ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

 

 

 

 

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы маңызды 25 сұраққа жауап

 

 


 

МАЗМҰНЫ

1.   Әлемдік ахуал. Жаһандық өзгерістер қандай?...............................................3

2.   Төртінші өнеркәсіптік революция дегеніміз  не? Қазақстан үшін қандай мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлер бар?. 4

3.   Елбасы Жолдауының мәні неде?. 5

4.   Қазақстан Төртінші өнеркәсіптік революцияға қандай базада бейімделеді? .............................................................................................................................6

5.   Қазақстан индустриалды саясатта қандай міндеттерді орындайды?. 7

6.   Экономиканы цифрландыруда қандай басымдықтар күтіп тұр?. 9

7.   Ресурстық әлеуетті дамыту саясатына жаңа көзқарас. 10

8.   АӨК-ні дамытуға қандай мүмкіндіктерді қолдану қажет?. 11

9.   Көлік-логистикалық артықшылықтарды күшейту үшін еліміз қандай цифрлық мүмкіндіктерді қолдануы қажет?. 12

10. Сапалы талдау жүргізу үшін неліктен "Үлкен деректерді" пайдалануымыз қажет?  13

11. Құрылыс және коммуналдық секторлардағы жаңа мүмкіндіктер. 13

12. Тұрғын үй саясатын жақсарту үшін не істеу қажет?. 15

13. Қаржы секторын қайта жаңғырту не үшін қажет және оның мәні неде?. 16

14. Адами капитал сапасына жаңа көзқарас не үшін қажет?. 17

15. Білім жүйесіне жаңа көзқарас. 18

16. Қазақ тілін жаңғырту деген не?. 19

17. Ғылымды қалай дамытамыз?. 20

18. Денсаулық және денсаулық сақтау саласына жаңа көзқарас. 21

19. Еңбек нарығын дамыту және сапалы жұмыспен қамту ету үшін не істейміз?  22

20. Әлеуметтік қамтамасыз етудің әділ жүйесі нені білдіреді?. 23.

21. Мемлекет қандай жаңа әлеуметтік міндеттерді орындайды?. 25

22. Тиімді мемлекеттік басқаруда қандай жұмыстар жүргізіледі?. 26

23. Өңірлерде қандай резервтер бар?. 27

24.Алдағы уақытта заңның үстемдігін қамтамасыз ету үшін қандай жұмыстар жүргізіледі?  28

25. Тұрғындардың жайлылығы үшін қалалар қалай дамиды?. 29

 

 

 

 

1.  ӘЛЕМДІК АХУАЛ. ЖАҺАНДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР  ҚАНДАЙ?

Қазіргі уақытта әлемдік экономика жаңа трансформациялау кезеңін бастан кешіруде. Бұл әлемнің төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне аяқ басуынабайланысты жүріп жатыр. Ол дәстүрлі технологиялардың шекарасын кесіп,  қалыптасқан  технологиялық және өндірістік байланысты  жаңғыртады.

Жаңа өнеркәсіптік революция цифрлық, өндіріс пен биология салалары арасындағы технологиялар байланысының бірігуімен және жойылуымен сипатталады. Өмір сүрудің әртүрлі салаларын цифрландыру «ақылды» қалалардың пайда болуын, экономикада делдалдықтың жойылуын, цифрлық тұғырнама мен классикалық банкингтер және т.б. арасында бәсекелестік артуын көрсетеді.

Еліміздің бұдан әрі дамуы жаңа үш  жаһандық трендтің ықпалымен жүргізілетін болады. Олар  әрбір адамнан мүлдем өзгеше ойлауды,  жылдам үйрену қабілеті мен өзгеру қасиеттерін талап  етеді.

Біріншіден, бұл технологиялар дамуының серпілісі. Жаңа өмір салтын қалыптастыратын және адамдарды сапаға дайындайтын магистралдық технологиялық трендтер – роботтықтехника, қаржылық технология,  биотехнология, жасанды интеллект, генетика, ұшқышсыз басқарылатын  әуе жүйелері, микро және наноинженерия.

Осындайқарқындағытехнологиялық өзгерістерге ілесуі үшінұлт дайын болуы керек. Адам өркениетінің технологиялық негіздеріне  ауысуы адамдардан жоғары біліктілікті қажет етеді. Адамдардың инновациялық бағыттарыжалпыға бірдей болуы қажет.

Екіншіден, ХХI ғасыр технологиялары әлемдік экономикада мемлекеттер бәсекелестігі табиғатын өзгертеді. Егер  бұрын елдердің артықшылығы ретінде табиғи байлығы, жаһандық нарыққа арзан жұмыс күшімен тікелей шығу мүмкіндігі қарастырылатын болса, қазір бірінші орынға  интеллектуалдық әлеуеті мен инновациялары, өнімді жұмыс күші, яғни мамандардың кәсіби дайындығы, ұтқырлығы алға шығады.

Үшіншіден, адами капиталға үміт арту – бұл ХХI ғасырда дамудың жаңа  парадигмасы. Алдыңғы қатарлы елдер  «бәсекелестікке қабілетті ел –  бәсекеге қабілетті адамдар» қағидасы  бойынша стратегиялық шараларды әзірлеуге кірісті. Бірінші кезекте, білім саласына жіберілетін  инвестициялар артуда.

Еңбек нарығы түбегейлі өзгеру үстінде. Қолданыстағы кәсіби мамандықтардың 9%-дан 50%-ға дейін жойылып кету қаупі бар. Жоғары білікті қызметкерлерге деген сұраныс шұғыл артуда.«Таланттар экономикасы» феномені айқын көрініс табуда:  талант капиталдан қымбат бола бастады, өйткені оның өзі капиталды шығарады.

2018 жыл Қазақстан үшін ерекше болады. Дамыған 30 елдің қатарына қосылу – бұл шиеленіскен бәсекелестік жолы. Осы жыл
«Қазақстан – 2050» стратегиясын жылжыту барысында тарихи  жол айрығы болмақшы.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Төртінші өнеркәсіптік революция міндеттерін шешуге кіріседі. Жаңа сапалы адами капитал үшін жағдайлар туғызу керек. Олай болмағанда кезде жаңа жағдайға бейімделе алмаған аутсайдер елдердің тізіміне ілініп қалуымыз мүмкін.

 

2.  ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ҚАНДАЙ МҮМКІНДІКТЕР МЕН ҚАУІП –ҚАТЕРЛЕР БАР?

Қазір технологиялар бұрынғыдан жылдам өзгеруде. Еңбек ресурстары мен білім саласында салааралық және еларалық байланыстарды бөлуге  жаңа серпіліс тудыруда.

Төртінші өнеркәсіптік революция адамзат үшін теңдессіз өзгерістер ауқымын алып келе жатыр. Оның қозғаушы күші – өндіріске жаппай киберфизикалық жүйелерді енгізу (индустрия 4.0), адами қажеттіліктерді қамту. Оның ішінде -  адамдардың тұрмысы, жұмысы және демалысы.

Анықтама: Бірінші өнеркәсіптік революция XVIII ғасырдың екінші жартысында басталды.  Адамзат ол кезде су мен бу көмегі арқылы қол еңбегінен машиналық еңбекке көшу мүмкіндігіне ие болды. Өнеркәсіптік революция  ғылым мен техникаға  әсер етпей қоймады, сондай-ақ қоғам құрылымына, адамдардың шоғырлануына, жаңа мамандықтардың пайда болуына ықпал етті.

Екінші революция электр қуатының игерілуімен байланысты жаппай конвейерлік өндірістің өркендеуімен сипатталады. Еңбек өнімділігі жедел  артты, кәсіпорындарды басқару амалы өзгерді.

Үшінші өнеркәсіптік  революция өткен ғасырдың екінші бөлігінде цифрлық компьютерлердің шығуымен және одан кейінгі ақпараттық технологиялардың, автоматтандырылған өндірістер эволюциясымен басталды.

Осы жаңа процестер адам өмірін жақсартуға, көптеген маңызды мәселелерді шешуге қабілетті. Өзгерістер өмірдің әртүрлі жақтарын – еңбек нарығы, өмірлік орта, саяси жүйелер, технологиялық құрылыс, адамшылық бірігейлік пен т.б. қамтиды.

Өнеркәсіптік революция ақпаратты өңдеу, сақтау және білім саласында  қолжетімділік мүмкіндіктерінің көкжиегін жасанды интеллект, роботтандыру, Интернет заттар, ауқымды мәліметтер мен сараптама, үш өлшемді баспа, нанотехнологиялар, биотехнологиялар, энергия қуатын жинақтау және сақтау салалары  бойынша  ашып, технологияларды алға жылжытады.

Біз дәстүрлі компаниялардың жұмысында қалыптасқан дизруптивтік жаңа бизнес-моделдердің құрылуының куәгері болдық.  Сондай-ақ өндіріс жүйесінің, тұтыну, тасымалдау және жеткізудің түбегейлі жаңғыруларын көріп отырмыз. Осылардың негізінде ауқымды мәліметтер қорына қолжетімді экономика салалары дұрыс шешім қабылдаудың сапасын жақсарта алады. Экономика неғұрлым ашық, болжамды, ал оның дамуы жылдам және жүйелі болады.

Осындай трансформациялар мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік сала деңгейінде жүріп жатыр. Жоғары интеллектуалды және шығармашылық жұмыстар жүргізу мүмкіндігі көбейеді. Сонымен бірге қажеттілігі артып, бағаланатын болады.

