15.03.2017ж. Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және «Теміржол көлігі» бағыты бойынша ОӘБ жетекшісі – Т.Ж.Ашкенова өкілдігімен, Қарағанды теміржол колледжінде (Сұрыптау қалашығы) «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығының 3-4 курс студенттері арасында «Эрудит» облыстық конкурсына колледжіміздің (ҚПТК) студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаты: студенттердің теміржол мамандығына қатысты теориялық білімдерін сайыстық ортада кәсіби мәселелерді шешу және орындау арқылы жетілдіру, дамыту.

Жалпы конкурсқа Қарағанды облысының теміржол көлігі бағытында білім беретін 8 колледжі қатысты. Командалардың кезеңдер бойынша сұрақтарға дұрыс жауап беруін тексеру үшін, теміржол көлігі құрылымының әр түрлі салаларын әділ қазы мүшелері арнайы шақырылып тағайындалған.

 

 Сурет 1. Өндірістен келген әділ қазы мүшелері

Колледжімізден сайысқа келесі студенттер қатысты: 4 курстан: Қабден Ерасыл, Сабиров Руслан; 3 курстан: Маясар Әлішер, Кенжетай Қасымжан, Бастами Назым. Студенттеріміздің білімін және біліктілігін тексеру үшін, 4 кезеңнен тұратын сайыс құрастырылған.  

  • 1 кезең – Команданың шығармашылық сәлемдесуі;
  • 2 кезең – «Сенемін, сенбеймін» команда арасындағы сайыс;
  • 3 кезең – «Биатлон» командалық сайысы;
  • 4 кезең – «Стандартты есем жағдайдағы іс-әрекет» атты үй жұмысы.

 

 Сурет 2. Команданың шығармашылық сәлемдесуі

Конкурсты қорытындылай келе, студенттеріміз сайыстың кезеңдеріне белсенді қатысып, өздерінің теориялық білімдерін сайыстық ортада шыңдап, білімдерін басқа колледж студенттерімен салыстырды. Конкурс соңында, студенттер сайысқа қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.