Сәуір айының 14-ші жұлдызында Қарағанды политехникалық колледжінің 85 жылдығына арналып, «Жігер» алқалық жастар кеңесінің ұйымдастыруымен бөлімдер арасында «КВН-2017» ойыны болды. Ойынға №1 Жалпы білім беру бөлімінен «Балмұздақтар», Энергетикалық бөлімнен «ЭСП-ның жүгірмектері», ОЖТ бөлімінен «Жайдарман станциясы», ВТП бөлімінен «Калькуляторщики», РЭС бөлімінен «Байланысшылар» командалары өз өнерлерін ортаға салды.

 

Ойын 2 кезеңнен тұрды:  

1-ші кезең «Сәлемдесу»; 

 

2-ші кезең «Жаңалықтар».

 

Ойын жоғарғы деңгейде болмаса да келген көрермендер ырза болатын, жақсы деңгейдегі ойын болды. Әр команда өздерінің мүмкіндіктерінде жақсы дайындалған. Жайдарман станциясы, ЭСП-ның жүгірмектері, Байланысшылар ерекше ойын өрнектерін көрсетіп, бір-бірінен қалыс қалмады.

 

Осы командалардың ойындарына бағаны келесі құрамдағы әділ қазылар ұсынды:

1. Әділ қазылар алқасының төрағасы, колледжіміздің түлегі, шоумен, КВН ойындарының белді мүшесі – Амамбаев Аян.

2. Әділ қазылар алқасының мүшелері:

1) РЭС бөлімінің оқытушысы, «Жігер» АЖК, Дебат клубының үйлестірушісі – Рамазанова Раушан Шапағатқызы;

2) Колледжіміздің жұлдызы, «Жігер» АЖК-нің ұйымдастырушысы – Таубебаева Айдана;

3) Жайдарманшы, «Құрдастар» командасының мүшесі – Мейірбай Тілек.

 

Көрсеткен ойын өрнегіне қарай әділқазылар алқасының шешімімен, ІІІ орынды «Балмұздақтар» мен «Калькуляторщики» командалары тұрақтады. ІІ орынды «Жайдарман станциясы» иеленді, І орыннан «Байланысшылар» командасы көрінді. «Бас жүлдені» және «КВН-2017» кубогін «ЭСП-ның жүгірмектері» командасы жеңіп алды.

 

«Үздік ойыншы» - «ЭСП-ның жүгірмектері» командасының мүшесі Ахметов Нариман, «Үздік капитан» - «Байланысшылар» командасының капитаны Жасуланов Думан атанды. 

Бұл ойынды алдағы уақытта дәстүрге айналдырса деген командалардың ниеті бар. Осы ойынның өткізілуіне қолдау білдірген колледж әкімшілігіне, бөлім меңгерушілері мен оқытушыларына және командаларға жанкүйер болған барша жандарға алғыс айтамыз!