Төртінші өнеркәсіптік революция әлемдік экономиканың дамуына  ауқымды мүмкіндіктер ашып қана қоймай,  сонымен бірге өзінің кері әсерін де тигізеді. Жаңа технологиялар мен өндірістердің дамуы қалыптасқан экономикалық құрылымдардың жұмысын тоқтатады. Компаниялар тұтынушылардың өзгеріп жатқан тұтыну талаптарына қарай ілесуі керек, бірақ оның да өзіндік қарама-қайшылықтары болады. Мәселен, экономика өсетін болса, ал жаңа интеллектуалдық жүйелер еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмысын алмастырады. Ал бұл дегеніңіз жұмыссыздық өсуіне әкеліп соқтырады. 

Жаңа ақиқаттарға негізделген экономикада инновациялық технологияларды жасайтын  жоғары білікті мамандарға сұраныс көбейіп, ал төмен білікті жұмысшыларға сұраныс азая бастайды. Уақыт өткен сайын мұндай құбылыстар күшейе түседі. Елдердің шаруашылық салаларына ықпал етіп қана қоймай, сондай-ақ жаппай өңірлерге де ауысады.

Біз әлемде дамып келе жатқан қайшылықтардың куәгері болуымыз мүмкін. Бұл қоғамда теңсіздік тудырып, өзгерістерді  қабылдайтындар және оларға қарсы шығатындар етіп, адамдарды екіге бөледі. Осыған байланысты Төртінші өнеркәсіптік революция сын-қатер ретінде қабылданады және де оған адамзат  жауап беруі қажет.

Қарқынды дамудағы әлемнің көлеңкесінде қалып қоймау үшін, мемлекеттерге зор күш салу керек. Жаһандық жаңалықтардан ажырамауы қажет. Білім мен  инновациялар экономикасына көшуге бағыт алып,  кең көлемді технологиялық жаңғыртулар мен қайта қаруландыруларды жүзеге асыру қажет. Олай болмағанда  фундаментализмге қайта оралып, жаңа әлемдік экономикада жаһандық мәселелер туындауы мүмкін.

 

3.  ЕЛБАСЫ  ЖОЛДАУЫНЫҢ МӘНІ НЕДЕ?

 

Мемлекет басшысы  Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында  жаңа  әлем  Төртінші өнеркәсіптік революцияға бейімделу мен қозғалудың  басты даму бағыты болып табылады.

2018 жылғы Елбасы Жолдауы жаһандық экономикадағы тенденциялармен тығыз байланысты. Бұл Жолдауда технологияларды дамыту, оның ішінде цифрлық және адам капиталын дамыту сияқты маңызды факторлар атап өтілген. Аталған салалар бойынша әлемнің жетекші елдері арасында негізгі бәсекелістік жандануда.

Жаңа жолдау Елбасы тарапынан 2017 жылы жарияланған Қазақстанның үшінші жаңғыруы тұжырымдамасының бағытын дамытады.

Мақсаттар өзгеріссіз қалады.  Дамыған 30 елдің қатарына «Қазақстан – 2050» стратегиялық даму бағдарламасын нәтижелі жүзеге асыру арқылы ғана ене аламыз. Ол үшін қазіргі күрделі жағдайда әлемнің жаңа технологиялық құрылысқа өтудегі процесімен бірге дамуымыз қажет.

100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда.  

Президенттің тапсырмасымен Үкімет тарапынан 2025 жылға дейінгі мемлекет дамуының кешенді стратегиялық жоспарының бағдарламалық құжаттары дайындалды.

Жаңа Жолдау атқарушы билік алдына жаңа міндеттер қояды. Қойылған міндеттердің  2018 жылы  нәтижелі жүзеге асырылуына, еліміздің жаңа мүмкіндіктер мен сын-қатерлерге сәтті бейімделуіне Төртінші өнеркәсіптік революция мүмкіндік береді.

1.Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс;

2. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту;

3. "Ақылды технологиялар" – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі;

4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру;

5. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу;

 6. Қаржы секторын «қайта жаңғырту»;

7. Адами капитал – жаңғыру негізі;

8. Тиімді мемлекеттік басқару;

9. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі;

10. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.

Қазақстан мемлекет басшысы айқындап берген басым бағыттарды жүзеге асыруда нәтижелерге қол жеткізе алса, әлемдегі экономикасы дамыған 30 елдің қатарынан орын алуда ілгерілеп қана қоймай, одан әрі де қарыштап өркендей бермек.

 

4. ҚАЗАҚСТАН ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯҒА ҚАНДАЙ БАЗАДА БЕЙІМДЕЛЕДІ?

 

Цифрлық трансформация мемлекет басшысы тарапынан Қазақстанды жаңғыртудың басты бағыты ретінде айқындалған.

Бүгінде Қазақстанның ересек тұрғындарының 77%-ы базалық цифрлы сауаттылыққа ие, әрі интернетті қолдануына мүмкіндігі бар. Бұл көрсеткіш әрі қарай да өсе бермек. Тұтас елімізді интернет жүйесімен қамтамасыз етудегі қарымды жұмыстар цифрлы экономиканың көптеген секторларының дамуына,  нәтижелі болуына жағдай жасайды.

Елімізде Назарбаев Университеті, Инновациялық технология паркі негізінде цифрландыру саласындағы инновациялық инфрақұрылымды дамытуға  жағдай жасалған. Мемлекет осынау маңызды бағытты Астана-Хаб, Кремний алқабындағы қазақстандық өкіл сипатындағы жаңа цифрлық даму институттарын құра отырып, болашақтың мамандығын стипендиялы жүйеде енгізуді толықтыруда. Прагматикалық мақсат – 2021 жылға қарай цифрлық секторда 200 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын ашу.

2017 жылдың соңында цифрлық дәуірдің Қазақстан экономикасына әкелер жаһандық сұраныстары мен мүмкіндіктері есепке алынған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама 9 базалық саланы жедел цифрландыру стратегиясының басым бағыттарды және  инновациялық даму институттарын құру сипатындағы ең маңызды екі бағытты айқындады. Басты екпін 1) энергетика және шикізат, 2) АӨК, 3) өндіріс, 4) логистика, 5) ақпараттық технологиялар секторы салаларына қойылды.Сол арқылы еліміз мемлекет басшысы алға қойған ең маңызды екі мәселені орындауда. Біріншіден, еліміздегі көшбасшы салаларды технологиялық жаңғыртуға қосымша серпін беретін күштерді қамтамасыз етеді. Екіншіден, еңбек өнімділігін ауқымды түрде арттыруға қажетті жағдай туғызады.

Мықты цифрлық мемлекет – цифрлышешімдер әлеміне толықтай интеграцияланған күшті бизнестен басталады. Мемлекет еліміздің бизнесінде цифрлы технологияларды барлық басым секторларда кеңінен қолдануға ұмтылып отыр. Кәсіпкерлергеарналған цифрлы технология енгізудің ұтымды жүйесін құру жұмыстары жүргізілуде.

Кәсіпорындарды цифрлық трансформациялап, шығындарды барынша азайту қолға алынып, цифрлық жобаларға инвестиция тарту үшін тиімді жағдай жасаудың нормативті базасы жүзеге асырылып, реттелуде.

Бүгінде елімізде келесі ірі жобалар жүзеге асырылуда: цифрлы кен орыны, цифрлыкеніш, электронды сауданы дамыту, интеллектуалды транспортты жүйе және цифрланған тау-кен өндірісі, электр энергетикалық кешен. 4.0. индустрия технологиясы қолданысындағы цифрлы фабрикалар моделін құрудың пилоттық жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда. Осы мақсатта 2018 жылы жеті моделді фабрикалар бойынша цифрландыру жоспары әзірленбек. Одан кейін оларды құру қолға алынады. 2019-2021 жылдары  өндірісте цифрлық технологияны іске асыратын ірі және орта компаниялар бойынша кейбір кешенді шаралар  қабылданады.

 

5.  ҚАЗАҚСТАН ИНДУСТРИАЛДЫ САЯСАТТА ҚАНДАЙ МІНДЕТТЕРДІ ОРЫНДАЙДЫ?

 

Индустриалды саясат – барлық экономикалық саясаттың негізі. Өйткені ол еліміздің даму бағдарын айқындайды. Өндірістік кәсіпорындар  жұмыс орындарына, банк және тұтас қаржы қызметіне, логистика және көлікке, инновация және ғылымға, сауда және экспортқа деген сұраныстарды құрайды. Ол әрі бюджеттік кірістің басты доноры болып табылады.

Елбасы 2018 жылғы Жолдауында индустриаландыруды жаңа технологиялар енгізудің жетекші флагманына айналдыру туралы басты міндеттер қойған болатын. Индустриалды саясатты дамыту – технологиялық прогресс жағдайында үнемі мемлекеттің күн тәртібінде тұратын басты мәселе. Бейімделгіштік, жаңа технологияларды жедел енгізу, жоғары өнімділік және қазіргі заманғы бизнес-моделдерді басқару отандық кәсіпорындар мен өндірістердің бәсекелестік күресте есесін жібермеуіне мүмкіндік береді.

Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін 2018 жылы келесі кешенді іс-шараларды қабылдау жоспарланып отыр.

Бірінші кезекте өнімді экспорттау және технологияны трансферттеуге арналған отандық кәсіпорындарды жаңғырту мен цифрландыруға бағытталған жаңа тетіктер жүзеге асырылады. Биыл пилоттық форматта бірқатар өндірістік объектілерді цифрландыру жоспарланған. Ол қазіргі технологиялар мүмкіндігін жүзеге асырудың алаңына айналмақ. Мұның бәрі отандық техникалық мамандардың біліктілігін арттыруға, сол арқылы нақты жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибелік кедергілерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жерде басты екпін қазақстандық өнім дайындауға және ноу-хауға деген сұранысқа түспек.

