01.10.2015. Демеу Яхия – «Қарттарым- асыл қазынам» атты іс- шарада әуелетіп ән салды. Қазыналы қарттардың көңілінен шығып, ыстық ықыластарына бөленді.

 

 

01.10.2015 жылы бөлім ішінде өткізілген  «Былғары доп»  турниріне II-III курстар арасында   12 құрама команда шағын футбол сынында өз өнерлерін көрсетуге ат салысты. Турнирдің мақсаты - колледжстуденттері арасында футбол ойынын дамыту және кеңінен тарату, өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау.

03.10.2015 жылы Қарағанды қаласында NOMAD MMA  ашық Азия чемпионаты болып өтті. Колледждің III курс студенті Апаканов Ержұман  Чемпионаттың  қола  жүлдегері болды.

10.10.2015-30.10.2015 ж. аралығында өткен«Дене тәрбиесі және АӘД» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ хандығының 550 жылдығы» және «Техникалық және кәсіптік оқытудың 75 жылдығына» арналған  спорт ойындардан жарыс өткізілді. Волейболдан мамандықтар арасында болған сайыста 1-жүлделі және  баскетболдан 2-жүлделі орындарға иелендік.

21.10.2015. Шоқан Уәлихановтың  туғанына 180 жылдығына орай өткізілген «Аққан жұлдыз» атты облыстық іс- шарасында Демеу Яхия көпшілікті әсем әнімен баурап алды.


22.10.2015. Тәттімбет Қазанғапұлының 200 жылдығына орай ұйымдастырылған іс- шарада 9-3-РЭС-14 тобының студенттері  Ақтілек Төлеуғазин күмбірлетіп күй ойнады, Демеу Яхия әуелетіп ән айтып берді.
Описание: \\192.168.100.252\upload\Отделение РЭС Оспанова\для сайта\45 библиот. фото\2015_10_22\IMG_7776.JPG

9-2РЭС-14 тобы  «ЖАСЫЛ  ЕЛ» - 2015  акциясына қатысуда
IMG-20151114-WA0012

20.10.2015. «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай 9-1-РЭС-14 тобы мен 9-1-ЭСП-14 топтарының студенттері  Облыстық Ж.Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасында  Т.Ахтановтың  «АНТ» спектаклінен көрініс
қойып, көрермендерге тарихи шежіреден сыр тартты.

Описание: \\192.168.100.252\upload\Отделение РЭС Оспанова\9-1РЭС-14  Алипбекова Ш.Ж\9-1-РЭС-14 фото\казахское ханство\20150519_134725.jpg

04.11.2015ж. Қарағанды қаласының әкімшілігінің қолдауымен  «Өзін-өзі басқару күні» атты өткізілген науқан. Біздің студенттер әкімшілікте 3 күндік қызмет ету мүмкіндігін алып, жақсы нәтижелер көрсетті. Картаев Жақсылық колледждің атынан қатысып әкімнің қолынан диплом алды.

 

14.11.2015 жылы  ҚР президентінің  қолдауымен өткен  «ЖАСЫЛ ЕЛ» жастар еңбек  жасақтарының Республикалық 10 жылдық  мерейтойына  қатысты «Үздік  жетекшісі» номинациясы бойынша  II-курс студенті Хайрулаев Мирас  дипломмен  марапатталды.

20.11.2015 жыл «ЖАСЫЛ ЕЛ» қозғаласының 10 жылдық  мерейтойына  арналған, еңбек маусымының салтанатты жабылу рәсімі  аясында козғалыстың қызметін қалыптастыруға, сондай-ақ жасақтардың  жұмысын өңірлерде ұйымдастырып, дамуына қосқан  сүбелі үлесі үшін IIкурс студенті Хайрулаев Мирас  «Алғыс хатпен»   марапатталды.

21.11.2015.  « Қасым» Республикалық әдеби -  қоғамдық журналы  «Жыр- жаухар» поэзия клубы « Бота» орталығының ұйымдастыруы бойынша « Жадымдағы жалқы жазбалар» тақырыбындағы жыр кешіне 9-1-РЭС- 14 тобының студенті Сейсеханова Жұлдыз, 11-1-РЭС- 15 тобының студенттері Амангелді Айтбек, Шарипа Барысбелсене қатысты.