2017 жылдың 6 сәуірінде «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығының түлектерімен, қазіргі таңда 3 және 4 курста оқып жатқан осы мамандықтың студенттерімен кездесуі болып өтті.

Кездесудің мақсаты, қазіргі таңда мамандардың қаншалықты қажет екенін, оқып жатқан сабақтардың маңыздылығын, колледжді аяқтағаннан кейін қайда баруға болатындарына нұсқау беру болып табылады.

Кездесуге «ҚТЖ-ЖТ» АҚ, Майқұдық стансасының аға жүктерді қабылдап-тапсырушы Абзалов А., Жезқазған-Қоскөл аралығындағы стансаның кезекшісі Ашамаев А., Қарағанөзек стансасының пойыздарды құрастырушы Бельгибаев А., Қарағанды темір жол колледжінің өндіріс шебері Ерғали Ж., «Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жұмыс істеп жатқан Сауғабекова А., Аскар Д., ҚарМТУ студенттері Іңкәрбаева С., Балтина Ғ., ҚарМУ студенттері Аманжолова М., Бейсенбеков М., Ыбырай Ж., Нұралин С., Құрманғалиев А., келді.

 

Кездесу басталмай тұрып түлектер мен оқытушылар естелік суретке түсті. Кездесу барысында, Қарағанды политехникалық колледжіне 85 жыл толғаны, осы күнге дейінгі мамандық түлектері мен өзгерістері, және де түлектердің өздерінің жұмыстары мен оқулары жайында сөз болды. Қатысушы студенттер мен оқытушылар қонақтарға сұрақтар қойып, әр сұраққа толыққанды жауаптар алынды. Кеш соңында түлектерге естелік суреттер табысталды. Кездесу биылғы түлектердің көкейінде жүрген біраз сұрақтарына жауап тапқандай болды.