17 қарашада С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында «Жайдарман» Жоғары лиганың 1/8 ойындары өтті. Ойынға облысымыздан 12 команда қатысты. Бұл ойында әдеттегідей колледжіміздің намысын «ҚұрдаSTAR» жайдарман тобы қорғады.

Ойын 2 кезеңнен, 3 тапсырмадан құралып, тартысты өтті.

1 кезең таныстыруда командалар өздерінің оң жамбасына келетін әзілдерімен дүйім жұртты күлкіге бөлеп, соңында фильмді ұтымды сөздерімен отырған көрерменді қызыққа қалдырды. Дыбыстау тапсырмасында біздің команда қазіргі таңдағы өзекті тақырып латын әліпбиі туралы қозғады және өздерінің латын әліпбиін қолдайтындарын білдіріп кетті.

2 кезең үй тапсырмасы көрініс қойылды. Бұл сайыста да жігіттеріміз Отан алдындағы міндеттерімізді адалынан атқару керектігін көрерменге әдемі жеткізе білді.

Қорытындылай келе «ҚұрдаSTAR» жайдарман тобы 11,6 ұпай жинап келесі кезеңге жолдама алды.