Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын түсіндіруге арналған әдістемелік құрал

 

 

ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

 


 

ҚҰРЫЛЫМЫ

 

I. Төртінші өнеркәсіптік революция: жаңа мүмкіндіктер, талап

пен қауіп.....................................................................................................3

II. 2018 жылғы Жолдаудың мәні.............................................................4

III. 2018 жылғы Жолдаудың басымдықтары.......................................5

1.   Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс..................................................................5

2.   Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту................................................7

3.   «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.....................................................................................9

4.   Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру............11

5.   Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.........................................................................13

6.   Қаржы секторын «қайта жаңғырту».................................................15

7.   Адами капитал – жаңғыру негізі......................................................22

8.   Тиімді мемлекеттік басқару.............................................................29

9.   Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.................................32

10. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін..........................................33

 


 

I. ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР, ТАЛАП ПЕН ҚАУІП

Бүгінгі таңда технологиялар салааралық және мемлекетаралық байланыстарды бөлуде, еңбек ресурстары мен білім құрылымына байланысты жаңа талаптар қоя отырып,  күн санап өзгеруде.    

Төртінші өнеркәсіптік революцияадамзат баласы үшін теңдессіз өзгерістер алып келеді.Оның негізгі қозғаушы күші –киберфизикалық жүйелерді өндіріске жаппай енгізу (индустрияландыру 4.0), тұрмыстық, еңбек және бос уақыттан бастап адамның барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Анықтама үшін: Бірінші өнеркәсіптік революция XVIII ғасырдың екінші жартысында, су мен будың көмегімен қол еңбегінен машинаға көшу мүмкіндігі пайда болған кездебасталды. Өнеркәсіптік революция ғылым мен техниканың қарқындап дамуына әсер етіп қана қойған жоқ, ол қоғам құрылымының өзгеруіне, адамдардың қалалық жерлерге көшуіне, жаңа мамандықтардың пайда болуына да ықпалын тигізді.

Екінші революция электр қуатын игеруге бағытталған жаппай конвейерлік өндірістің дамуымен сипатталды. Еңбек өнімділігі күрт төмендеп, кәсіпорындарды басқару жолдары өзгерді.

Үшінші өнеркәсіптік революция өткен ғасырдың екінші жартысында цифрлық компьютерлерді жасап шығару мен кейіннен өндірісті автоматтандыруды алып келген ақпараттық технологиялар эволюциясынан басталды.

Бұлпроцесс адамзаттың өмір сүру деңгейін жоғарылатуда, көптеген өзекті  мәселелерді шешуде үлкен әлеуетке ие. Бұл өзгерістер еңбек нарығы, өмір сүру ортасы, саяси жүйе, технологиялық қалып, адами бірегейлік сияқты адам өмірінің түрлі қырларын қамтиды.

Өнеркәсіптік революция ақпаратты өңдеу мен сақтау ісінің дамуына және білім алудың қолжетімді болуына жол ашып, жасанды интеллект, роботтандыру, интернет, ауқымды деректер мен аналитика, үшөлшемді баспа, нанотехнологиялар, биотехнология, энергия қорын арттыру және сақтау тәрізді әртүрлі салалардыңдамуына технологиялық серпіліс береді.

Біз жаңа бизнес-модельдердің пайда болуына, олардыңдәстүрлі компанияларға дизруптивті ықпал етуіне, сондай-ақ, өндіріс, тұтыну, тасымал және жеткізу жүйелерінің түбегейлі өзгеруіне куәміз.Ауқымды деректер қорына ие экономика салалары сол деректер негізінде қабылданатын шешімдердің сапасын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік алады. Экономика ашық, жалпыға мәлім, ал оның дамуы жылдам әрі жүйелі болады.

Мұндайөзгерістер мемлекеттік мекемелер деңгейінде және әлеуметтік салада орын алуда. Болып жатқан өзгерістер интеллектуалдық және шығармашылық жұмыстармен айналысу мүмкіндігін арттырып, олардыңсұранысқа ие болуына және тиісті түрде бағалануына мүмкіндік береді.

Төртінші өнеркәсіптік революция әлемдік экономиканың дамуына зор мүмкіндік береді, сонымен қатар, түбегейлі жаңа талаптар да қояды. Технологиялар мен жаңа өндірістік схемалардың дамуы қазіргі экономикалық құрылымды өзгертеді, компаниялар күннен-күнге өзгеріп жатқан тұтынушының сұранысынақарай бейімделуге мәжбүр болады, бірақ осы жерде бір парадокс бар: экономика дамыған тұста еңбекке қабілетті халықтың орнына жұмыс істейтін жаңа интеллектуалдық жүйелердің есебінен жұмыссыздық  деңгейі де арта түседі.

Жаңа реалийлерге негізделген экономика жаңа технологияларды жасайтын біліктілігі жоғары мамандарды көптеп қажет етеді, ал біліктілігі төмен мамандарды қажетсінбейді. Мұндай тенденция белгілі бір елдердің шаруашылық салаларына ғана емес, тұтас макроөңірлерге ықпал ете отырып, уақыт өткен сайын күшейе түседі.

Біз болып жатқан өзгерістерді қабылдайтындар мен оларға қарсы келетіндер деп бөлінетін әлемдегі үдемелі поляризацияның куәсі болуымыз мүмкін. Бұл өзгерістерге бейімделгендер мен қарсы келгендерді жікке бөлетін теңсіздікке алып келеді. Соған сәйкес Төртінші өнеркәсіптік революцияның орын алуы адамзатқа келген белгі ретінде қабылданады, оған адамзат жауап беруге тиіс.

       Жаңа әлемнің қарқынына ілесе алмай, шаң қауып қалмас үшін елдер жаһандық құн тізбегіне еніп кетуге көп күш салуы қажет. Білім мен инновация экономикасына өтуге, технологиялық жаңғыру мен қайта қаруландыру бағдарламаларын ауқымды  түрде жүзеге асыруға қарай бағыт алу қажет. Олай болмаған жағдайда фундаментализмге кері оралу сценарийі орын алуы мүмкін, ал бұл әлемдік экономиканың жаңа жүйесінің ғаламдық проблемасына айналады.

 

II. 2018 ЖЫЛҒЫ ЖОЛДАУДЫҢ МӘНІ

 

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы жаңа әлемге бейімделу мен бағыт алуға негізделген ел дамуының жаңа бағыты – Төртінші өнеркәсіптік революция болып табылады.

2018 жылғы Жолдау әлемдік экономикадағы орын алған тенденциялармен байланысты. Құжатта технологиялардың, әсіресе, цифрлық технологиялардың дамуы және адами капиталдың дамуы сынды факторлардың маңызы атап көрсетіледі. Қазір әлемнің үздік елдерінің арасында негізгі бәсекелестік дәл осы салада белең алуда.

Жаңа Жолдау Елбасы 2017 жылы жариялаған Қазақстанның Үшінші жаңғыру бағытының платформасын дамытады.  

Мақсат өзгеріссіз қалмақ. Ол – «Қазақстан-2050» Даму стратегиясының – күллі әлемнің жаңа технологиялық құрылымға көшу процесінің басталуына байланысты түбегейлі жаңа өмір жағдайларындадамыған 30 елдің қатарына ену.

100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда. 

Үкімет Президент тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейінгі ел дамуының стратегиялық жоспарын орындап, алға нық қадам басу үшін бірқатар бағдарламалық құжаттар әзірледі.

Жаңа Жолдау атқарушы биліктің алдына нақты міндеттер қояды. Елдің Төртінші өнеркәсіптік революцияның талаптары мен жаңа мүмкіндіктеріне сәтті бейімделуі үшін оларды 2018 жылы жүзеге асыру керек. 

1. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс;

2. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту;

3. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі;

4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру;

5.Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу;

6. Қаржы секторын «қайта жаңғырту»;

7. Адами капитал – жаңғыру негізі;

8. Тиімді мемлекеттік басқару;

9. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі;

10. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін

Елбасы белгілеген негізгі бағыттарға  қол жеткізген жағдайдаҚазақстанның ол көрсеткіштерді ұстап тұруға ғана емес, сондай-ақ, әлемдік экономиканың 30 елінің қатарына ену қарқынын жылдамдатуда  да әлеуеті зор.

 

III. 2018 ЖЫЛҒЫЖОЛДАУДЫҢ  БАСЫМДЫҚТАРЫ

 

1.   Индустрияландыружаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс

МАҚСАТЫ: 4.0 жаңа технологиялық қылыптың жетістіктерін пайдалана отырып, экономикалық өсімді қамтамасыз ету.

Бұған мынадай негізгі міндеттерді іске асыру арқылы қол жеткізу қажет:

1.   Қайта өңдеу секторында жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз

ету;

2.   Жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің

экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу. Технологиялардың трансфертін ынталандыру;

3.   Қазақстанның бірнеше өнеркәсіптік кәсіпорындарын

цифрландыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырып, бұл тәжірибені кеңінен тарату;

4.   Назарбаев Университеті, «Астана» халықаралық қаржы

орталығы, IT-стартаптардың халықаралық технопаркі сияқты инновациялық орталықтардың төңірегінде цифрлық және басқа да инновациялық шешімдерді әзірлеушілердің экожүйесін дамыту;

5.   Венчурлық қаржыландырудың жеке нарығының қызметін

қамтамасыз ету және тиісті заңнама әзірлеу;

6.   Босайтын жұмыс күшін еңбекпен қамту үшін келісілген

саясатты алдын ала тиянақтау;

7.   Білім беру жүйесін, коммуникация мен стандарттаусалаларын

жаңаиндустрияландыруталаптарынабейімдеу;

8.   Индустрияландырудыңүшіншібесжылдығынәзірлеугекірісу.

