Қарашаның 16-сы күні ҚарМТУ «Жастар әлемі» сарайында Қарағанды қаласы әкімдігінің, Қалалық жастар саясаты бөлімінің, Қалалық жастар ресурстық орталығының бірлесе отырып ұйымдастыруымен ІІІ қалалық жас блогерлер мен тілшілер слеті өтті. Слетке арнайы қонақ ретінде Республикамызға танымал тілші, блогер Асқат Садырбай шақыртылды. Осынау айтулы шарадан біздің колледж студенттері де қалыс қалмады. Жан-жақтан жиналған жиында өздерінің көкейкесті сұрақтарын қойып, танымал журналист тәжірибесімен бөлісті. Жиын жастардың көңілінен шығып, жоғары баға алды.