Айтулы күндерге арналған іс-шара Салтанат залындағы мерекелік концертпен бастау алды. Патриоттық тақырыпта әндер шырқалып, би биленді. Колледжіміздің директоры Рахимова Жанар Зекенқызы ер азаматтарды төл мерекелерімен құттықтап, барлық ұжымға ақ тілегін аямады. Кеш барысында колледжімізді 24 жыл басқарып, биік деңгейге көтере білген, ҚР Білім беру ісінің үздігі, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Рахимов Зекен Рақымұлына Эуразиялық экономикалық одағының ордені табысталды. Зекен Рақымұлы сөз алып, колледжіміздің биік деңгейге көтерілуіне үлес қосып жатқан жандарға алғысын білдіріп, елеулі үлес қосқан тұлғаларға Эуразиялық экономикалық одақтың төс белгісін табыстады. 

Мерекелік іс-шара, кермеге тартылу, мылтық ату, жерден қолды жазып бүгу спорт түрлері бойынша спорт алаңында жалғасын тапты. Жеңімпаздарға Кәсіподақ атынан сыйлықтар табсталды, сондай-ақ сарбаздардың ботқасы әзірленіп, әрбір адам дәм татып, ыстық шайдан ауыз тиді. Мерекелік іс-шара көңілді өтіп, далада ән шырқалып, би биленіп әдемі жалғасын тауып жатты.

Кеш соңында колледжіміздің барлық нәзік жанды арулардың және кәсіподақ атынан ұжымның барлық ер азаматтарына арнап, арнайы сый-сыяпаттар табысталды.