 

Елбасының 2018 жылғы Жолдауында алға қойған міндеттерін іске асыру аясында мынадай ісшаралар кешенін қабылдау жоспарлануда.

Алдымен қолданыстағы құралдар жетілдіріледі, сондай-ақ,отандық кәсіпорындарды жаңғыртуға және цифрландыруға, технологиялардың трансфертінебағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдар әзірленеді. Биылғы жылы бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру жоспарланған.

Назарбаев Университеті, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, IT-стартаптардыңхалықаралық технопаркінде Цифрлық және басқа да инновациялық шешімдерді әзірлеушілердің өз экожүйесін дамытуы бойынша Жол картасы әзірленеді. Экожүйенің қызметі сәтті жүзеге асуы үшін биыл заңнамаға нақты сектордың жаңа технологияларға деген сұранысын, венчурлық қаржыландырудың жеке нарығын ынталандыруды қамтамасыз ететін өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Ел Президенті Н.А. Назарбаев экономиканы цифрландыру табыс әкелгенімен, жұмыс күшінің көптеп босап қалу қаупін де тудыратынын атап өтті. Бұл мәселені мемлекет бақылауда ұстап отыр. Еліміздің әр өңірінде еңбек нарығына талдаужасалып, мониторинг жүргізіледі. Осы ретте  босап қалған жұмыс күшін қайта оқытып, жұмысқа орналастыру, еңбек ресурстарының ағымын басқару бойынша Жол картасы әзірленіп, іске асырылатын болады. Бұл жұмыс жұмысшыларының саны 160 мыңға жететін «RG», «Қазақмыс», «АрселорМиттал Теміртау», «Қазцинк» сынды ірі кәсіпорындарда сыннан өткен.

2018 жылдың аяғына дейін «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған Индустрияландырудың үшінші бесжылдығының тұжырымдамасы әзірленеді. Құжатта инновацияларға, технологиялар трансфертіне және өңдеуші кәсіпорындарды цифрландыруға жәрдемдесуге басымдық беріледі. Келесі жылы 2020-2024 жылдарға арналған Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы әзірленеді.

Сондай-ақ, ««Алатау» Инновациялық технологиялар паркі» автономдық кластерлік қордың қызметін қайта құруды қарастыру мақсатында аккумуляторлық құралдарға талдау жасау көзделуде. 

Индустрияландыруды іске асыру экономика мен өнеркәсіп құрылымының өзгеруіне ықпал етті. Осылайша 2017 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша өңдеу секторының экономиканың дамуына (ЖІӨ) қосқан үлесі – 2015 жылғы 10,1% көрсеткішінен 11,5 %-ға дейін, өнеркәсіпте – 2010  жылғы 31,8% көрсеткішінен 2017 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша 40,6%-ға дейін, экспортта2010 жылғы  27,9% көрсеткішінен 2017 жылғы 10 ай ішінде  32,2%-ға дейін артты.

2017 жылы 1,5 трлн. теңге көлеміндегі қаржыға 120 жоба жасалып, 10 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.

2017 жылы шикізаттық емес экспортты қолдау жүйесін құру мақсатында Ұлттық экспорттық стратегия жасалды.

Біз индустрияландырудың арқасында өңдеу өнеркәсібін инвестицияға лайықтап жасадық. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының өзінде тікелей шетелдік инвестициялардағы  өңдеу өнеркәсібінің саны 22,8%-ға дейін өсті.

Кәсіби кәсіпкерлердің жаңадан қалыптасқан тобы сыртқы тосын жағдайларға бейімжәне өсуге ынталы тұрақтандырушы фактор болып келеді.

 

2. РЕСУРСТЫҚ ӘЛЕУЕТТІ ОДАН ӘРІ ДАМЫТУ

Мақсаты: Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Осы басымдық шеңберінде мынадай міндеттерге айрықша мән беріледі :

1.   Табиғи ресурстарды басқару, шикізат индустриясын ұйымдастыру

тәсілдерін пысықтау;

2.   Энергия өндірушілер жұмысының тиімділігі және экологиялық

тазалығы мен кәсіпорынның энергия қуатын үнемдеу, энергия тиімділігі талаптарын күшейту;

3.   «Жасыл» технологияны инвестициялау үшін бизнеске жағдай

жасау;

4.   Жергілікті атқарушы органдар шағын және орта бизнес

субъектілерін көбірек тарту арқылы тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және жою шараларын қабылдайды;

Елбасы Жолдауда шикізат индустрияларын ұйымдастыру ісін, табиғи ресурстарды басқаруға қатысты ұстанымдарды қайта пысықтауды тапсырды. Бұл бағытта биыл кешенді ақпараттық-технологиялық платформалар енгізу жұмыстары бойынша ұсыныстар жасалады.

«Ауқымды деректерді» талдауға және өңдеуге арналған озық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарыжәне қоршаған орта мониторингі бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттар да қосылатын болады. Бұл экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану өндірісін және халықтық санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл жүйе 2019-2021 жылдарға арналған «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасында да қарастырылған.

Жер қойнауын қолдану құқығын алу жеңілдетіліп, салықтық жүктеме оңтайландырылады (Салық кодексі және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» кодексінде). 2017 жылдың 27 желтоқсанында геологиялық барлауға және жер қойнауын пайдалануды дамытуға бағытталған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» Кодексі қабылданды. Онда әлемде, әсіресе Перу, Канада, Чили, Эквадор, Нигерия, Мозамбик елдерінде кеңінен таралған Аустралиялық тәжірибе негізге алынды. Бұл елдердің барлығы жер қойнауын пайдалану үшін инвестицияларды бөлу бойынша ең жоғары көрсеткішті көрсетіп тұр. Кодексте қатты пайдалы қазбаларды өңдеу туралы инвестициялық басымдық беретін келісімге отыру да қарастырылады. 

Шағын және орта бизнес субъектілерін көбірек тарту арқылы тұрмыстық қатты қалдықтарды заманауи үлгіде қайта өңдеу және жою бойынша кешенді шаралар ұйымдастырылатын болады,  сонымен қатар, 2019 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарланған Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі жобасының жаңа редакциясы жасалатын болады.

Нормативтік құжаттарға кәсіпорындардың энергия қуатын үнемдеу және энергия тиімділігіне, энергия өндірушілердің де жұмыс тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды жетілдіруге мүмкіндік беретін өзгерістер мен қосымшалар енгізу жоспарланып отыр.

Жаңартылған энергия көздері ортасына инвестициялар тартуға жағдай жасалатын болады. Бүгінде әлемдік электроэнергия өндірісінің төрттен бір бөлігі жаңартылған энергия көздеріне келеді. Болжам бойынша, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 80%-ға дейін өседі. 2030 жылға қарай Қазақстандағы  баламалы энергия көзін 30%-ға дейін жеткізу міндеті қойылды. Бүгінде Қазақстанда 2017 жылы кВт.сағ. 1,1 млрд, «жасыл» энергия өндірген жалпы қуаты 336 МВт болатын Жаңартылған энергия көздерінің 55 нысаны жұмыс істеп тұр.

ХХІ ғасырда бүкіл әлем болашақта да ғаламдық экономика мен елэкономикасының дамуында ерекше орын алатын табиғи ресурстарды қажет етуде.  Қазақстанның индустрияның дамуында ерекше маңызға ие ауқымды ресурстық базасы бар.

2.  «АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» – АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫТУ МҮМКІНДІГІ

Мақсаты: агроөнеркәсіп кешенінің сапасын арттыру.

1. 5 жыл арылығында АӨК еңбегінің өнімділігі мен өңделген

ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау кем дегенде 2,5 есеге артты. 

2. Стратегиялық даму жолдарын іздестіру, жоғары сапалы ауылшаруашылық өнімдерін әлемдік нарыққа шығару. «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік өнімдер брендін дамыту. 

3. Аграрлық ғылымды дамыту. Жаңа технологияларды трансферттеу және оларды отандық жағдайғабейімдеу.

4. Аграрлық университеттердің рөлін айқындау және АӨК-тегі үздік тәжірибе мен білім таралған орталықтарға енгізу мақсатында оқыту бағдарламаларын жаңарту.

5. Ауылшаруашылық кооперативтерін жан-жақты қолдау.

6. Жерді тиімді пайдаланушыларды кешенді түрде ынталандыру. Тиімсіз субсидияны АӨК субъектілеріне несие беру шарттарын оңтайландыруға бағыттау.

Қазақстанның аграрлық секторы озық технологиялар мен ғылыми жетістіктерді қолдану арқылы өндіріс көлемін одан әрі арттыруға зор мүмкіндік береді. Еліміздің азық-түлік және экономикалық қауіпсіздігі, сонымен қатар, еңбек және ауыл әлеуеті де бұғантікелей байланысты.

Елбасының 2018 жылғы Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында Үкімет «Қазақстанда жасалған» табиғи ас өнімдері брендіндамытуға арналған халықаралық нарықтағы стратегиялық тауашаны анықтауға, 5 жыл ішінде АӨК өндірістік еңбегі мен өңделген ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттау ісін 2,5 есеге арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасының 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік агроөнеркәсіптік даму бағдарламасына өзгерістер мен қосымшалар енгізу ісін қарастыруда.

