Желтоқсан айының 18-жұлдызында, Қарағанды техника-құрылыс колледжінде "Жігер" облыстық жастар қозғалысының ІІ форумы өткізілді. Форумның мақсаты 2017 жылы атқарылған жұмыстың қорытындысын шығару болып табылады. Жыл бойы колледж студенттерінің колледждік, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық дәрежедегі іс-шараларға қатысуы, ұйымдастыруы, жүлделі болулары есепке алынды.

Осы мақсатта "Жігер" алқалық жастар кеңесі түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, алуан түрлі сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегері атанды. Колледждің өзінде əр түрлі бағытта мерекелік, зияткерлік іс-шаралар өткізілді. "ЖІГЕР" облыстық жастар қозғалысының ұйымдастыруымен өткен дебат, заманауи би, əн, спорттық, зияткерлік сайыстарда тек қана 1-ші орыннан көріндік. Яғни, бүгін жыл бойы атқарылған еңбегіміз еш кетпеді. "ЖІГЕР" облыстық жастар қозғалысына облыс бойынша 52 колледж мүше болып табылатын қозғалыста, біздің колледжіміз ең жоғарғы нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Осы жеңіспен колледждің әрбір студентін, атап айтатын болсақ оқу озаттарын, пікір-таласшыларын, əншілерін, бишілерін, домбырашыларын, əртістерін, ақындарын, жайдарманшыларын, еріктілерін (волонтер), іс-шара жүргізушілерін, əр түрлі аспаптарда ойнайтын музыканттарын, блогерларын, кəсіпкерлерін, зияткерлерін, спортшыларын, айбыншыларын (ұмыт қалдырсақ ренжімессіздер) құттықтаймыз. Сондай-ақ, әрқашан студенттерге қолдау білдіретін əкімшілікке, колледж директорына, орынбасарларына, бөлім меңгерушілеріне, оқытушыларға, барша колледж қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.

Бұл жеңіс колледждің әрбір азаматтарының, азаматшаларының жеңісі. Жеңістеріміз көп болсын. Жүректеріміз <елім деп, жерім деп> соға берсін! Ешқандай қиындыққа мойымай, алға қойған мақсаттарға жете берейік! Айта кетсек, 1 орын үшін Облыстық білім басқармасы жəне "Сарыарқа дарыны" аймақтық ғылыми-практикалық орталығы атынан спорттық тауарларды алуға 150000 (жүз елу мың) теңгеге сертификат табысталды.

Бұл жеңіс, Тəуелсіздігіміздің 26 жылдығы қарсаңында колледжімізге жасалған керемет тарту болды.

Еліміздің еңсесі биік, тəуелсіздігіміз тұғырлы болсын!