Назарбаев Университеті, ХАҚО, IT-стартаптардың халықаралық технопаркінде цифрлық және басқа да инновациялық шешімдерді әзірлеушілердің өз экожүйесін дамыту мақсатында Жол картасы әзірленеді. Экожүйенің қалыпты жұмыс істеуі үшін биыл заң тиісті жобасын дайындау қарастырылған. Ол жеке нарықта венчурлық қаржыландыру, нақты сектордағы жаңа технологияға деген сұранысты қалыптастырады.

Мемлекет басшысы цифрлық экономика өз кезегінде жұмыс күшінен арылтудың ауқымды қауіп-қатерін ала келетінін атап өтті. Мұндай өзекті мәселе мемлекеттің жіті бақылауына алынған. Еліміздің әрбір аумағында еңбек нарығының мониторингі жүргізіліп, сараланып отырады. Еңбек ресурсының ағынын басқарып отыратын, әрі еңбекке орналастыруға, босаған жұмыс орындарына қайта бейімдеп оқытуға арналған Жол картасы жасалып, жүзеге асырылатын болады. Аталған жұмыс «RG», «Қазақмыс», «АрселорМиттал Теміртау», «Қазцинк» сынды жұмысшылар саны 160 мыңды құрайтын ірі кәсіпорындарда сынақтан өткізілді.

2018 жылдың соңына дейін «цифрлық дәуір» өндірісін қалыптастыруға бағытталған Индустриаландырудың үшінші бесжылдығы концепциясы жасалады. Құжатта басты екпін инновация, технология трансферті және өңдеу өндірісіне жасалады. Келесі жылы 2020-2024 жж. арналған индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы дайындалады.

Мемлекет индустриаландырумен жүйелі түрде айналысуда. Сондықтан да 4.0 индустрияны жүзеге асыру үшін елімізде барлық қажетті база бар. Жүргізіліп отырған индустриалды саясаттың ұтымды нәтижелері мұнай бағасы бірден құлдыраған дағдарысқа толы 2014-2015 жылдары негізгі тұрақтандырушы факторлардың бірі болды. Ол өндірудің басқа секторларында байқалған төмендеу фонындағы өзге өндіріс кәсіпорындарындағы тұрақты өсумен беки түседі.

 

6. ЭКОНОМИКАНЫ ЦИФРЛАНДЫРУДА ҚАНДАЙ БАСЫМДЫҚТАР КҮТІП ТҰР?

 

Жаһандық деңгейде АТ-ныңжедел дамуы өз ережелерін алға тарта отырып, көңілге қонымды және уақтылы жауап қайтаруды талап етеді. Қазақстандағы ұлттық экономика, денсаулық сақтау сондай-ақ қоғам және бизнеспен мемлекеттің өзара байланысы сынды басты салаларын қайта құруда атқарылып отырған саясат дер кезінде қолға алынуда.

Қазақстан экономикасын цифрландыру деңгейі дамуымызда сапалы серпіліс жасауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде ол елімізге әлемдік деңгейдің алдыңғы қатарына шығуға жол ашады. Ол үшін экономика салаларын цифрландыру; цифрлы мемлекетке көшу; цифрлы Жібек жолын жүзеге асыру; адам капиталын дамыту; инновациялық экожүйені құру сынды бес бағыт бойынша кешенді шаралар мен жүйелі жұмыстарды қабылдау қарастырылады.

Жаңа цифрлы революция бүгінгі өндіріс тәсілін, қосымша құнды қою және жасау тізбегін өзгертеді. Барлық физикалық активтер арқылы цифрлау және де оларды интеграциялау жаппай өндірістен жаппай жекешелендіруге өтуге негіз болады, өндіріс тиімділігі артып, жаңа өндірісті игеру мерзімі қысқарады. Ол жаңа бизнес-моделдерді, клиенттермен жұмысты жеке жүргізу тиімділігін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұның бәрі белгілі деңгейде тиімділікті, өндіріс кәсіпорындарының бәсекелестігін арттырады.

Цифрлық технологияларды енгізу дәстүрлі базалық салаларда өндірісті арттыруға, олардың бәсекеге қабілетін күшейтуге серпін береді.

Цифрландыру нәтижесінде АӨК және сыртқы нарыққа отандық экспорт шығару деңгейі  артады. Сондай-ақ өнімділікті арттыру үшін негізгі салаларды технологиялық қайта құру бойынша бірқатар шаралар көзделген.

Бүгінгі күнде жылдам цифрлау үшін өнеркәсіптің 9 түрі анықталған:

-              тау-кенді игеру  өнеркәсібі;

-              мұнай-газ саласы;

-              өндіруші және өңдеуші секторлар;

-              электроэнергетика;

-              көлік және логистиканы цифрландыру;

-              ауыл шаруашылығын цифрландыру;

-              электронды сауданың дамуы;

-              қаржылық технологияның және ақшасыз төлемнің дамуы;

-              АКТ саласының дамуы.

7.  РЕСУРСТЫҚ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ САЯСАТЫНА ЖАҢА КӨЗҚАРАС

Бүгінде әлем болашақта жаһандық және қазақстандық экономиканың дамуында ерекше орын алатын табиғи ресурстарға мұқтаж. Мемлекет басшысы 2018 жылғы Жолдауда шикізат салаларын ұйымдастыруды, табиғи ресурстарды басқару тәсілдерін қайта қарауды тапсырды.

Негізгі мақсат - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. «Қазақстан Республикасының қоршаған ортасын және табиғи ресурстарына мониторинг жасаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінде» «Үлкен деректерді» өңдейтін және талдайтын озық технологияларды пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласында біріктіріледі. Бұл экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды ұдайы пайдалану және ұтымды пайдалану, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы үшін дұрыс басқару шешімдерін жасауға мүмкіндік береді. Жүйе «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасына 2019-2021 жж. кезеңіне енгізілген.

2017 жылғы 27 желтоқсанда геологиялық барлау мен жер қойнауын пайдалануды дамытуға бағытталған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа Кодексіне қол қойылды. Негізі бүкіл әлем бойынша, әсіресе, Перуде, Канадада, Чилиде, Эквадорда, Нигерияда, Мозамбикте таралған австралиялық тәжірибелер негізге алынған. Осы елдердің барлығы жер қойнауын пайдалану бойынша инвестициялар тартуда ең жоғарғы рейтингтерге ие болған.

Кодекс инвестициялық преференцияларды құрайтын қатты пайдалы қазбаларды өңдеу туралы келісімдер жасауды көздейді. Бұл сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын алуды жеңілдетеді және салықтық жүктемені оңтайландырады.

Өнеркәсіптің энергия қоры мен тиімділігін арттыру үшін, энергияны өндірушілердің жұмысын таза әрі тиімді ету мақсатында нормативтік құжаттарға өзгерістер мен қосымшалар енгізу жоспарланып отыр.

Шағын және орта бизнесті кеңінен тарту арқылы қатты қалдықтарды жаңғырту және қайта өңдеу бойынша шаралар қабылданатын болады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің жаңа нұсқасының жобасы дайындалды.

Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесі баламалы, "таза" энергия саласындағы дамудың қаншалықты қарқынды екенін көрсетті. Бүгінде әлем бойынша өндірілетін электр энергиясының төрттен бірі жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Болжам бойынша, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 80 процентке жетеді.

2030 жылға қарай Қазақстандағы баламалы энергия үлесін
30 процентке жеткізу міндетін қойылды.   Қазір жалпы қуаттылығы 336 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 55 нысаны жұмыс істейді. Соларда 2017 жылы 1,1 миллиард киловатт-сағат "жасыл" энергия өндірілді. Мемлекет "Жасыл" технологиялар бизнесін ынталандыру мақсатында инвестиция салуды жалғастырады. 

8.  АӨК-НІ ДАМЫТУҒА ҚАНДАЙ МҮМКІНДІКТЕРДІ ҚОЛДАНУ ҚАЖЕТ?

Қазақстанның аграрлық секторы алдыңғы қатарлы технологияларды және ғылыми жетістіктерді енгізу арқылы өндіріс көлемін одан әрі арттыру үшін үлкен мүмкіндіктерге ие бола алады. Елдің азық-түлік және экономикалық қауіпсіздігі, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің еңбек және есеп айырысу әлеуеті да соған байланысты.

Мемлекет басшысы 2018 жылғы Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттарын айқындап, қосымша мүмкіндіктер ашты.Қолданыстағы мемлекеттік бағдарлама қажет болған жағдайда түзетіледі. Олар аграрлық ғылым мен аграрлық университеттердің дамуына әсер етеді. Бұл бүкіл әлемге танылатын "Қазақстанда жасалған" табиғи азық-түлік брендін қалыптастырып, ілгерілетуге мүмкіндік береді.5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын, тиісінше, кем дегенде 2,5 есеге арттыру міндеті қойылды.

 Аграрлық ғылымды дамыту, ең алдымен, жаңа технологиялар трансфертіне және олардың отандық жағдайларға бейімделуіне, сондай-ақ тікелей мемлекеттік қаржыландырудан көшу арқылы бизнес қауымдастықтардың ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындарын өтеуге бағытталады. Бұдан басқа оқыту бағдарламаларын жаңарту, агроөнеркәсіптік кешендегі ең озық білім мен тәжірибелерді таратуды қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Мемлекет ауыл шаруашылық кооперативінің жұмыс істеуін толығымен қолдайтын болады. Аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, пилоттық кооперативтер құрылады. Үздік тәжірибе барлық жерде таратылатын болады.   

