Қарашаның 15-нші жұлдызында Достық сарайында Қарағанды облысының Жастардың өзін-өзі басқару құрылымдарының көшбасшыларының жиыны болды. Жиынның мақсаты жастар ұйымдарының жұмыстарын жетілдіру, латын әліпбиінің жастар арасында кеңінен насихаттау болып табылады. Осы жиынға «Жігер» Облыстық жастар қозғалысының атынан колледжіміздің студенті, пікір-талас клубының төрайымы Махантуреева Аниз қатысты. Аниз «Жігер» жастар қозғалысының жұмысын, мақсатын, міндеттерін, дамыту жолдарын, ұсыныстарын баян етті және де өзінің ұсыныстарына басқа да ұйымдардан қолдау тапты. Жиын соңында жастар ұйымдарының арасында мемарандумға қол қойылды.