс орындарын ашу, себебі бұл мамандықтар көкөлешекте қажет болады. Автомобильдер пәндерінің кафедрасында инженерлік-педагогикалық ұжым жұмыс істейді. 24 оқытушы бар олардың ішінде 6-ы жоғары санатты оқытушылар. Сондай-ақ құрамға үш нұсқаушы-жүргізуші 4 жас мамандар және жұмыс өтілі бар оқытушылар кіреді. Барлық оқытушылар жоғары білімді, олардың көпшілігі біздің колледжді әр жылдары бітірген түлектер. Кафедраның педагогикалық ұжымы теориялық және тәжірибелік оқыту сабақтарындағы оқушылардың дербес жұмыстарын ұйымдастыру әдістімелік мәселелерді шешеді.    

 «Автокөліктерге техникалыққызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

ЭКСКУРСИЯ АО “КАМАЗ-ИНЖИНИРИНГ”  КӨКШЕТАУ