Фестивальдің мақсаты: студенттерді отан сүйгіштікке тәрбиелеу және жас ұрпақтың егемендікті бағалай білуге шақыру, сондай-ақ студенттер арасында талантты жастарды іздестіру.

Фестивальге әр бөлімнен студенттер қатысып, 18 патриоттық, соғыс жылдарындағы, жеңіске арналған әндер шырқалды. Фестиваль соңында директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Б.К.Акимжанова және «Жігер» алқалық жастар кеңесінің үйлестірушісі Б.Е.Айғожин әрбір қатысушыны Алғыс хатпен марапаттады.

Фестивальді өткізуге ат салысқан музыкалық жетекші Саят Ерғалиұлына және жүргізушілер Ерсанат пен Мейрамқызы Қуанышқа алғыс білдіреміз.