Қарашаның 17 күні Жастар спорткешенінде «Жігер» облыстық жастар қозғалысының ұйымдастыруымен облыс колледж студенттері арасында Не? Қайда? Қашан? зияткерлік ойыны өткізілді. Бұл сайысқа облыстың қала-аудандардан 34 команда қатысты. Біздің колледждің намысын Когай Владимир бастаған «Грамотей» командасы қорғады. Ойын 2 кезеңнен, 30 сұрақтан құралып, тартысты өтті. Ойын сұрақтары әр түрлі тақырыпта, жан-жақты қарастырылған. Ойынның қорытындысы бойынша біздің команда 11 орыннан табылды. Ойын жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, Грамоталармен марапатталды.