Президент Н.Ә.Назарбаев агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне банктік несиелердің құнын төмендету үшін тиімсіз субсидияларды қайта қалпына келтіру міндетін қойды. Негізгі мақсат - фермерлерге қаржы бөлу. Инвестициялық субсидияларды кеңейту, несиелер мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, тиімді сақтандыру тетіктерін енгізу, қаржы институттарын қаржыландыру және кепілдік институттарын дамыту арқылы жеке инвестицияларды тарту жоспарлануда. Бұл ауқымды техникалық қайта жарақтандыру, нақты ауыл шаруашылығының технологиясын енгізу, барлық агротехникалық рәсімдерге сәйкестендіру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстанның аграрлық саясаты жерді тиімсіз пайдаланушыларға  шара қолданып, мақсатты игергендерді ынталандыруға бағытталған.

 

 

9.       КӨЛІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРДЫ КҮШЕЙТУ ҮШІН ЕЛІМІЗ ҚАНДАЙ ЦИФРЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРДІ ҚОЛДАНУЫ ҚАЖЕТ?

Бүгінгі таңда Қазақстан өзінің географиялық орналасуына қарай дәстүрлі халықаралық теңіз бағыттарына қарағанда, құрлықтық транзиттік дәліздерін жасай алды. Шығыс бойынан батысқа және солтүстіктен оңтүстікке дейінгі дәліздер арқылы Еуропаның, ОңтүстікШығыс Азияның, Қытайдың, Ресейдің, Түркияның және Парсы шығанағы елдерінің нарықтарына қол жеткізілді. Тіпті бүгіннен бастап Қытайдан Қазақстан арқылы жүктер 15 күнде Еуропаға жеткізіледі, ал Оңтүстік теңіз жолы бойынша жеткізу 45-60 күнді құрайды.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында трансқазақстандық дәліздерді құру үшін көлік инфрақұрылымы белсенді түрде инвестицияланды.

Қазіргі уақытта транзиттік дәліздердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және олардан тұрақты экономикалық пайда алу міндеті тұр. Осы мақсатта «блокчейн» технологияларын қолдану және «ірі деректерді» талдау жүк мониторингін онлайн режимінде жүргізу арқылы заманауи көлік инфрақұрылымын тиімді басқару және «кедендік рәсімдерді жеңілдетуді» енгізу қажет.

Осыған байланысты әртүрлі көліктер, логистикалық орталықтар арасындағы тиімді қатынасты қамтамасыз ететін, делдал буындар мен шығындарды қысқартатын, тасымалдаудың қауіпсіздігін арттыратын Интеллектуалдық транспорттық жүйені (ИТЖ) жүзеге асыру жұмыстары жасалады. 

ИТЖ-ні іске асыру аясында арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын, климаттық жағдайды талдау және болжау жүйесін, жол қозғалысын басқару жүйесін және жол активтерін басқару жүйесін біртіндеп енгізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, аймақ ішіндегі ұтқырлықты жақсарту үшін жергілікті автожол желісін жөндеу мен қайта құруды қаржыландыру ұлғайтылатын болады. Бұл үшін жыл сайын бөлінген бюджет қаражатының жалпы көлемі орташа мерзімді перспективада 150 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылу жоспарлануда. Бұл мәселеге елдің барлық өңірлері белсенді қатысады.

10.  САПАЛЫ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ҮШІН НЕЛІКТЕН «ҮЛКЕН ДЕРЕКТЕРДІ» ПАЙДАЛАНУЫМЫЗ ҚАЖЕТ?

Деректер көлемінің тұрақты өсуі қазіргі заманғы шындықтардың ажырамас бөлігі болып табылады. «Үлкен деректер» деректер ауқымын басқаруды, сондай-ақ оларды сапалы талдауды білдіреді. Бұл - классикалық жолдармен өңдеу мүмкін емес ақпарат.

«Үлкен деректер» бүгінгі экономиканың жағдайын толығымен өзгерту мүмкіндігіне ие: әр салада қолдану және өндірістегі маңызды фактор, деректерді пайдалану өнімділіктің және кірістің жаңа толқыны дамуының негізінде жатады, бәсекелестіктің негізгі көрсеткіштеріне айналады, өсу резервтерін анықтайды және артық шығындарды азайтады.

Үлкен деректерді талдау нәтижелеріне негізделген басқарушылық шешімдер жұмыс сапасын, үдерістердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

11.  ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫ СЕКТОРЛАРДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Құрылыс секторында

Бүгінгі күні іске асырылып жатқан бағдарламалардың арқасында Қазақстанда тұрғын үй құрылысының көлемі жылына 10 млн шаршы метрден асты. Тұрғын үй жинақ жүйесі тиімді болып, тұрғындарға тұрғын үйді қолжетімді ете алады.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы Жолдауында 2030 жылы әрбір тұрғынды тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін 30 шаршы метрге жеткізу тапсырылды.

Бұл тапсырманы орындау барысында ғимараттардың сапасын, қоршаған ортаны қорғауға және энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа құрылыс әдістері, қазіргі заманғы материалдар, ғимараттарды жобалауға және қалалық құрылысты жоспарлауға түбегейлі әртүрлі тәсілдер қолданылатын болады.

Бұл тапсырманы орындау барысында ғимараттардың сапасын, қоршаған ортаны қорғауға және энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа құрылыс әдістері, қазіргі заманғы материалдар, құрылыстарды жобалауға және қалалық жоспарлауға түбегейлі әртүрлі тәсілдер қолданылатын болады.

Тұрғызылып жатқан және қолданыстағы үйлер мен инфрақұрылымды нысандар зерделі басқару жүйелерімен жабдықталуы керек. Бұл тұрғындар үшін жайлылықты арттырады, электр энергиясын, жылуды, суды тұтынуды азайтады, табиғи монополистерді өзінің тиімділігін арттыруға ынталандырады.

2018 жылғы Жолдауды іске асыру аясында заңнамаға, оның ішінде табиғи монополиялар саласын реттеуге тиісті өзгертулер енгізілетін болады. Сонымен қатар, Жолдауды іске асыру аясында мынадай жұмыс жүргізілетін болады:

1.                Құрылыста және коммуналдық секторда заманауи технологияларды сынақтан өткізу және бейімдеу.

2.                «EXPO 2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге ұсынылған инновациялық технологияларды тәжірибеден өткізу.

3.                Цифрлы құрылыс секторын дамыту.

4.                Ғимараттар мен құрылыстардағы энергиялық тиімділікті және энергияны үнемдеуді арттыру.

Тұрғын үй-коммуналдық секторы

2018 жылғы Жолдауды жүзеге асыру аясында өңірлік әкімдерге мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым мәселесін белсенді шешу тапсырылды.

Ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін Үкімет жыл сайын осы жұмысқа кемінде 100 миллиард теңге қарастырады. Бүгінгі таңда барлық ауылдық мекенді сумен қамтамасыз ету үшін шамамен 70 млрд. теңге жіберілді (РБ – 57 млрд. теңге, ал ЖБ – 13 млрд.теңге). Ауылдық елді мекендерде сапалы ауыз суға бірдей деңгейде қол жеткізуді  қамтамасыз ету үшін облыс әкімдері республикалық бюджетпен қатар жергілікті бюджеттен құрылысқа және сумен жабдықтау жүйесін қайта құру үшін қаражат бөледі.

Сонымен қатар, ТКШ саласындағы заңнамаларды жетілдіру және реформалау мақсатында тиісті заң жобасының тұжырымдамасы әзірленді. Тұжырымдама мынадай ережелерді қарастырады:

-                     Кондоминиум нысаның пайдалану және күтіп ұстау бойынша үй-жай (пәтер) иелерінің рөлі мен жауапкершілігін күшейту;

-                  «1 тұрғын үй - 1 бірлестік - 1 есеп» принципі бойынша әр көп пәтерлі тұрғын үйде (бұдан әрі - КТҮ) пәтер иелері мен кондоминиум нысанының бірігуін тіркеу;

-         «E-Шаңырақ» кондоминиум нысандарын басқарушы органдарының бірыңғай ақпараттық жүйесін құру мүмкіндігі;

-                Басқарушы және қызмет көрсетуші компаниялардың басқарушылық шешімдер бойынша пәтер иелерімен қарым-қатынасында құқықтары мен міндеттерін реттеу;

-         КТҮ-ні күтіп ұстау бойынша сервистік қызмет саласында шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасау.

Жалпы алғанда, заң жобасы басқару органдарының қызметін және кондоминиум нысандарының мазмұнын, оның тіркеу тәртібін, жалпы мүлікті күрделі жөндеуге ақша жинауды және пәтер иелерінің осы процестеріне қатысуды реттеуге бағытталған.

Өз кезегінде, жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен пилоттық жобада Астана, Шымкент, Қызылорда және Степногорск қалаларында КТҮ-ді басқару және күтіп ұстау моделі сынақтан өткізілуі басталды.

Жоғарыда аталған заң жобасы 2018 жылдың маусым айында Парламент Мәжілісіне ұсыну мерзімімен Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарына енгізілген.

 

12.ТҰРҒЫН ҮЙ САЯСАТЫН ЖАҚСАРТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ?

Қазіргі уақытта «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезектегі адамдардың бірыңғай республикалық электрондық дерекқоры» сервистік бағдарламалық өнімін енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл электрондық жинақ барлық елдің аумағы бойынша кезектегі адамдардың деректерін біріктіруге және олардың қайталануын алып тастау барысында кезекті қысқартуға мүмкіндік береді.