Аграрлық ғылым мен аграрлық университеттерді дамыту мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

-      Тікелей мемлекеттік қаржыландырудан ғылыми зерттеулерге

кететін бизнес-ассоциациялар шығынан төлеуге ауысу;

-      Жаңа технологияларды трансферттеу және оларды отандық

жағдайда икемдеу;

-      Аграрлық университеттер рөлін пысықтау;

-      Оқыту бағдарламаларын жаңарту; озық білім мен АӨК

саласында үздік мамандарды тарту;

-      minagro.kz платформасында егістік және егінді жинауға

арналған тиімді уақытты болжау технологияларын, минералды тыңайтқыштар енгізудің және арамшөп, зиянкестермен күресудің, «Ақылды суару» интеллектуалды жүйесін енгізу.

Фермерлерді қаржыландыру ісін тиімсіз субсидияларды инвестициялық субсидия беру және лизинг пен несиенің  пайыздық үстемесін төмендету, несие беру процесін автоматтандыру және АӨК субъектілерін minagro.kz бірыңғай электронды цифрлық платформасымен субсидия беру арқылы ауыстыруды қамтамасыз ету жоспарлануда.

Экспортты инфрақұрылымды тасымалдау қуатын арттыру, экспортты бағыттарда (мысалы, Ауғанстан) жүк тиейтін терминалдар салу, көтерме-тарату орталықтарын ілгерілету арқылы дамыта аламыз.

Техникалық реттеу жүйесін халықаралық талаптарға сай модернизациялау елдің ішкі нарығын техникалық талаптарға сай жасалмаған өнімдерден қорғауды жақсарта түседі. «Фермадан үстелге» принципі бойынша ауылшаруалышығы өнімдерінің бақылануы мен қауіпсіздігін қамтамасыздандыру жүйесі құрылады.

 

Қытай елімен омарташылық өнімдері мен кебек, МРС қатырылған ет жеткізудің ветеринарлық талаптары бойынша хаттамалар қабылданды. Біріккен Араб Әмірліктерімен сиыр етін, қой етін және тауық жұмыртқасын кіргізуге арналған ветеринарлық сертификаттар келісілді. Иран еліне мұздатылған қой еті мен тірі қойларды тасуға арналған ветеринарлық сертификаттарға қол қойылды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тиімсіз субсидиялардың орнына АӨК субъектілері үшін банк несиелерін төмендетуді тапсырған болатын. Ондағы басты мақсат – фермерлерді қаржыландыру ісін оңтайландыру. Инвестициялық субсидия беру, несие мен лизинг пайыздық үстемесін беру, сақтандырудың тиімді механизмдерін енгізу, кепілдендіру институттарын дамыту, қаржы институттарының қорын күшейту арқылы жеке инвестицияларды тарту жоспарлануда. Бұл ауылшаруашылығы саласын техникалық құралдармен толық қамтамасыз етуге, ауылшаруашылығы технологияларын қосуға, барлық агротехникалық шаралардыорындауға мүмкіндік береді.

Бүгінде 65 түрлі субсидия қарастырылды. Нәтижесінде 11 тиімсіз субсидия тізімнен шығарылып, 40 шақтысының критерийлері өзгертілді. Соның нәтижесінде жыл сайын 25 млрд. теңге үнемделетін болады. Критерийлерге енгізілген өзгерістер ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруді сол қаржы мөлшерінде 30 %-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі азық-түлік өнімдерін өндіруді дамыту үшін Агроөңдеу картасын жасады.

Егін және фермерлік шаруашылыққа тікелей енгізу мүмкіндігін беретін АӨК негізгі бағыттары бойынша жүргізілген үшжылдық ғылыми-техникалық бағдарлама аяқталды.

Осындай шаралардың нәтижесінде жалпы ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 2,9 %-ға көтеріліп, 4,1 трлн. теңгені құрады, ал өсімдік шаруашылығы өнімдерінің көлемі 2,2 %-ға көтеріліп, мал шаруашылығы өнімерінің көлемі 3,9 %-ға артты.

 

 

4. КӨЛІК-ЛОГИСТИКА

ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

Мақсаты: Қазақстанның транзиттік әлеуетін көтеру

1. Транзиттен келетін жылдық кірісті жоғарылату

2. Жүктерді онлайн бақылау үшін бөгетсіз транзит пен кеден

операцияларын оңтайландыруға арналған цифрлы технологиялардыкеңінен енгізуді қамтамасыз ету.

3. Көлік ағымдарын басқару және инфрақұрылымды одан әрідамытуға қажетті жүйені анықтауға арналған Интеллектуалды көлік жүйелерін енгізу.

4. Автокөлік жолдарын реконструкциялау және жөндеу ісін

қаржыландыру көлемін арттыру арқылы ішкі аймақтық мобильділікті жақсарту.

Бүгінде Қазақстан географиялық орнын пайдалана отырып, халықаралық дәстүрлі теңіз бағыттарына қарама-қарсы транзиттік құрлық коридорларын құра алды.  Бұл коридорлар арқылы Еуропа, ОңтүстікШығыс Азия, Қытай, Ресей, Түркия және Парсы шығанағындағы елдердің нарығына шығуға мүмкіндік аламыз. Қазірдің өзінде жүктер Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға бар-жоғы 15 күннің ішінде жеткізіледі. Ал бұрын Оңтүстік теңіз жолдарымен жүк жеткізу 45-60 күнді алатын еді.

«Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы аясында трансқазақстандық коридорларды құру көлік инфрақұрылымына инвестициялар тарту ісін белсендіруге мүмкіндік берді.

Жалпы алғанда 2017 жылы Қазақстан арқылы транзит жасау 17 %-ға өсті және 17 миллион тоннаны құрады. Елбасының                       2018 жылғы Жолдауында транзиттің жылсайынғы табысын 2020 жылға дейін 5 миллиардқа жеткізу міндеті қойылды.

Бұл ұзақ мерзімді тапсырманы орындау үшін транзиттік коридорлардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, олардан тұрақты табыс табу жүйесін жолға қою керек. Бұл үшін көлік инфрақұрылымын тиімді пайдалану және көлік ағымдарын басқарудың заманауи жүйесін енгізу қажет. Сонымен қатар, «блокчейн» заманауи технологиясын қолданып, жүктерге онлайн режимде мониторинг жасауға, кеден шараларын оңтайландыруға арналған «Үлкен деректерді» талдау керек.

Осыған байланысты Интеллектуалды көлік жүйесін (ИКЖ) жасау жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл әртүрлі көлік түрлері арасында логистикалық орталықтармен байланысу арқылы қатынас орнатуға, аралық мердігер мен шығынды азайтуға, қозғалыс жылдамдығын арттыруға, тасымал қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді. 

Транзит мерзімін азайту Қытайдан Қазақстан арқылы өтетін барлық бағыттар бойынша теміржол секторында жүк тасымалының көлемін арттыруға зор мүмкіндік береді. Негізгі ықпал электронды құжатайналымына ауысу арқылы білінеді.

Сонымен қатар, Қазақстан аймақтары арасында және халықаралық бағыттарда сапалы әрі қауіпсіз жол инфрақұрылымын қамтамасыз ету жүк тасымалдарының ауқымын арттыруға мүмкіндік беретін ИКЖ (Интеллектуалды көлік жүйесі) арқасында оңтайлы болады. ИКЖ бейнебақылау, жол қозғалысын басқаруды, жүргізушілерді ауа рауы болжамдарынхабарлау, көлік қызметінің электронды төлемдері туралы хабар беру функцияларын атқарады.

Анықтама: Бұл бағытта «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасында мынадай көрсеткіштер берілген: цифрлық технологиялық жолдармен қолданылатын республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі:               2018 – 0,85%, 2019 – 22,8%, 2020 – 40%, 2021 – 80%, 2022 – 100%.

Сондай-ақ, ішкі аймақтардың мобильділігін жақсарту үшін жергілікті автожол желілерін реконструкциялау және жөндеу жұмыстарын қаржыландыру көлемі ұлғаяды. Бұған бөлінетін жылсайынғы қаржы көлемі ортамерзімді шамада 150 миллиард теңгеге дейін жеткізілуі мүмкін.  Бұл іске еліміздің барлық аймақтары белсенді түрде қатысады.

 

5. ҚҰРЫЛЫСҚА ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ

СЕКТОРҒА ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ

Мақсаты: Қазақстан халқының өмір сүру сапасын арттыру.

1.   Құрылыстың жаңа әдістерін, заманауи материалдарды, қала

құрылысын жоспарлауда және ғимараттарды жобалаудың басқа да жолдарын пайдалану арқылы 2030 жылға дейін тұрғын үймен қамтамасыздандыру көрсеткішін 30 шаршы метрге дейін арттыру.

2.   Жайлылық деңгейін арттыру үшін инфрақұрылым нысандары

мен салынып жатқан және салынған үйлерді интеллектуалды басқару жүйесімен жабдықтау, электр қуаты, су және жылуды пайдалану мөлшерін азайту, осыған орай, тиімділікті арттырудың табиғи жолдарын қарастырып, сол бойынша жұмыс істеу;

3.   Мемлекеттік және жеке серіктестік негізінде тұрғын үй-

коммуналдық инфрақұрылымын жаңарту;

4.   Ауылда орналасқан пункттерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.Жыл сайынғы қаржыландыру – 100 миллиардтан кем емес.

2017 жылы«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасын жүзеге асыру ісі басталып кетті. 12 айлық жұмыстың нәтижесі бойынша жалпы көлемі 11,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл әдеттегі көрсеткіштен 6,2 % артық.

