09.03.2017 жылынан бастап Қарағанды политехникалық колледждінің қабырғасында «WEB-дизайн» және «Графикалық дизайн» құзіреттіліктері бойынша WorldSkills чемпионаты өтті.

WorldSkills аймақтық кәсіби шеберліктер чемпионатын өткізуге арналған орталық Қарағанды облысы Білім Басқармасының бастамасы мен қолдау көрсетуі бойынша Қарағанды политехникалық колледждінің базасында жасалған болатын. Аталған орталықта қазіргі заманға сай компьютер құралдарымен жан-жақты жабдықталған екі сайыстық алаң орнатылған.

WorldSkills Karaganda чемпионаты жыл сайын өткізіледі, онда жас мөлшері 22 жасқа дейінгі жас білікті жұмысшылардан бастап, түрлі колледждердің студенттері, сондай-ақ, мамандар - өндірістік оқыту шеберлері мен тәлімгерлер қатыса алады.

Тапсырмаларды орындаушыларды бағалаушылар ретінде 22.02.2017 жылы Аймақтық чемпионаттардың өту орталығында оқыту мен сертификатталудан өткен, осы құзіреттілік санатының аса кәсіби мамандары шақыртылды. Сарапшыларды даярлау кезеңіне алдын-ала тіркеуден өту және оларды тестілеу жолдары арқылы жұмыс тәжірибесін тексеру кірді.

Сайысқа қатысушы-конкурсанттар Қарағанды облысының барлық колледждерінің «Ақпараттық жүйелер», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандықтары бойынша білім алушылардың ішінен таңдалып алынды. Олар өндірістік тапсырмаларға максималды жақын жасалған сайыс тапсырмаларын орындап, өздерінің кәсіби машықтары мен қабілеттерін көрсете білді. Тапсырмалар түскі үзіліспен екі уақытша блокқа бөлінген, екі күнге есептеліп жасалған.

«WEB-дизайн» және «Графикалық дизайн» құзіреттіліктері бойынша WorldSkills чемпионаты қарағанды облысының 10 аймағынан 20 қатысушыны, 26 сарапшыны (оның ішінде 4-і сырттан келген) жинады.

Аталған кәсіби сайыстың ұйымдастырылуы мен өткізілуі жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар арасынан 6 қатысушы жеңімпаз атанып, Қарағанды облысының атынан республикалық WorldSkills чемпионатына қатысатын болды.

«WEB-ДИЗАЙН» ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ БОЙЫНША

1 орын – Абдибеков Ансат Есенжолулы КГКП "Темиртауский политехнический колледж"

2 орын – Дмитришен Виктор Юрьевич КГКП «Карағанды политехникалық колледжі»

3 орын - Лигай Валерий Павлович ЧУ «Карағанды коммерциялық колледжі»

«ГРАФИЧЕСКИКАЛЫҚ ДИЗАЙН» ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ БОЙЫНША

1 орын – Имаганбетов Ануар Нурбекович КГКП «Карағанды политехникалық колледжі»

2 орын – Бражников Кирилл Денисович КГУ «Карағанды кәсіби-техникалық колледжі»

3 орын - Зотова Алина Николаевна КГКП «Шахтинск технологиялық колледжі»