2019 жылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана беруді айқындау үшін автоматтандырылған тұрғын үй бөлу бөлігінде бағдарламаны аяқтау жоспарлануда.

Сондай-ақ, елдегі тұрғын үй саясатын жетілдіру үшін 2030 жылы әрбір тұрғынды тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін 30 шаршы метрге жеткізуді көздейтін нормативтік-құқықтық актілерге қажетті өзгертулер мен толықтырулар енгізілетін болады.

Келесі шаралар кешенін жүзеге асыру жоспарланған:

1.              Аудан аумағында шектеулерді алып тастағанда, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін өтемсіз тұрғын үй құрылысын қаржыландыру көлемін ұлғайту.

2.                Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі алдағы шараларды қабылдау:

1)                жеке тұрғын үй құрылысын заңдастыру жөніндегі шараларды өткізу;

2)    коммуналдық инфрақұрылымды бір органдағы тұрғын үй нысандарына жинақтауға құжаттаманы талдау үшін өкілеттігін нығайтуға мүмкіндік береді, бұл осы жобаларды бекіту және іске асыру мерзімдерін қысқартады;

3)                2 млн. теңгеге дейін тұрғын үй сертификаттары арқылы біржолғы тұрғын үй төлемі есебінен құрама үйлердің технологияларын қолданатын азаматтардың жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру бойынша шаралар қабылдау;

4)                жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер учаскесін түгендеу жүргізеді.

 

13. ҚАРЖЫ СЕКТОРЫН «ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ»  НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ НЕДЕ?

Қаржы секторының тұрақтылығы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Осыған орай, Мемлекет басшысының 2018 жылғы Жолдауында қойылған міндеттер шеңберінде қаржы жүйесін дамыту саясаты банк секторын жетілдіру бойынша бірқатар шараларды іске асыруға, азаматтардың мүдделерін қамтамасыз етуге, ұзақ мерзімді бизнесті несиелендіруге, қор нарығы мен бағалы қағаздар нарығын дамытудың кешенді бағдарламасын әзірлеуге бағытталған.

Банктік портфельдерді «нашар» несиеден тазарту, сондай-ақ ұзақмерзімді несие беруді қамтамасыз ету. Бұл Ұлттық  Банк пен банк секторының тұрақтылығын арттыру бағдарламасы аясында жүзеге асады. Реттеуші акционерлердің капиталдандыруға және мемлекеттік көмекті өтеуге бірлескен қағидаттары бойынша қалпына келтіру бағдарламасына бес банктің қатысуы мақұлдады.

Сондай-ақ, Жолдауда ЕДБ (екінші деңгейлі банк) иелерінің және акционерлерінің экономикалық жауапкершілігін арттыру көзделген. Қабылданған шаралар банк акционерлері мен банкке байланысты тұлғаларды несиелендіруді шектеуге мүмкіндік береді, осылайша активтерді алу тәуекелдерін төмендетеді.

Нақты табысты есепке ала отырып, бизнесті ұзақмерзімді әрі ең тиімді несиемен қамтамасыз ету мәселесі белсенді түрде шешілуде.

Мемлекет басшысының жеке тұлғалардың банкроттығы институтын енгізу туралы тапсырмасын орындау шеңберінде «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» заң жобасы әзірленді.

2016 жылдың 1 қаңтарына дейін халыққа берілген валюталық ипотекалық займдар жөніндегі мәселені шешу үшін Ипотекалық несиені қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.

Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту және қор нарығын дамыту мақсатында Үкімет пен Ұлттық Банктің 2018-2022 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары әзірленді. Онда бағалы қағаздар нарығын қалпына келтіру және қайта іске қосу шаралары нақтыланған.

Сақтандыру секторын дамыту үшін сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және сақтандыру нарығының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған тиісті заң жобасы әзірленді.

Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» ұлттық компанияларының акцияларын IPO-ға шығару арқылы қор нарығын одан әрі дамыту бойынша жұмыс жалғасады. Қазіргі уақытта IPO  немесе стратегиялық инвесторға сату үшін инвестициялық жобадағы қызығушылық тудырған компаниялардың тізімі («Қазақтелеком» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ) анықталды. IFAC сайтында IPO-ға дайындық мәселесі қарастырылуда.

Бұл шаралар сыртқы және отандық инвесторлардың инвестициялық қызығушылығын арттырады және тұрақты ұзақмерзімді өсуге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

14. АДАМИ КАПИТАЛДЫҢ САПАСЫНА ЖАҢА КӨЗҚАРАС НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру үшін қазақстандықтар өздерінің дүниетанымын, дағдыларын өзгертуге, бәсекеге бейім білім алуға, яғни адами капиталдың жаңа сапасына, адамдардың жаңа сапасына қол жеткізуі тиіс.

Елді одан әрі дамыту соңғы әлемдік үрдістердің әсерінен орын алады, яғни әрбір адамның терең ойлануы мен тез үйренуге және өзгертуге қабілетті болуын талап етеді. Бұрын елдердің артықшылықтары табиғи ресурстарға, әлемдік нарыққа тікелей қол жеткізуіне, арзан еңбекке байланысты анықталса, қазіргі таңда интеллектуалдық ресурстарға және инновацияларға, еңбек өнімділігіне, кәсіптік оқытуға және олардың ұтқырлығына байланысты бағаланады.

Адам капиталына берілетін баға XXI ғасырдағы дамудың жаңа парадигмасы болып табылады. Дамыған елдер «бәсекеге қабілетті ел - бәсекеге қабілетті адамдар» принципі бойынша стратегиялық шараларды әзірлеуге кірісті. Ең алдымен, білім берудегі инвестициялар көбеюде. Мәселен 2017 жылы  әлемдік көшбасшы 500-ге жуық компанияның үштен бір бөлігі қызметкерлерін оқытуға және қайта даярлауға арналған бюджеттерін ұлғайтқан.

Еңбек нарығы түбегейлі өзгеруде. Қолданыстағы кәсіби мамандықтардың 9 пайыздан 50 пайызға дейін жойылып кету қаупі бар. Біліктілігі жоғары мамандарға сұраныс күрт өсіп келеді. «Таланттар экономикасы» феномені айқын көрінеді: талант капиталға қарағанда қымбатқа түседі, себебі ол өзі капитал шығарады. Әлемдегі осы жаңа үрдіске байланысты талантқа «талас» пайда болды.

Әлемдік өтпелі кезеңнің ерекшелігі мынада - барлық мемлекеттер адамның, адами капиталдың бағасын қойды. Әлемдік бәсекеге бейімділіктің көш соңында қалмас үшін Қазақстан әлемдік сұраныс пен шындыққа төтеп бере алатын адами капиталдың жаңа сапасына қол жеткізуі керек. Бұл еліміз үшін тағдырлы, маңызды мәселе болып отыр. Осы арқылы еліміздің болашығы, жетістігі мен әл-ауқаты, азаматтарымыздың қауіпсіздігі шешіледі.

 

15.  БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАҢА КӨЗҚАРАС

Адами капиталдың жоғары деңгейі есебінен әлемнің жетекші экономикасы мол жетістікке, жеңіске жетеді. Мәселені шешу дағдылары, сыни ойлау, жасампаздық, эмоциялық парасат басты орынды иеленеді. Сондықтан білім беру жүйесі бұрын белгісіз мәселені шеше алатын, өзгеріске жылдам бейімделетін, жаңалықтар аша білетін, ұшқыр, шығармашыл ойлы, аналитикалық көзқарасты жасампаз (креативтік) адамдарды даярлауға бар күш жігерін жұмсауы тиіс. Сонымен қатар функционалдық, IT сауаттылық, ағылшын тілін жетік меңгеру, жоғары адамгершілік азаматтық кемелдену де - өте маңызды.

Білімнің мазмұндылығы заманауи техникалық құралдармен үйлесімді түрде толықтырылуы тиіс. 2018 жылғы Жолдауда қойылған міндеттерге сай мектептердің цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кеңжолақты Интернетке қосу, бейнежабдықтармен жасақтау жұмысы жалғасады.

2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ертедамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың біріңғай стандарты енгізіледі.

Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу мәселесі басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады. Жаңа бағдарлама оқулық, жүйе мен кадрды талап етеді. Осының бәрі педагогтарды оқыту мен біліктілігін арттыруға деген көзқарасты өзгертуді талап етеді. Сондықтан еліміздің университеттері жанынан педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту жолға қойылады. Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейтуге бағытталған жұмыстар қолға алынады. Бұл жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты болмақ.

Білім беру мекемелері арасындағы бәсекелестікті арттырып, жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қаржыландыру енгізілетін болады. Біздің оқушылардың жүктемесі ТМД елдері арасында ең жоғары болып отырғанын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп екені ескеріліп, 2018 жылғы Жолдауды жүзеге асыру шеңберінде  оны кезең-кезеңімен төмендету жоспарланып отыр.

  Барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3Д-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктер мен бизнес-инкубаторларының желісі құрылады. Бұл жас ұрпақты ғылыми-зерттеу  саласына және өнеркәсіптік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге  көмектеседі.

Жұмыс берушілерді тарта отырып, халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыны ескеріп техникалық әрі кәсіптік білім беру оқыту бағдарламаларын жаңарту жоспарланып отыр. Бағдарламаларға өндірістің инновациялық технологиясын сипаттаушы және еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа пәндер енгізілген. Сонымен қатар «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыру жалғасын табады.

