Сурет 1. «Түсін мені» ширату кезеңінен көрініс

 

«Белсенді оқыту әдістері» тақырыбында педагогикалық білім және шеберлік факультативі қазақ тілінде Аткен Е.А., Айғожин Б.Е., Альжанова Ж.Е., Дуашева Н.Е., Ахмадиев оқытушылар құрамымен және орыс тілінде Таубаева Ш.М., Умбетжанова А.Т., Беспаева А.М., Абдығалиева С.Ж., Қарсақова Н.Ж. оқытушылар құрамымен өткізілді.
Алдын ала құрастырылған жоспар бойынша факультатив 4 кезеңнен құралды. Олар: 1 кезең – «Ширату» кезеңі, 2 кезең – Теориялық кезең, 3 кезең – Тәжірибелік кезең, 4 кезең – Рефлексия кезеңі.

 

Факультатив барысында әр түрлі қызықты ширату ойындары өткізіліді және түсіндірілген теориялық кезең бойынша артықшылық пен кемшілікті анықтау бойынша және ситуациялық жағдайды талдау бойынша тапсырмалар таратылып, 4 үстел қатысушыларымен орындалынып талданды.


Сурет 2. Ата-ана және оқытушы арасындағы жағдайды талдауынан көрініс

Факультативтің аяқталуы бойынша қатысушылармен «Белсенді оқыту әдістері» тақырыбында өткізілген педагогикалық білім және шеберлік факультативінің пайдалылығы және құндылығы жайлы жағымды пікірлер айтылды.