Жергілікті атқарушы органдар облигациялық қарыз және басқа да қаражатарқылы жеке тұрғын үйлерді бірыңғай архитектуралық стильде салуда. 6 облыс орталығында құрылысы 1975 жылы басталған 219,3 мың шаршы.метр көлеміндегі үйдің құрылымы басталды (Солтүстік Қазақстанда, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысында), биыл 362 үй пайдалануға берілетін болады.

2018 жылғы Жолдауды жүзеге асыру аясында заңнамаңа сәйкес өзгерістер енгізілетін болады. Соның ішінде табиғи монополия саласын реттеуге бағытталған өзгерістер болуы мүмкін. Сонымен қоса, Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындау үшін мынадай жұмыстар атқарылатын болады:

1. Заманауи технологияларды құрылыс және коммуналдық секторларда апробациядан өткізу және икемдеу.

2. «EXPO 2017» халықаралық көрмесінде көрсетілген инновациялық технологияларды практикада қолдану.

3. Құрылыс секторын цифрлау ісін дамыту.

4. Ғимараттар мен құрылыс орындарында энергия қуатын үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру.

Халыққа баспананы қолжетімді қылатын тұрғын үй жинағы жүйесі тиімді жұмыс істеп тұр.

Дәл қазіргі уақытта «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу үшін кезекте тұрған азаматтардың құжаттарының Республикалық бірыңғай электронды базасы» атты сервистік бағдарламалық  өнімді енгізу жұмыстары жүргізілуде.

         Электронды база мемлекеттің барлық территориясындағы кезекке тұрған азаматтар туралы ақпаратты  біріктіріп, қайталанып  кеткен азаматтарды тізімнен шығару арқылы кезекті  қысқартуға мүмкіндік береді. 2019 жылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанамен қамтамасыз етуге байланысты тұрғын үйді автоматты түрде үлестіру бағдарламасын пысықтау жоспарланып жатыр.

       2018 жылғы Жолдауды жүзеге асыру үшін өңірлердің әкімдеріне тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жетілдіру мәселесін мемлекет-жекеменшік серіктестік негізінде шешу ісі тапсырылды.

        Ауылдық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін жыл сайын кем дегенде 100 миллиард теңге қарастырылып,  өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар енгізілетін болады.  Қазіргі таңда ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау жүйесіне 70 млрд.теңге бөлініп жатыр.(РБ – 57 млрд. теңге, ЖБ – 13 млрд. теңге).  Ауызсудың барлығына бірдей қолжетімді болуы үшін облыс әкімдіктері республикалық бюджетпен қатар жергілікті бюджеттен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау құрылысына және қайта құруға қаржы бөлетін болады.

         Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы аясындағы  заңнамаларды реформалау және жетілдіру мақсатында  тиісті заң  жобасына байланысты тұжырымдамасы жасалды.

         Тұжырымдамада төмендегідей ережелер көрсетілген:

-  Кондоминиум нысанын күтіп ұстау  және ресімдеу, пәтер иелерінің жауапкершілігін күшейту;

 -  пәтер иелерінің және әрбір көппәтерлі тұрғын үй кондоминиум нысандарының бірлестігін 1 үй – 1 бірлестік – 1 есепшот қағидасы бойынша тіркеу;

- Кондоминиум нысанын басқару органдары қызметін қамтамасыз ету үшін «Е-Шаңырақ» бірыңғай ақпараттық жүйесін құру мүмкіндігі;

 - Басқарушы және сервистік компаниялардың пәтер иелерінің басқарушылық шешімдер бойынша міндеттері мен құқықтарын реттеу;

 - Көппәтерлі тұрғын үй қызметін қамтамасыз ету бойынша сервистік дамуы үшін шағын және орта бизнесті дамытуға жағдай жасау;

Жалпы заң жобасы кондоминиум нысандарын басқару және күтіп ұстау органдарының қызметін, оны рәсімдеу тәртібін реттеуге, күрделі ортақ мүліктің жөндеу жұмыстарына жинауға қаражат жинау және меншік иелерінің өздері де осы процестерге қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.

         Жергілікті атқарушы органдардың  қолдауымен Астана, Шымкент, Қызылорда және Степногорск қалаларында көппәтерлі тұрғын үйді басқару және күтіп ұстау үлгілерінпилоттық режимде апробациядан өткізу жұмыстары басталды.

 

6.ҚАРЖЫ СЕКТОРЫН «ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ»

Мақсаты:Қаржы секторын реттеу арқылы тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету.

1.   Банктік меншік иелерін экономикалық жауапкершілікке

жұмылдыру арқылы банктік портфельді «тиімсіз» несиелерден тазарту;

2.   Ұлттық банк тарапынан қаржылық институттардың қызметіне

қатысты уақытылы және пәрменді бақылаужүргізу;

3.   Банкротқа ұшыраған жеке тұлғалар туралы заң қабылдау;

4.   Жеке тұлғаларға беруге заңды түрде тыйым салынғанға, яғни

2016 жылдың 1 қаңтарына дейін  берілген халықтың ипотекалық қарыздары бойынша нақты шешім  қабылдау;

5.   Экономика саласында нақты табыстылықты ескеретін

мөлшерлеме бойынша ұзақ мерзімді бизнес ашуға несие беруді қамтамасыз ету;

6.   Қор нарығын дамыту мен инвестициялық климатты жақсарту.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының акцияларын  IPO-ға шығару;

Қаржы секторының тұрақтылығы экономикалық өсімнің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Банктер экономиканы кредиттеуі қажет. Осыған орай, Үкімет пен Ұлттық банк бірлесе отырып, банк секторын қалыпқа келтіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Бұл үшін барлық жағдай жасалған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

         2017 жылы валюталық реттеу мәселелері бойынша заң жобасы дайындалғанын атап өткен жөн. Либералдық валюталық режимді сақтағанда валюталық бақылауды,  соның ішінде елден ақша шығаруға қарсы қимылды күшейту жұмыстарын жүргізу керек.

Сонымен қатар,  Ұлттық банкбанк секторын қалыпқа келтіру шараларының кешенін жасады (Ұлттық банкке  жедел бақылау мен тәуекелді қадағалау құқығын беру; компанияның аудиторлық және бағалау жауапкершілігін күшейту, акционерлердің ашықтығын қамтамасыз ету және корпоративтік бақылауды жақсарту, т.б. жұмыстарды орындау құқығы  берілді.)  Бұл шаралар Парламент Мәжілісінде қаралып жатқан  ҚР «Сақтандыру мәселелері мен Сақтандыру қызметі туралы заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу»  заң жобасы аясында іске асырылатын болады.

Банктік меншік иелерін экономикалық жауапкершілікке жұмылдыру арқылы банктік портфельді «тиімсіз» несиелерден тазарту жұмыстарын тәмамдау.

         2017 жылы қаржы секторын «қайта қарау» аясында банк секторының орнықтылығын арттыру бағдарламасы жүзеге асырылды.Казкоммерцбанктың балансы БТА банкінің қарызынан толықтай құтылып, қосымша провизияқажетті деңгейде қалыптасты. Сонымен қатар, ұзақ мерзімді несиелерді барынша тиімді жағдайда беру арқылы бизнесті қамтамасыз ететін болады.

         Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша банк акционерлерінің экономикалық жауапкершілігі  көзделді. Осылайша банктің қаржылық жағдайы нашарлаған кезде ауқымды акционерлер  капиталдан айыру жоспарын ұсынады. Сонымен қоса, Ұлттық банк ауқымды акционерлер заңнаманы бұзғанда, қаржылық күйі нашарлаған кезде және банкке зиян келтірген кезде қажетті шаралар қолдана алады. Ол шаралар: акционерден капиталдағы өз үлесін азайтуын талап ету, банк операцияларын тоқтату, банкты капиталдан айыру.

         Акционерлердің жауапкершілігіне қатысты Ұлттық Банк құзыретінің ауқымыжедел бақылау режимінде және проблемалық банктерді реттеу бойынша күшейтіледі.Соның ішінде  несиелік портфельде несиелік тәуекел жоғары деңгейде болса, банктерге акционерлердің шығынға ұшырағанын мойындату үшін қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша провизиялар (резервтер) құрылады.Банктің қаржылық жағдайы төмендеген   кезде реттеуші банкті капиталдан айыру үшін акционерлердің барлық меншігіне бағалау құнын өткізуді талап етеді.

          Банк мәселелерін  реттеу режимі аясында акционерлер іс-шара жоспарлары негізінде проблемалық банктің қаржылық орнықтылығын арттыруға байланысты шара қабылдауы тиіс. Сонымен қатар акционерлер мен банк басшыларының мінсіз іскерлік беделін бағалау үшін Ұлттық Банктің келісімімен бақылау және тәуекелге бағдарланған қадағалау шаралары жүргізіледі. Бұл банк қызметін одан әрі жүзеге асыруда және банк құрған жағдайда акционерлердің жауапкершілігін күшейте түседі.

         Ұлттық банк қаржы институттарының қызметіне уақытылы және ықпалды қадағалау жүргізеді.

         Ұлттық Банктің құзіретін арттыру үшін банкпен байланысы бар тұлғалардың тізімін кеңейту және жеңілдетілген талаптар банктердің байланысты тараптары ұсынған банк заңнамасына толықтырулар енгізу ұсынылады.Сонымен қатар, тәуекелге бағдарланған қадағалау енгізілгеннен кейін дәлелді қадағалау пайымына қатысты Ұлттық Банктің реттеуші мандатын күшейтуге сәйкес банктердің меншікті капиталынан реттеуші шегерімі қолданылады. Мұндай мәмілелер анықталған жағдайда банкпен ерекше байланысы бар тұлғалардан, жеңілдік арқылы мәміленің шарттарын өзгерткен тұлғалардан, банкпен ұқсас мәмілеге отырған үшінші тұлғадан жеке тұлға мен заңды тұлғаны мойындауы талап етіледі. Бұл банктердің өз акционерлерін және олармен байланысты тұлғаларды несиелендіруді шектеп, активтерді шығару қатерін төмендетеді.

         Сонымен қатар, қазіргі қылмыстық заңнама  қаржылық ұйымдастыруды мәжбүрлеп тарату мен төлем қабілетсіздігіне әкелген акционерлер мен менеджменттің  әрекетіне (әрекетсіздігі) байланысты әрекет етеді.

Банктердің қызметіне тәуекелге бағдарланған қадағалаудың енгізілуіне байланысты акционерлер мен менеджменттің қаржылық жағдайды төмендемеуіне және банктердің тәуекелдің үдемеуінежауап беруі тиіс, сонымен қатар, банктердің төлеуге мүмкіндігі болуына жауап береді. Соның ішінде, іс-әрекеттері салдарынан банкті төлеуге шамасы келмейтін деңгейге дейін жеткізген, банкке ірі залал келтірген тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін назарға алу жоспарланып жатыр.

 

Жеке тұлғалардың банкротқа ұшырауы туралы заңнама

Көптеген азаматтардың экономиканың құлдырауы, жұмысынан немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылуы, өзінің кредиттік және тұтыну қабілетінің азаюы салдарынан  қаржылық жағдайы нашарлап кетеді. Нәтижесінде, азаматтардыңшартта көрсетілген төлемдерді былай қойғанда, өзінің күнделікті қажеттіліктерін (мысалы, коммуналдық қызмет төлемдері) және міндеттерін (мысалы, алимент немесе салық) орындауға шамасыз болып қалады. Міндетін орындамағаны үшін өсім түрінде төленетін санкциялар, тұрақсыздық пен айыппұл өсімдері жыл өткен сайын мәселені қиындатып, шамадан тыс қарыз болуға алып келеді.

Кейде банктер қарыз алушыларға жеңілдіктер жасайды: толығымен немесе жартылай айыппұл мен төлемақы өсімін алып тастайды. Банктер проблемалық қарыз алушылардың әрқайсысымен жеке дара жұмыс істейді.Алайда қарастырылатын шаралар әлеуметтік мәселеге байланысты шиеленісті толығымен шеше алмайды. Бұл жағдайды түзеу үшін жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қайта қалпына келтіру жүйесін енгізу қажет.

Бұл үшін Үкімет 2018 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының Жоспары бойынша Парламентке «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мәселелері» заң жобасын ұсынатын болады. Сонымен бірге, аталған заң азаматтың қаржылық жағдайына объективті баға беру және жауапсыз азаматтардың теріс пайдалануының алдын алу мақсаты декларациялау арқылы жүзеге асырылатын болады. (2020 жыл)

Нәтижесінде, жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру институтын құру азаматтардың борыш жүгін жеңілдетіп, елімізде әлеуметтік күйзелісті жояды, банктер мен басқа да қаржы ұйымдарының баланстарын тазартуға көмектеседі.

2016 жылдың 1 қаңтарында жеке тұлғаларға қарыз беруге заңды түрде тыйым салынғанға дейін берілген халықтың ипотекалық қаржылық қарыздары бойынша туындаған мәселелерді шешу

Бүгінде мемлекет басшысының тапсырмасымен ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда.Аталған бағдарлама аясында 23 мыңнан астам азаматтың бір ғана баспанасын қалдырып, борыштық жүктеме  жеңілдетіліп, банк алдындағы міндеттерді орындауға тиімді жағдай жасалды.Жалпы қайта қаржыландырылатын борышкерлердің саны шамамен 40 мыңды қамтиды. Ал валюталық борышкерлердің, сонымен қатар, халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтарына жататын борышкерлердің мәселелері шешілмей тұр.

Валюталық қарыз алушылардың және халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына байланысты мәселелер өз шешімін таппай отыр.

         2016 жылы болашақ валюталық қатерлерді болдырмауға мүмкіндік берген валюталық  қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне байланысты бірқатар түзетулер енгізілді. Сонымен бірге, қазіргі валюталық қарыз алушылардың борыштық жүктемесі валюта курсының өзгеруіне байланысты әсер ету қаупі сақталады. Валюталық қарыз алушылардың несие қызметін орындау кезінде борыштық жүктемесі 2,5 есеге өскен.

      Қазақстанда қазіргі кезде валюталық қарыздың  60% проблемалық, қалған 40% әлеуетті проблемалық қарыздар болып  ұрғанын көрсетті, себебі қарыз алушылар борышының мөлшері олардың төлемдік қабілетіне қарамастан валюталық бағамдар өзгерістерінің едәуір ықпалына ұшырап отырады.

         Бүгінгі таңда жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген қарыздары бойынша берешегі 1 527,5 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде теңге бойынша – 1 323,5 млрд. теңге (86,6%), шетел валюталық қарызы бойынша  204 млрд. теңге (13,4%) құрайды.

Берешектің жалпы көлемінде мерзімі өткен берешек 224,5 млрд. теңге болды, оның 54,2% немесе 121,8 млрд. теңге шетел валютасындағы қарыздардың үлесіне келеді.

         Соңғы 10 жыл ішінде тұрғын үй доллар эквивалентінде өз бағасының 55% жоғалтып отыр.Осыған орай, кепілдік мүлікті орындау мүмкіндігі валюталық қарыз алушылардың міндеттерін толық көлемде жаба алмайды.

         Бұдан басқа, банктердің мәліметтеріне  сәйкес Бағдарлама бойынша қайта қаржыландырылған борышкерлер қарызының  шамамен 10% – мерзімі өткізілген қарыздар,олардың негізгі бөлігі төлем қабілеттілігінің төмен болуына байланысты халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтарына жататын қарыз алушылардың үлесіне келеді.

         Валюталық қарыздарды конвертациялау мәселесі шешілген жағдайда, нарықтық курста қарыздары конверсияланған қарыз алушылардың мәселелері шешіліп, проблемалық қарыздардың деңгейі төмендеп, қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті жеңілдетіледі.

Қор нарығын дамыту мен инвестициялық климатты жақсарту. "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының акцияларын  IPO-ға шығару

Қаржылық секторды «қайта жүктеу» соның ішінде қор нарығын активтендіру аясында оның инвесторлар мен эмитент үшін өтімділігін және жағымдылығын көтеруге байланысты белсенді шаралары қолға алынды. Жұмыстың үлкен ауқымы ортақ базаны құру негізінде бағалы қағаздарды тіркеу операцияларын қамтамасыз ететін қор нарығының инфрақұрылымын оңтайландыруға бағытталған.

         Қызметтің келесі бағыты брокерлердің өз клиенттеріне жаңа технологиялық шешімдері, динамикалық идентификация әдістері, қашықтан қызмет көрсету жүйесі арқылы электронды қызметті ұсыну болып табылады. Бұл өз кезегінде аймақтық және шетел инвесторларының нарыққа шығуын жеңілдетеді.

         Өз клиенттерін қаржылық құралдармен қамтамасыз ету үшін шетел нарығына тікелей шығуға мүмкіндігі бар брокерлердің қызметін реттеу жолдары ырықтандырылуда.Сонымен қатар,  эмитенттер үшін қор нарығына шығу рәсімдері жеңілдетіліп, бағалы қағаздарды шығаруға байланысты талаптары  мен инвесторлар алдында ақпаратты ашып көрсету оңтайланды.

         Бұнымен қоса, қазақстандық компанияларда  бизнес жүргізудің ережелерін жеңілдету мақсатында бірлескен бақылау жүйесіне қатысты шаралар ұйымдастырылды.

         Қор нарығының алдағы дамуына қатысты шаралар аясында  «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы мен Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясының алаңында ұсынылған  бизнес-қауымдастықтың мүдделерін ескеретін қор нарығын активтендіруге байланысты бірқатар түзетулер блогы енгізілді. Аталған түзетулер блогы Ұлттық банктің дайындаған заңжобаларының аясында жүзеге асырылмақ. 

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Ұлттық Банкінің қор нарығын дамыту жөніндегі 2018-2022 жылдарға  арналған бірлескен іс- қимыл жоспарын қабылдау жоспарланып отыр. Онда Бағалы қағаздар нарығын қайта қалпына келтіру және қайта шығару шаралары нақтыланған.

         Жоспар қор нарығының жұмыс  істеу тәсілі мен заңнама базасын өзгерту, мемлекеттің экономикаға араласуын азайту, қор нарығындағы реттеу тәсілдерін ырықтандыру, экономикадағы бәсекелі нарықтық баға белгілеуді қалыптастыру, зейнетақы активтерді басқаратын институт құру шараларын қарастырады.

Сонымен қатар, қор нарығының соның ішінде  ұлттық компаниялардың акцияларын  сыртқа шығаруға байланысты одан әрі дамыту жұмыстары жалғасады.

Қазіргі уақытта IPO өткізу немесе стратегиялық инвесторларға сату тұрғысынан ең жағымды компаниялардың тізімі анықталды («Қазақтелеком» АҚ, «Қазатомпром» ҰАК» АҚ, «Эйр Астана»АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК).

         IPO-ны  «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында өткізу мәселесі қарастырылып жатыр.

Дегенмен отандық қор нарығын дамыту мақсатында бөлшек сауда  инвесторларының үлкен қызығушылығын тудыратын «Ұлттық IPO» бағдарламасын,  «Қазақстан Қор биржасы» АҚ-да «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» ұлттық компаниясының ұлттық пакетін (IPO, SPO) ашық түрде жариялау жұмыстарын жалғастыруымыз қажет. Бұл нарықтан IPO қорытындысы бойынша шығатын инвесторларға нарықтық құбылыстар мен сенімділігін қолдауға мүмкіндік береді.

 

                    7. АДАМИ КАПИТАЛ – ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ

Мақсаты: Адами капиталдың жаңа сапасына қол жеткізу

Білім берудің  жаңа сапасы.

     Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының  басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамытуы  тиіс.  Білім беру саласынаөзінің инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде қарайтын кезкелді.

1.   2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру

ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет.

2.   Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу

басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады.

3.   Білім берудің барлық деңгейінде математика және

жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек. Бұл – жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты.

4.   Біздегі оқушылардың жүктемесін Экономикалық ынтымақтастық

және даму ұйымы елдерінің оқу стандартына сәйкестендіріп, төмендету қажет.

5.   Қазақ тілін терминология тұрғысынан халықаралық деңгейге

жақындатып, 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет.

6.   Оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық тұрғыдан қолдау

көрсету арқылы үйлесімді түрде толықтырылуға тиіс.

7.   Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты

Интернетке қосу және мектептерді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажет.

8.   Қолданбалы ғылыми-зерттеулерді ағылшын тіліне біртіндеп

көшіруді жүзеге асыру талап етіледі.

9.   Жас ғалымдарымызға ғылыми гранттар аясында квота бөліп,

оларды қолдаудың жүйелі саясатын жүргізуіміз керек.

10.         Жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын

жасауға көбірек құқық беріп, олардың академиялық еркіндігін заңнамалық тұрғыдан бекіту керек.

     Оқытушылардың қайта даярлықтан өтуіне күш салып, жоғары оқу орындарындағы педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет.

     Білім беру сапасын көтеру мен  бәсекелестікті арттыру  үшін жан

басына шаққандағы қаржыландыру енгізілетін болады.

Барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында      компьютерлерді, лабораторияларды және 3Д-принтерлерді қоса есептегенде, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісі құрылатын болады.

Орта мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындарындағы үздік оқытушылардың видеосабақтары мен видеодәрістері интернеткежарияланатын болады. Бұл барлық қазақстандықтарға, оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарының озық білім мен біліктілікке қол жеткізуіне жол ашады.

Жастарға кәсіптік мамандық беретін «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы жалғасын табады.

Металлургия, мұнай-газ химиясы, агроөнеркәсіп кешені, био және IT-технологиялар салаларын зерттеу ісіне басымдық беретін жоғары оқу орны ғылымын дамыту қолға алынады.

Жоғары оқу орындары шетелдердің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен, ірі кәсіпорындарымен және трансұлттық корпорацияларымен бірлескен жобаларды белсенді түрде жүзеге асырады.

Жеке сектормен өзара тиімді іс-қимыл жасау қолданбалы зерттеулер мен жобаларға сұранысты қамтамасыз етеді.

Жоғары оқу орындарына шетелдік менеджерлер көптеп тартылып, әлемдік университеттердің кампустары ашылады, сол арқылы білім ландшафты  кеңейіп,әлемдік білім беру үдерісіне кірігу, бәсекелестік пен білім беру сапасын арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасалады.

Мұғалімдердің мәртебесін арттыру үшін жалақылары біліктілігінің расталуына қарай, жалпы алғанда 30 пайыздан 50 пайызға дейін өседі,  сонымен қатар, 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтық арттырылып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесі енгізіледі.

Жалпыға бірдей  халықаралық терминдерді сәйкестендіру мақсатында қазақ тіліне аударылған терминдер мен түсініктер қайта қаралады. Кірме терминдердің қағидаттары қайта жасалып, жетілдірілетін болады, терминдерді қабылдаудың нұсқаулығы әзірленеді. Сондай-ақ, сала мамандары мен терминолог ғалымдардан тұратын секциялар құрылады. Қазақстан Республикасы жанындағы республикалық терминологиялық комиссия бекіткен халықаралық терминдер әлемдік терминжасам тәжірибесіне қарай ыңғайлы жағынан сұрыпталып, талданады. Халықаралық терминдер заң терминдері қолданысына сәйкес біріздендіріледі. Халықаралық терминдер бұдан әрі қазақ тілінің фономорфологиялық ерекшелігіне сәйкес  бейімделіп қолданылатын болады.

 

Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт. Халықтың денсаулығын нығайту мен медициналық қызмет сапасын арттыру.

 

1.           Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық

денсаулықты басқару ісін күшейту.

2.           Халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау және

нығайту.

3.           Созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап,

осы саланы амбулаторлық емдеу арқылы басқаруға көшу. Халықаралық озық тәжірибе негізінде аурумен күресу бағдарламасын  енгізу.

4.           Онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді

жоспар қабылдап,  Астана қаласында ғылыми онкологиялық орталық құру.

5.           Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетудің жаңа

моделін әзірлеу.

6.           Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық

қосымшаларды қолдануға көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру.

7.           Медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және оларды

сапалы даярлау

8.            Университет клиникаларын  құру.

9.           «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі

туралы» кодекстің жаңа редакциясын әзірлеу.

      Халықтың өмір сүру ұзақтығы мен медициналық технологияларды дамытуда медициналық қызметтерді тұтыну көлемі өсетін болады. Заманауи денсаулық сақтау жүйесі қымбат стационарлық емделуге емес, аурудың алдын алуға бағытталуы тиіс.

     Мемлекет басшысы 2018 жылғы Жолдауында саламатты өмір салтын насихаттау арқылы қоғамдық денсаулық сақтауды нығайту міндетін қойды.Әлемдік озық тәжірибені ескере отырып, Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығы құрылады.

        Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау мен  нығайтуға ерекше назар аударылатын болады.Тиімділігі аз әрі шығыны көп диспансерлік ем қолданудың орнына алыстан диагностика жасалып, амбулаторлық емдеу жүргізілетін болады. Еліміздің барлық аймақтарында халықаралық тәжірибеге негізделген денсаулықты басқару бағдарламалары енгізілетін болады.

        Халықаралық озық тәжірибе негізінде  ауруды ерте диагностикалау  мен  қатерлі ісікті емдеу үшін Астана қаласында ғылыми онкологиялық орталық құрылатын болады.

Денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс    берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінекезең-кезеңімен көшетін болады.

2018 жылғы Жолдауды іске асыру аясында мемлекеттік міндеттемелердің нақты шекараларын анықтаумен кепілдендірілген тегін медициналық көмектің жаңа моделі жүзеге асырылады. Халық мемлекет тарапынан кепілдік берілмеген қызметтерді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде немесе ерікті медициналық сақтандыру, сондай-ақ, әлеуметтік төлем жасау  арқылы ала алады.

Халыққа медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін жаңа медициналық технологиялар ауруларды диагностикалау мен емдеуге ғана емес, медициналық ұйымдарды ақпараттандыру мен бағдарламалық қамтамасыздандыруға да енгізілетін болады.

 

 

 

Электрондық денсаулық паспорттарын жедел түрде пилоттық жобада пайдалануға бергеннен соң азаматтардың денсаулық жағдайы туралы ақпаратқа онлайн жүйеде қолжетімділігін қамтамасыз ету, түрлі мобилді технологиялар арқылы денсаулық қызметін көрсетумүмкіндігі қарастырылған. Барлық медициналық мекемелер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қағаз қолданбайтын жұмыс форматының жүйесіне көшетін болады. Ағымдағы жылдың соңына дейін барлық медициналық мекемелер 100% ақпараттық жүйемен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар медицинаға инновациялық технологияларды енгізу шаралары қолданылмақ (генетикалық талдау мен жасанды интеллект технологияларын енгізу).

Кадрлардың біліктілік деңгейін арттыруда барлық медициналық жоғары оқу орындарында Медицина мектебі бар Назарбаев Университеті үлгісіндегі біріктірілген университеттер клиникалары жұмыс істейтін болады.

Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа кодексінің заңнамалық базасы жетілдіріліп, редакциясы әзірленеді.

Денсаулық сақтау саласында бүгінге дейін көптеген ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі қалыптастырылды. Барлық отбасыға көмек көрсету қағидаты негізге алынған медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) жүйесінің құрылымы қайта қаралды. Ол өз кезегінде 2019 жылға дейін (1500 адамға дейін) ЭӘДҰ елдерінің жалпы практика деңгейіне сәйкестік тұрғысындағы бір дәрігерге түсетін жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.

Әлсіз топтағы балаларға (0-6 жас) арналған педиатриялық үлесті қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдануда.

Барлық өңірлерде ауруларды басқару бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Ұлттық дәрі-дәрмек саясатын жүзеге асыру жалғасуда.Парламент Мәжілісінің қарауына 2019 жылдан бастап барлық дәрі-дәрмектердің бағасын реттеуге байланысты заң жобасы енгізілді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылды. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс берушінің аударымдары мен жарна төлеуі басталды.

Бүгінгі күні денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту, көп салалы денсаулық сақтау мекемелерін интеграциялау және сенімді басқару мен жекешелендірудің бірыңғай басым бағыттарының ұзақ мерзімді жоспары әзірленіп, мақұлданды.

Медициналық білімді жаңғырту аясында шетелдердің жетекші университеттерімен стратегиялық серіктестік орнатылып, базалық медицина мамандығын дайындайтын жаңа стандарттар әзірленіп бекітілді.

Сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесі.

1. Негізгі мамандықтар бойынша білім, білік дағдылары мен құзыреттілігін бекітуге арналған стандарттар әзірлеу.

1. Еңбекпен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту, өзін өзі жұмыспен қамту және жұмыссыз азаматтарды кеңінен еңбекке тарту көзделген бағдарламаның жаңа тетігін жүзеге асыру және мониторинг жүргізу.

2.   Бірыңғай электрондық еңбек биржасын енгізу.

3.   Еңбек кітапшаларын электрондық форматқа көшіру.

 

Әлеуметтік саясат азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тарту арқылы жүзеге асырылатын болады.

 

1. Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің параметрлерін жақсарту.

2. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін бір күнкөріс деңгейінен кем емес мөлшердегі мемлекеттік жәрдемақы енгізіледі.

Еңбек нарығының тиімділігін арттыруда бірінші кезекте қазіргі заманғы негізгі кәсіптердің стандарты әзірленіп, қызметкерлердің білімі, дағдылары мен біліктілігі қандай дәрежеде болу керектігі анықталады.

Кәсіби стандарттар талаптарына сәйкес тиісті білім беру бағдарламалары әзірленеді және қолданыстағы бағдарламалар жаңғыртылады.

2018-2019 жылдары жаңа заманғы кәсіби стандарттар бекітілетін болады.

Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыз азаматтар санын қысқартып, оларды жұмыспен қамту және микрокредитпен қамтамасыз ету индикатордың негізгі көрсеткіші болып табылады. 2018 жылы күтілетін нәтижелер:

       жұмысқа орналастыру көмегімен жұмыспен қамтылған және жұмыссыз 570 мыңнан астам адамды, яғни 40% адамды жұмыспен қамтуға бағытталған шараларды іске асыру;

-     400 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастыру;

-              88 мың адамның біліктілік деңгейін арттыру, қайта даярлау, кәсіптік оқыту курстарына жіберу;

-              11 мың микрокредит пен гранттар беру.

Ел экономикасына бейресми жұмыспен қамтылған халықты ресімдеу және жұмысқа тартуда Жол картасы әзірленіп, жүзеге асырылуда.

Осындай Жол картасы барлық өңірлерде қабылдануымен қатар мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыс орындарын құруға болатын аумақтарды дамытудың инфрақұрылымдық жобалары әзірленіп, жұмыспен қамту Картасына енгізілді.

2018 жылғы желтоқсан айының соңына дейін бейресми жұмыс істейтін халықтың қызметін ресми ресімдеуді, еңбек кітапшаларын және еңбек шарттарын электронды форматқа көшіруді қамтамасыз ететін бейресми қызметкерлердің қызметін заңдастыру туралы заң жобасы әзірленетін болады. Осы жұмыстың нәтижесінде еңбек нарығында өздігінен жұмыс істейтін 1,2 миллион азаматтың мәртебесі ресімделмек.

Бірыңғай электронды еңбек биржасын енгізу (2018 жылдың 1 сәуіріне дейін) мақсатында тиісті заң жобасы қабылданады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік және жұмыспен қамту орталықтарының ақпаратын, азаматтар мен жұмыс берушілер өздігінен ұсынған резюмелер мен бос жұмыс орындарының басын біріктіретін Бірыңғай электрондық алаң – Электронды еңбек биржасын (ЭЕБ) іске қосты.

Еңбек кітапшаларын электронды форматқа көшіру тиісті заң нормалары негізінде жүзеге асырылады. Оны әзірлеу 2018 жылғы желтоқсан айының соңына жоспарланып отыр.

Әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша еңбек өтілі мен өтемақы мөлшерін тағайындауда (еңбек өтілінің, еңбек ету қабiлетiнен айрылу коэффициенттерi мен әлеуметтiктөлемдердiңмөлшерiн есептеу) сақтандыру қағидаттары мен әлеуметтік әділдікті, халықаралық стандарттар мен тәжірибелердегі төлем жүргізудің ұтымды тетіктері ескеріле отырып жүзеге асырылады.Осы бағытты іске асыруда халықты жұмыспен қамту МӘС жүйесінің ауқымын кеңейту және МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдарды уақтылы және толық төлеуін қамтамасыз ету шаралары ұйымдастырылады.

Бұл міндеттер халықаралық тәжірибені ескере отырып және әлеуметтік сақтандыру жүйесінің тұрақтылығын есептеу негізінде жүзеге асырылатын болады.

Тиісті заң жобалары жылдың соңына дейін әзірленеді.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі және 1998 жылдан кейін зейнеткерлік жүйеге енген азаматтардың еңбек өтілі ескеріле келе, зейнетақы тағайындаудың жаңа тетігі енгізіледі.

Елбасы атап өткендей, Қазақстандағы қайта құруларды есепке ала отырып, зейнетақы жүйесі толығымен еңбек өтіліне байланысты болады.

Бұл өзгеріс 2 миллион зейнеткердің ағымдағы базалық зейнетақы көлемінің 1,8 есе өсуін қамтамасыз етеді.

Анықтама: 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы көлемі 10 жылға дейін жұмыс өтіліндегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 % немесе 15274 теңгені құрайды.

Жыл сайын 10 жылдан асқан жұмыс өтілі – әр жылға 2% (бірақ 33 жылға жинақталудан 100 % артық емес) болады.

Яғни 33 жыл және одан артық еңбек өтілі үшін базалық зейнетақы көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 100 % құрайды.

Еңбек өтілі 20 жыл болған жағдайда базалық зейнетақы көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74 % немесе 20 930 теңге көлемінде болады (есеп: 10 жылға 54 %, 10 жылдан артық еңбек өтіліне 24 %).

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны тағайындауда атқарылған еңбек өтілімен бірге мүгедек баланы күтуге кеткен уақыт та есептелетін болады.

 

8.ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

Мақсаты: транспараттық және әлеуметтік бағыттағы жүйелерді қалыптастыру.

1.           Мемлекеттік әкімшіліктегі халық пен кәсіпкерлер үшін алынатын шығынды азайту.

2.           Бизнесті одан әрі қайта реттеуге бағытталған заңдар қабылдау.

3.           «Бір терезе» қағидаты бойынша бизнес ашуға көрсетілетін мемлекеттік қолдау процесін цифрлау.

4.           Табиғи монополиялар субъектілерінің қызмет сапасын арттыру. Инвестициялық бағдарламалар арқылы тарифтердің дәлелдігін қамтамасыз ету.

5.           Аймақтық деңгейде бизнес-климатты арттыру.

6.           Бизнесті қолдау, оны жетілдіру бойынша жүргізілетін жүйелі шаралардың жаңа топтамасын даярлау.

7.           Жекешелендіру жоспарын жүзеге асыру, мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынышты ұйымдарды қысқарту.

8.           Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақыны факторлық-балдық шкала негізінде төлеу жүйесін енгізу. Осы жүйені енгізу үшін жергілікті және орталық мемлекеттік органдарда пилоттық жобаларды жүзеге асыру.

9.           Аймақтардың экономикалық жауапкершілігі мен дербестігін арттыру. Аймақтар шығынын теңестірумен кірістерін арттыру ісін т ынталандыру.

10.       Заңнамалық тұрғыда 2 мыңнан астам адам тұратын аудандық мәндегі қалаларда, ауыл және ауылдық округтерінде жергілікті басқару орындарының дербес қаржысы мен коммуналдық меншігін енгізу.

11.       Визалық процестерді оңтайландыру, инфрақұрылымды дамыту және туризм салаларындағы кедергілерді жоя отырып, ішкі және сыртқы туризмді дамытуға арналған шаралар өткізу.

12.       Аймақтық қаржыға шағын және орта бизнестен корпоративтік табыс салығын беру.

13.       Мемлекеттік органдардың азаматтардың ұсыныстары мен пікірлерін есепке алуға арналған цифрлық технологияны қолдануы. Ақпараттық жүйелер мен құрылғыларды қорғау.

 

Барлық деңгейдегі мемлекеттік әкімшіліктер транспаренттілік пен мемлекеттік қызметті қолданушыларға қолайлылығын арттыру үшін барлық жерде цифрлық технологияларды енгізу арқылы дамытылатын болады.

Осылайша мемлекеттік қолдау арқылы бизнес ашу процестері «бір терезе» қағидаты бойынша орындалатын болады. Мемлекеттік әкімшілік орындарындағы халық пен кәсіпкерлер шығынын азайтуға бағытталған жұмыстар ұсынылады. Бұл мақсаттар үшін бизнесті қайта реттеуге арналған жеделдетілген заңдар қабылдау жоспарланып отыр. Кешенді мемлекеттік қызметтер «бір өтініш» қағидаты бойынша жүзеге асатын болады. Бұл анықтамалар алу үшін әртүрлі орындарға бару қажеттілігін жеңілдетеді. Бұл әдіс әсіресе аймақтық деңгейлерде бизнес-климатты жақсартуға мүмкіндік береді.

Жекешелендіру нысандарының тізімі мемлекеттік органдардың ведомостволық бағынышты ұйымдарының санын азайту арқылы кеңейтілетін болады. Бәсекеге қабілетті ортаға 7000 ведомостволық бағынышты ұйым табысталады. Ведомостволық бағынышты ұйымдар консолидациясы әкімшілік шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Артылған қаражат мемлекеттік қызметкерлерге факторлы-баллдық шкала негізінде еңбекақы төлеу жүйесін енгізуге бағытталуы тиіс. Жаңа бағалау әдісі өңірлер мен орталықтардағы мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысындағы теңсіздікті азайтады, сондай-ақ жұмыс істеу сипаты мен тиімділігі де ескерілетін болады. Бұл жүйе 2018 жылы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда пилотты түрдегі эоба форматында енгізіледі.

Азаматтар мен мемлекеттік органдар өкілдері өзара белсенді түрде әрекет етуі үшін 2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік стратегиясына мемлекеттік органдардың заманауи технологияларды қолдануы бөлігінде нақты уақыт жүйесінде азаматтардың  ескертпелері мен ұсыныстары беріліп отырады.

Сонымен бірге осы Стратегия шеңберінде өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық басқарудың ақпараттық жүйелерін, қондырғылары және оларға қолжетімділігі, оның ішінде мемлекеттің «электрондық шекаралары» және Қазақстан Республикасы ақпараттық-коммуникациялық маңызды нысандарын қорғаудың тетіктерін қамтамасыз ету көзделеді.

2018 жылғы Жолдау міндеттерін жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік қызметтің толықтай тиімділігін, олардың өңірлердің экономикалық тәуелсіздігі мен жауапкершілігін арттырудағы әлеуетін толығымен ашу жұмыстары жүргізілетін болады.

Тұтастай алғанда өңірлік саясаттың жалпы бағыты өңірлердің өз кірістерінің өсуін ынталандыруға бағытталған. Қаржы көздерінің басты саласы бүгіндері әлем бойынша әрбір оныншы жұмыс орнын жасап отырған көшпелі және ішкі туризм болмақшы.

Сонымен бірге Үкімет тарапынан жеңіл визалық процедураларды алып тастау, инфрақұрылымдарды дамыту және туризм саласындағы тосқауылдарды жою көзделетін қосымша шараларды қабылдайтын болады,

Фискалдық әртараптандару шеңберінде өңірлік бюджеттерге шағын және орта бизнес салығынан түсетін корпоративтік табысты беру көзделіп отыр. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2 мыңнан астам тұрғыны бар аудандық мақсаттағы қалалар, ауылдар мен селоларға заң негізінде жергілікті басқарудың өзіндік бюджеті пен коммуналдық меншігін енгізу ескерілген. 2020 жылдан бастап бұл нормалар басқа да аудандық мақсаттағы қалаларға, селолық, поселкелік және ауылдық округтерге таралатын болады.

Аудандық мақсаттағы қалаларға, ауылдар мен селолық округтерге салықтық және басқа да салықтық емес түсімдердің 7 түрі, сондай-ақ шығындардың 19 бағыты берілді. Бұл тұрғындарды жергілікті мақсаттағы мәселелерді шешуге тартуға мүмкіндік береді.

Табиғи монополия субъектілерінің қызмет сапасын арттыру, оның ішінде инвестициялық бағдарламалар есебінен негізсіз тарифтерді белгілеу жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады. Монополист өзінің қызмет көрсету түрлері үшін жауапкершілікті өзіне алатын болады. Табиғи монополия субъектілер жұмысына интелектуалдық жүйелерді енгізу қажет.

Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру Қазақстан Республикасы Президентінің бес институционалдық реформалары және Ұлт Жоспары: 100 нақты қадам бағыттарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Қазіргі кезде ең маңызды функцияларды орындауға жұмылдырылған тиімді мемлекеттік қызметті және басқару құрылымын жасау, сондай-ақ жинақы және кәсіби Үкімет қалыптастыру Үкіметтің басты міндеті болып табылады.

Меритократия қағидаттарын енгізу, мемлекеттік қызмет жүйесінің ашықтығы мен транспаренттілігі; мемлекеттік қызметкерлерді технология және мемлекеттік басқаруға негізделген жүйелі оқыту нәтижесіне бағытталған оқыту жүйесін жүзеге асыру арқылы дамыту; мемлекеттік органдардағы ішкі процестерді цифрлеу және реинжинирингтеу; мемлекеттік қызметкерлер еңбектерінің нәтижелілігі мен азаматтар мүддесіне бет бұруын арттыру; мемлекеттік қызмет көрсетудегі төмен сапалы қызметтің орын алуының басты себептеріне саралау жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсетудегі мемлекеттік органдар тарапынан азаматтар шағымдарын қанағаттандыру тетіктерін енгізу; мемлекеттік қызметкерлер еңбегін арттыру жұмыстары жалғасы береді.

Аталған бастамаларды жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң 2015 жылдың 23 қарашасында қабылданып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан өз күшіне енді.

 

9. ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖӘНЕ ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІ

Мақсаты: Қазақстандықтардың конституциялық құқығын бекіту кепілдігін нығайту.

1.   Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу формасы мен әдістерін жетілдіру.

2.   Азаматтардың конституциялық құқығын бекіте түсу, заң

үстемдігін қамтамасыз ету, құқық сақтау қызметін ізгілендіру.

3.   Қоғамдық тәртіпті пен қауіпсіздікті сақтау үшін

бейнебақылаудың интеллектуалды жүйесін енгізу.

Коррупциялық құқық бұзушылықтың алдын алудың формасы мен әдісін жетілдіру, коррупцияға қарсы маңызды шараларды күшейту жолдары қайта жасалатын болады.

Азаматтық қоғам институтымен біріге отырып тұрғындардың жемқорлық заң бұзушылыққа төзбеу туралы қоғамдық санасына ықпал ету бағытындағы жұмыстар да заңды жалғасын таба бермек.

Құқықтық және әкімшілік-іскерлік процестерді біртіндеп цифрлеу органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етпек, сонымен қатар азаматтар құқығын қорғауда жаңа мүмкіндіктер жасамақ.

Заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды бір мезгілде қарастыруға болады:

- азаматтардың қылмыстық іс қозғау деңгейін арттыруға;

- құқық қорғау қызметінің ашықтығын күшейтуге;

- қылмыстық процестің шамадан тыс жазалауға жақындығын төмендету және ізгілендіруге;

- қылмыстық айыптау саласындағы құқықтық стандарттарды енгізу және нығайтуға;

- бас бостандығынан айыруға ұқсас балама шараларды, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру аясын кеңейтуге;

- қылмыстық үдерістегі медиация саласын қолдануды кеңейтуге;

- қылмыстық жазалауды орындау жүйесін ізгілендіруге.

 

 

 

10.      «АҚЫЛДЫ ҚАЛАЛАР» «АҚЫЛДЫ ҰЛТ» ҮШІН

 

Мақсаты: өмір сүру сапасын арттыру үшін жаңа қалалық орта қалыптастыру.

1. Қолданыста бар тәжірибе негізінде «Смарт Сити» эталондық

стандартын қалыптастыру.

2. Қазақстан қалалары арасында үздік тәжірибелерді тарату және тәжірибе алмасу.

«Smartcity» аясында жобалар әлемдік қауымдастықтағы үздік тәжірибелер және Қазақстанда қолға алынған жобаларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. 

Озық технологияларды пайдалану қалалық жүйелердің нақты қажеттіліктері мен жүктемелерін бейімдеуге, тұтыну ресурстарының шығынын азайтуға, қызметтер сапасын арттыруға, жаңа экономикалық өсуге мүмкіндік береді.

Ақылды технологияларды енгізу – біздің күнделікті өміріміздің барлық саласына оң ықпал етеді: мобильділікті арттырады, көлік секторындағы уақыттық шығындарды азайтады, диагностиканы жақсарту барысында шығындарды төмендетеді, мекемелер жүктемесін азайтады, медициналық көмекке қолжетімділікті арттырады, қызмет сапасын бақылайды, денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық денсаулық сақтау деңгейін көтереді, оқу процесін бақылауды қамтамасыз етеді, бағдарламаларды дербестендіреді, білім саласындағы қолжетімділікті арттырады, шығындарды азайтады, ашықтық артады, қауіпсіздік пен транзакцияларды жеңілдетеді, төлем жасаудың жаңа жүйесі қалыптасады, қаржылық секторда бюджетті басқару көрсеткіштерін жақсартады, өндіріс процестерін оңтайландырады, өндіріс пен құрылыс шығындарын бақылайды.

Бүгінде цифрлы технологияларды енгізуде Қазақстанның көптеген өңірлерінде, соның ішінде Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында цифрлау және автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде.

«SmartAstana» аясында бейне бақылау және фото-бейнежазба, «Ақылды Астана» мобильді қосымшасы, қалалық қызметтер жайлы толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін Opendata – ашық деректер порталы іске қосылды.

«SmartAlmaty» бағдарламасы аясында бейнефекциялау жүйесі, ашық әкімдіктер, «OpenAlmaty» жаңа форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесі, ашық кеңістік қағидаты бойынша құқықтық қызметтер орталығы ашылды.

«SmartAktobe» жобасы негізінде сандық әкімшілік, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, халықтық бақылау, «Ақтөбе Смарт-Сити» мобильді қосымшасының жобалары жасалуда.

«SmartOntystuk» шеңберінде бірінші сыныпқа және бала бақшаларға балаларды электронды режимде қабылдау, пәтер кезегінде тұрған тұрғындарға пәтер бөлу жүзеге асырылуда.

«SmartKaraganda» бағдарламасы аясында облыстық медицина ұйымдарын 100% электрондық құжат айналымына қосу, билеттерді электронды түрде беру жүйесінің жобалары жүзеге асырылуда.