Орта мектеп, колледж әрі жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының бейне сабақтары мен бейне дәрістері Интернетке орналастырылады. Бұл барлық қазақстандықтарға, соның ішінде шалғайдағы елді-мекен тұрғындарына озық білім мен біліктілікке қол жеткізуге мүмкіндік ашады.

2018 жылғы Жолдау міндеттеріне сай жоғары білім беру ісінде жасанды интеллект пен және «үлкен деректемемен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын арттыру жұмыстары жүргізіледі. Жоғары оқу орындарында білім берудің үздік бағдарламасы, біліктіліктің ұлттық жүйесі, білім беру бағдарламасының халықаралық аккредитациясы реестрін енгізу жоспарланып отыр.

Орталық Азиядағы білім беру орталығы ретінде Қазақстанның даму стратегиясы әзірленуде. Кәсіптік білім берудің басты мақсаттарының бірі – дуалдық оқытуды дамыта жылжыту. Сонымен бірге жұмыспен өнімді түрде қамту және бұқаралық кәсіпкерлік, жастар практикасы, «Серпін» және т.т. бағдарлама арқылы тілек білдірушілердің барлығына білім алуға қолдау көрсетіледі.

 

16.   ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢҒЫРТУ ДЕГЕН НЕ?

Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында Қазақстан халқының басын қосуға дәнекер болатын қазақ тілін жетілдіру, жаңартудың қажет екендігін атап өткен болатын.

Сонымен қатар, 2018 жылғы Жолдау міндеттеріне сай қазақ тілін заманға лайықты ету, терминологияны халықаралық деңгейге жақындату жұмыстары жүргізіледі. Латын әліпбиіне көшу осы мәселені шешуге бағытталған.

Президент Н.Ә. Назарбаев латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне көшудің қажеттілігін айта келе, бұл мәселе жан-жақты талқыланып, екшеленіп, теңгерімді түрде жүргізілуі тиіс екенін атап өтті. Білім берудің барлық деңгейінде 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау міндеті қойылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2017 жылғы 26 қазанда «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды. Аталмыш Жарлықты орындау мақсатында қазақ тіліне негізделген латын графикасындағы әліпбиге көшірудің Ұлттық комиссиясы құрылды.

Ұлттық комиссия құрамына Президент әкімшілігі, Үкімет, «Нұр Отан» партиясы өкілдері, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, тілдік саясат саласындағы сарапшытілшілер енді.

Бүгінгі таңда Үкімет 2025 жылға дейін қазақ тіліне негізделген латын графикасындағы әліпбиге кезең-кезеңімен көшудің нақты шаралар жоспарының жобасын әзірлеуде. Алғашқы кезеңі 2018-2020жж., екінші кезең – 2021-2023жж., үшінші кезең – 2024-2025 жылдарды қамтиды.

Тіл білімі және ІТ-технология саласындағы білікті мамандарды тарту арқылы орфографиялық, әдістемелік, терминологиялық, техникалық әрі ақпараттық қолдау жұмыс топтары құрылды.

Осылайша, қазақ тілін жаңғырту латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне көшіру - технологиялық прогресс пен әлемдік кеңістікке интеграцияланудың негізгі әрі ажырамас бөлігіне айналады.

 

17.  ҒЫЛЫМДЫ ҚАЛАЙ ДАМЫТАМЫЗ?

Мемлекет басшысының елді технологиялық жаңғырту бойынша анықтаған міндеттерін жүзеге асырудың негізгі діңгегі болатын – қазақстандық ғылым. 2018 жылғы Жолдауда аталмыш жұмысты жүзеге асыруға негізделген негізгі бағыттар анықталды.

Бірінші. Жоғары оқу орындары ғылымы металлургия, мұнай-химия, агроөнеркәсіптік кешен, био және ІТ-технологиялар саласындағы зерттеулерге басымдық берілетін болады. Осы орайда қолданбалы ғылыми зерттеулерді кезең-кезеңімен ағылшын тіліне көшіруді жүзеге асыру жоспарланып отыр. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және шетел ресурстарына ықпал ететін отандық ғылыми журналдарды ағылшын тілінде шығару жоспарлануда.

Екінші. Жоғарғы оқу орындары жетекші шетел университеттері мен ғылыми орталықтарымен, ірі кәсіпорындармен және көпұлтты елдермен бірлескен жобаларды белсенді іске асырады. Заңнамалық тұрғыда, жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігі оларға білім беру бағдарламаларын жасауда үлкен құқық беру арқылы қамтамасыз етіледі.

Қазақстандық ғылымды әлемдік деңгейге шығару мақсатында шетелдік серіктестермен ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдер жасалады. Нәтижесінде МЖӘ (мемлекеттік-жекеменшік әріптестік) механизмі арқылы халықаралық ғылыми жобаларға қатысу және бірлескен зертханалық зерттеулер, бірлескен монографиялар мен ғылыми мақалалар шығарылады.

Үшінші. Оқытушылардың қайта даярлықтан өтуіне күш салып, шетелдік жоғарғы оқу орындарынан менеджерлерді тарту қажет, сонда әлемдік университеттердің кампусы ашылады.

Төртінші. Жеке сектордан бірлесіп қаржыландыруға атсалысуы барлық қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары  үшін міндетті талап болуы керек. Сондықтан ғылыми жобаларды қаржыландыру мәселесінің ең тиімді жолдары қарастырылуда.

Бесінші. Жас ғалымдарды қолдау мақсатында ғылыми гранттар шеңберінде квоталарды бөлу саясатын жүргізу керек. Ғылымға инвестициялық жоба әрі экспорттық әлеуеті бар жеке сала ретінде қарауымыз тиіс.

Сонымен қатар стартап-компанияларды дамыту мақсатында ғылыми-зерттеу топтары, өндіріс секторы мен әлеуметтік инновациялар консорциумдері, венчурлық қорларды қалыптастыру, брокерлік қызметтерді дамыту, шетелде технологиялық жеделдетуге арналған кеңселерді құру және технологиялар трансферті кеңселерінің әлеуетін арттыру үшін гранттар жоспарлануда.

Технологияны уақтылы беру үшін базалық жоғары оқу орындарында технология үшін коммерцияландыру кеңселерінің желісін құру көзделуде.

Қазақстан ғылымының бірыңғай ақпараттық жүйесін құру мәселесі пысықталады, онда байқауларға өтінімдер, есептер, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамалар автоматтандырылады және цифрланады, ғылыми жобалар үшін тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілетін болады.

 

18.   ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНА ЖАҢА КӨЗҚАРАС

Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызметке сұраныс артуда. Заманауи денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес,   аурудың алдын алуға бағытталуы тиіс.

Мемлекет басшысы 2018 жылғы Жолдауда салауатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулық сақтауды нығайту міндетін қойды. Енді әлемдік үздік тәжірибеге сүйене отырып, қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығы құрылады.

Медицина қымбат стационарлық емделуге емес, аурулардың алдын алуға бағытталатын болады. Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аударылады. Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік емнің орнына созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасалынып, бұл саланы амбулаториялық емдеу арқылы басқаруға көшеді. Елдің барлық өңірлерінде ауруды басқару бағдарламалары халықаралық тәжірибе негізінде жүзеге асырылатын болады.

Халықаралық озық тәжірибе негізінде қатерлі ісік ауруларын ерте диагностикалау мен емдеуді қамтамасыз ету үшін онкологиялық аурулармен күрестің кешенді жоспарын қабылдау жоспарлануда, сондай-ақ ғылыми онкологиялық орталық құрылады.

Денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшетін болады.

2018 жылғы Жолдауды іске асыру шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККБК) жаңа үлгісі әзірленетін болады және мемлекеттік міндеттемелердің нақты шекаралары анықталады. Мемлекеттің кепілдігімен қамтамасыз етілмеген қызметтерді халық МӘМС жүйесінің қатысушысы ретінде немесе ерікті медициналық сақтандыру арқылы, сондай-ақ қосымша төлем жасау арқылы алады.

Халыққа медициналық көмектің сапасын арттырып қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жаңа медициналық технологиялар ауруларды диагностикалау мен емдеуге ғана емес, медициналық ұйымдарды ақпараттандыру мен бағдарламалық қамтамасыздандыруға да енгізілетін болады.

Пилоттық операциядан кейін электронды денсаулық сақтау сертификаттарын енгізуді жылдамдату, азаматтарға олардың денсаулық жағдайы туралы ақпаратқа интернетте қолжетімділікті қамтамасыз ету және әр түрлі мобильді технологиялар арқылы медициналық қызметтерді алу мүмкіндігін кеңейту жоспарланып отыр. Барлық медициналық ұйымдар 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қағазсыз жұмыс формасына көшуі керек. Ағымдағы жылдың аяғына дейін барлық медициналық ұйымдар ақпараттық жүйелерді 100% қамтамасыз етуі керек. Сондай-ақ, медицинада инновациялық технологияларды енгізу (жасанды интеллект, генетикалық талдау негізінде дербестендірілген медицина) бойынша шаралар қабылданатын болады.

Бүгінгі күні денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспары әзірленіп, бекітілді, ол монопоративтік медициналық ұйымдарды көпсалалы медициналық ұйымдарға интеграциялауды, сенімгерлік басқаруға беруді және мемлекеттік медициналық ұйымдарды жекешелендіруді көздейді.

Медициналық білім беруді жаңғырту шеңберінде медициналық мектептердің стратегиялық шетелдік серіктестері анықталды, олардың қатысуымен базалық дайындыққа арналған медициналық мамандықтар бойынша білім берудің жаңа стандарттары әзірленді және бекітілді. Кадрларды даярлау деңгейін жоғарылату үшін Назарбаев университетінің медицина мектебіне ұқсас барлық медициналық ЖОО-да интеграцияланған университеттік клиника құрылады.

Алға қойылған мақсаттарға жету үшін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне өзгертулер мен түзетулер енгізу арқылы заңнамалық база жетілдірілетін болады.

19. ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ САПАЛЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҮШІН НЕ ІСТЕЙМІЗ?

Еңбек нарығын дамыту және сапалы жұмыспен қамту маңызды мәселе.

Біріншіден. Еңбек дамуын болжаудың ұлттық жүйесін құру. Бұл бізге қандай мамандар қажет екендігін және 5-10 жылдан кейін қандай мамандарға сұраныс болатындығын білуге мүмкіндік береді. Болжаудың нәтижелері мемлекеттік білім беру тапсырысының негізіне айналады.

Осы жұмысты орындау үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігі ғылыми зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр, ал халықаралық іріктеу бойынша халықаралық сарапшылардың Дүниежүзілік банк желісі жұмыс жасауда.

Екінші. Жұмыс берушілер қызметкерлердің білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптарды белгілейтін Ұлттық біліктілік шеңберін дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырамыз.

Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп елдегі барлық негізгі мамандықтар бойынша кәсіптік стандарттарды, кәсіптік стандарттарға сәйкес келетін жаңа білім беру бағдарламаларын қайта қарастырады немесе дамытады.

Үшінші. Ресми және өнімді жұмысқа орналасуды қамтамасыз ету.

Қазіргі таңда өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресми түрде қалыптастырудың  жол картасы әзірленіп, жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ өңірлерде жүзеге асырылатын барлық мемлекеттік инфрақұрылымдық жобаларды, жұмыс бағдарламалары мен жеке бағдарламаларды іске асыру аясында жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін өңірлік жол картасы мен жұмыспен қамту картасы әзірленді.

Жол картасы мыналарды қамтиды:

- өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың ресми қызметін ынталандыру және сонымен бірге заңсыз жұмысқа қойылатын талаптарды қатайту тұрғысындағы Іскерлік кодекске және салық заңнамасына түзетулер енгізу.

- өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды «көлеңкелі кәсіпкер» санатынан алып тастайтын жеңілдетілген тіркеуді енгізу.

Жаңа экономикада бейресми және нәтижесіз жұмысқа орналасуды қысқарту үшін өнімді жұмыспен қамту және масс-кəсіпкерлік бағдарламасының құралдары пайдаланылады. Бұл - кәсіптік білім беру, уақытша жұмыс, микрокредит, жұмыс тапшылығындағы аймақтардағы қоныс аударуды ынталандыру.

Төртінші. Еңбек делдалдығының тиімді моделін құру.

Бірыңғай электрондық еңбек биржасы өз жұмысын бастады, ол еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты біріктіреді.

Мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтарының жұмысы түбегейлі өзгереді. Онда жұмыс берушілерге және іздеушілерге жұмысқа орналасуға көмектесетін «жетекші», заманауи HR-қызметтер болады. Бүгінде 4 пилоттық жұмыспен қамту орталығы жұмыс жасауда.

Азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету және мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында жеке секторларда да жұмыспен қамту қызметтері енгізілді. Қазіргі уақытта заңның тиісті жобасы Мәжілісте қаралуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заң жобасы ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін қабылданады.

 

20.ӘДІЛЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІ ДЕГЕН НЕ?

Қазақстан мүшелік ететін Халықаралық еңбек ұйымы әлеуметтік қорғау жүйесін айқындайды әрі мынадай іс-шаралар кешенінен тұрады: 

- тұрақты ақы төленетін еңбек қызметін ынталандыру;

- негізгі әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру механизмдерінің көмегімен оның алдын алу және кірістің бір бөлігін өтеу;

- әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылмайтын халықтың осал топтарына әлеуметтік көмек көрсету механизмдерін ұсыну;

- азаматтардың білім және медициналық көмек сынды негізгі құқықтары мен қызметтерге ие болуы.

Бұл элементтердің барлығы елімізде жүргізілетін әлеуметтік саясатта қамтамасыз етіледі. Қазақстан нарықтық жағдайға сәйкес келетін және халықтың  қызметке төленетін еңбекақының тұрақты болуына септігін тигізетін әділетті жүйе құруға талпынады.

Осы ретте ол әр азаматтың мемлекетке тәуелділігін емес, жеке басының жауапкершілігін ынталандыруы қажет. Жалпы алғанда, барлық еңбекке қабілетті азаматтар өз болашағы мен отбасын асырауы үшін жауапкершілік алуға талпынуы қажет.

Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіне көше отырып, қазіргі кезеңде    зейнетақы көлемінің еңбек өтіліне байланысты болуын күшейту арқылы әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған саясатты жүзеге асыру аяқталып келе жатқанын, бұл да азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тартуды ынталандыру жолы екенін атап өткен жөн.

Осылайша 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап негізгі зейнетақы тағайындау механизмі ауысады. Қазіргі таңда зейнетақы зейнеткерлік жасқа жеткен адамдардың еңбек өтіліне және кірісіне қарамай, бәріне бірдей етіп тағайындалатыны белгілі.

Жаңа механизм негізгі зейнетақыны азаматтардың 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтіліне  және олардың 1998 жылдан кейінгі зейнетақы жинақ қорына байланысты тағайындауды жоспарлап отыр. 

           Бастапқы зейнетақы көлемі азаматтардың жалпы өтіліне байланысты бөлінеді. Егер азаматтың еңбек өтілі 33 жылдан асатын болса, онда бастапқы зейнетақы көлемі өмір сүру минимумының ұзақтығына байланысты  100 % құрайтын  болады (2018 жылғы ӨСМ  көлемі – 28 284 теңге), 20 жыл еңбек өтілі болса – ӨСМ көлемінен 74 % (20 930 теңге), 10 жылға дейінгі еңбек өтілі болса, немесе еңбек өтілі болмаса – ӨСМ көлемінен 54% (15 274 теңге).

Бұл өзгерістер қазіргі күнде зейнетақы алатын саны 2 миллионнан асатын зейнеткерлерге де қатысты, әрі олардың бастапқы зейнетақы көлемінің 2017 жылмен салыстырғанда орта есеппен 1,8 есе (бастапқы зейнетақының орташа көлемі биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап – 25 456 теңге)өсуін қамтамасыз етеді.

Бүгінде барлық зейнетақы істері қарастырылып, есептер дайындалып, қосымша қаражат қажеттілігі анықталды (2018 жылдың республикалық қаражатына қосымша 128,9 млрд.теңге қарастырылды). Айта кетейік, қайта есеп жүргізу үшін зейнеткерлердің құжаттары қайтадан сұралмайды, зейнетақы ісіндегі ақпараттар жеткілікті.

Осылайша, зейнетақымен қамтамасыз ету өте қарапайым жолдармен жүзеге асады: адам қаншалықты еңбек етсе, соншалық зейнет көрмек.

Әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша

Биылғы Жолдауда еңбек өтілі мен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша әлеуметтік төлем көлемі арасындағы байланысты арттыру қажеттігі қарастырылды. Бұл жаңалық әлеуметтік әділеттілік қағидатына сай жүзеге асатын болады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген. Жұмыс берушілер мен жұмысшылардың аударымы есебінен қаржыландырылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру төлеушінің жарнасы деңгейіне байланысты болатын  ресми сектор жұмысшыларын қорғауға арналған.

Жүйе енгізілгеннен бастап ақырын әлеуметтік төлемдердің жекелеген түрлерінің параметрлерін оңтайландыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесін қамтитын қауіптің кеңейтілуі арқылы жетілдірілді.

Бастапқы кезде (2005 жылы) жүйеде үш түрлі әлеуметтік қауіп бойынша төлем қарастырылған: еңбекке жарамдылықты жоғалту жағдайында, асыраушысын жоғалту жағдайында, жұмысын жоғалтқан жағдайда. 2008 жылы бұл жүйеге тағы екі әлеуметтік қауіп енгізілді: жүктілік және босануға байланысты кірістен айырылу жағдайында, сонымен қатар, бір жасқа толғанша бала күтіміне байланысты. Бұған қоса, сақтандыруға арналған кіріс көлемін есептеу және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілін есептегенде жүктілік пен босануға байланысты кірістен айырылу жағдайында әлеуметтік төлем мөлшерін анықтау механизмі өзгерді.

Жүйе «кемелденудің» белгілі деңгейіне жеткенін есепке ала отырып, еңбек өтілі мен әлеуметтік қауіп туындағандағы төлем көлемі арасында өзара байланысты күшейтуге арналған параметрлерді қайта қарастыру қажеттігі туындап тұр.

Осыған байланысты, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне әлеуметтік  сақтандыру жүйесінен төлем тағайындауда қабылданған параметрлерді жетілдіру арқылы жұмысшы халықтың қызығушылықтарын қорғау шаралары енгізілетін болады (қатысу өтілі, кірісті ауыстыру коэффициенті мен еңбекке жарамдылығын жоғалту деңгейлері).

 

 

21.МЕМЛЕКЕТ ӨЗІҢЕ ҚАНДАЙ  ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК 

МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ  АЛАДЫ?

Мемлекеті басшысы өзінің Жолдауында Республикалық бюджеттің әлеуметтік салаға бөлінген шығыны 2018 жылы 12 процентке өсіп, 4,1 триллион теңгеден асқандығын атап көрсетті. Әлеуметтік төлемдерді, соның ішінде зейнетақыны өсіру 3 миллионнан астам қазақстандықтың табыстарын көбейтеді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8 процентке артты. Мүгедектерге, асыраушысынан айырылған және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына арналған жәрдемақылар 16 процентке дейін өсті. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа алғанда 1,8 есе көбейетін болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақы енгізілетін болады.

Бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес мұндай жәрдемақыны шамамен(ең төменгі күнкөріс деңгейі 2018 жылға - 28284  теңге)  14 мың отбасы ай сайын алады.

Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтіледі.Сонымен қатар,  мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі.

 

22.ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ БОЙЫНША ҚАНДАЙ

ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛАТЫН БОЛАДЫ?

Мемлекеттік әкімшілендіру кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындардың шығындарын қысқартуға байланысты жұмыстар жалғастырылады.

Осыған орай бизнесті реттеуге қатысуды әрі қарай азайтуға бағытталған заң қабылдау жоспарлануда.

«Бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыруды қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік береді.

Табиғи монополия субъектілері көрсететін қызметтерінің сапасын арттыру жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады. Олар үшін және энергия өндірушілер үшін инвестициялық бағдарламаларын ескеріп, негізделген тарифтер белгіленеді.

Бизнес-климатты жақсарту үшін батыл іс-қимыл талап етіледі, әсіресе өңірлік деңгейде.Үкімет бизнесті көлеңкеден шығарып, оны қолдауға бағытталған жүйелі шаралардың жаңа пакетін дайындайтын болады.

Мемлекеттік органдарға бағынышты ұйымдардың санын қысқарту есебінен жекешелендіру жоспарын кеңейте отырып, оны іске асыру жеделдетіледі.

Әкімшілік шығындарды азайту үшін  ведомствоға бағынышты нақты қажетті ұйымдар мүмкіндігінше біріктірілетін болады.

Босаған қаражатты мемлекеттік қызметшілердің факторлық-балдық шкалаға негізделген жаңа еңбекақы жүйесін енгізуге бағытталуы тиіс.

Бұл орталықтағы және өңірлердегі мемлекеттік қызметшілер жалақысының диспропорциясын қысқартады, сондай-ақ жұмыстың сипаты мен тиімділігі ескерілетін болады.

2018 жылы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда осы жүйені енгізудің пилоттық жобаларын іске асырылатын болады.

 

 

23. ӨҢІРЛЕРДЕ ҚАНДАЙ РЕЗЕРВТЕР БАР?

 

2018 Жолдауының міндеттерін жүзеге асыру шеңберінде экономикалық дербестігі мен жауапкершілігін арттыру арқылы мемлекеттік қызметтің тиімділігі әлеуетін толық көлемде ашу жұмыстары жүргізілетін болады.

Жалпы өңірлік саясат бағытында аймақтар өздерінің кірістерінің көлемін арттыруға бағытталуы тиіс. Келешекте негізгі қаржы көздерінің бірі болып өзара ішкі қатынас және туризм болып табылады, бұл әлемде әрбір оныншы жұмыс орнымен қамтамасыз ету көзі болып отыр.

 Қазақстан аймақтары өзіндік табиғи, тарихи және мәдени байлықтарымен ерекшеленеді, ал, біздің халық өзінің дәстүрлі қонақжайлылығымен белгілі. Осының бәрі туризм саласында экономикалық қызметтердің ерекше жағдайларын туғыза алады.  

Бүгінде мемлекет шағын және орта бизнесті дамыту үшін оның ішінде туризмді дамыту үшін барлық жағдайды жасап отыр. Мысалы, Даму қоры былтырғы жылы туризм саласында 200-ге жуық жобаны қаржыландырды. Әсіресе, туризм саласында шағын бизнесті дамыту үшін рухани жаңғыру бағдарламасы үлкен мүмкіндіктер беріп отыр: қатынас орталықтарының бизнесі, Қазақстанның мәдени-тарихи және рухани ескерткіштерінің айналысында инфрақұрылымдарды құру жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндіктер беруде. 

Сонымен бірге, Үкімет визалық рәсімдерді жеңілдетуді қоса алғанда, инфрақұрылымды дамыту және туризм индустриясында кедергілерді жою туралы  қосымша шаралар кешенін қабылдайды. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстық маңызы бар қалаларда 2 мыңнан астам адам тұратын ауылдар мен ауылдық округтерде заңнама жергілікті өзін-өзі басқарудың тәуелсіз бюджетін және муниципалдық меншікті енгізуді көздейді. 2020 жылдан бастап осы нормалар басқа облыстық маңызы бар қалаларда, ауылдарда және ауылдық округтерде жұмыс істейтін болады.

Салықтық және салықтан тыс басқа да түсімдердің 7 түрі, сондай-ақ шығындардың 19 бағыты аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар мен ауылдық округтердің бюджетіне берілді.

 

24. АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ҚАНДАЙ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛЕДІ?


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басты құралы – оның алдыналу.

Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен жағдайларын анықтауға және жоюға, сондай-ақ бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзімділік» атмосферасын құрып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту бойынша алдын алу шараларын жетілдіру жөніндегі жұмыстар жалғасады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте және заң үстемдігінде маңызды элемент мемлекеттік органдардағы процестерді цифрландыру, оның ішінде қоғаммен және бизнеспен өзара әрекеттесу болып табылады.

Сандық технологияларға кезең-кезеңмен көшу сыбайлас жемқорлықты азайтады, органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді, азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекет мүддесін қорғау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға қол жеткізеді.

Сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылуда. Заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейтуді, оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізіледі. Адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейеді. Құқық қорғау органдарының өкілеттілігі мен жауапкершілік шегі айқындалды. Сот жүйесі ашық болады.

Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыратын болады.

Әділет министрлігі әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру және оған жаппай жазалауды азайту мақсатында түзетулер енгізуді ұсынды.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізіледі, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелер белсенді түрде енгізілетін болады.

 

 

25.           АЗАМАТТАРДЫҢ ЖАЙЛЫЛЫҒЫ ҮШІН ҚАЛАЛАР ҚАЛАЙ ДАМИДЫ?

Әлемде инвесторлар үшін қалалар бәсекеге түседі деген түсінік қалыптасты. Олар елді емес, жайлы өмір сүріп, жұмыс істейтін қаланы таңдайды. Қалалардың азаматтар үшін қолайлы болуы, сондай-ақ халықтың өмір сапасын жақсарту мақсатында еліміздің 5 ірі қаласында SmartCity -«SmartAstana», «SmartAlmaty», «SmartAktobe», «SmartOntystuk», «SmartKaraganda» жобасы жүзеге асырылуда. «Ақылды қала» жобасының мақсаты - барлық қалалық қызметтердің тиімділігін арттыру.

Қаланы дамыту алдыңғы қатарлы цифрлық технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылатын болады. Олардың енгізілуімен қалалық инфрақұрылымның жай-күйін бақылаудың орталықтандырылған жүйесі пайда болады. Олар: бейнебақылау, қоғамдық орындардың сапасын бақылау, мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау, қаланың тіршілігін басқару.

Негізгі мемлекеттік органдардың жекеменшік ұйымдармен өзара іс-қимыл қағидасын іске асыру, бұл жаңадан жетілдірілген шешімдерді, тәсілдерді және ҚР ҰБ-нің қажетті өзгерістерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

«Ақылды қала» жобасын жүзеге асырудан әр түрлі оң нәтиже алынады (экономикалық, әлеуметтік, экологиялық).

Жетілдірілген технологияларды қолдану қалалық жүйелердің жұмысын нақты қажеттіліктерге және жүктемелерге бейімдеуге мүмкіндік береді, бұл ресурстарды тұтынуды азайту, қызметтердің сапасын арттыру және экономикалық өсудің жаңа нүктелерін құру арқылы шығындарды төмендетеді. Зияткерлік технологияларды енгізу іс жүзінде барлық салаларға әсер етеді.

Қазіргі уақытта «SmartCity» жобасының түрлі элементтері іске асырылуда.«SmartAstana» жобасы бойынша бейнебақылау, фото және бейнежазу жобасы, «SmartAstana» мобильдік қосымшасы, қалалық қызметтермен өзара әрекеттесу үшін чат-бот, Opendata – ашық деректерді ашу порталы іске асырылды.

«SmartAlmaty» жобасы бойынша бейнежазу жүйесі, «OpenAlmaty» ашық әкімдіктер мен әкімшілігінің жаңа форматтағы қоғамдық қабылдауы, ашық кеңістік қағидаты бойынша құқықтық қызметтер орталығын ашу жобаларын іске асырды.

«SmartAktobe» жобасы шеңберінде сандық әкімшілік, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, халықты бақылау, «AktobeSmartCity  мобильді қосымшасы іске асырылуда.

«SmartOntystuk» бағдарламасына сәйкес, бірінші сыныптағы балаларды және электронды режимдегі балабақшаларды, кезекте тұрған азаматтарға пәтерлерді таратудың электронды бағдарламасы бойынша жобалар жүзеге асырылады.

«SmartKaraganda» жобасы бойынша облыстық медициналық ұйымдардың 100 пайыз қағазсыз жұмыс процесіне көшу,электрондық билеттерді сату және диспетчерлеу жүйесін енгізу жұмыстары іске асырылуда.

Елімізде жүргізіліп жатқан жұмыстарды жүйелендіру мақсатында Астана қаласының тәжірибесі негізінде «Смарт Сити» «эталонды» стандарты қалыптасып, Қазақстан қалалары арасында озық практиканы тарту және тәжірибе алмасу ісі басталды.

«Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны тартудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналады.