22.10.2016ж. «Теміржол көлігінде қозғалысты басқару және тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы студенттерінің теориялық білімдерін практикалық тұрғыда бекіту және білім алуға талпындыру мақсатында, Астана қаласындағы «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ-ының бас ғимаратына және Теміржол көлігі қызметкерлерін бағалау және дамыту орталығына экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсияға 2-3 курс мамандық студенттері келесі құрамда Бастами Н., Амангелді А., Тұяқова Д., Асхатқызы Ш, Қуанышбекова А. және экскурсияны ұйымдастырушы бөлім меңгерушісі Искаков Д.С. пен кафедра меңгерушісі Таубаева Ш.М.-ның бастауымен барды.

Алдын ала құрылған жоспар бойынша экскурсияның алғашқы объектісі – Теміржол көлігі қызметкерлерін бағалау және дамыту орталығы. Орталықта әр түрлі теміржол қызметкеріліне арналған оқу құралдары мен бағдарламалары таныстырылды. Сонымен қатар, қазіргі жүк және жолаушы тасымалдауында қолданылатын локомотивтердің жаттықтырушыларында орталық маманымен сабақ өткізілді.

Сурет 1. Теміржол көлігі қызметкерлерін бағалау және дамыту орталығынан көрініс

Экскурсия «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ-ының бас ғимаратында жалғасты. Бас ғимаратта таныстырушы маман теміржол саласының басқару құрылымымен, республикамыздағы барлық пойыздар қозғалысын басқару таблосымен, және тағы да теміржолда енгізілген және енгізілгелі жатқан жаңа технологиялармен және инновациялармен таныстырды.

Сурет 2. «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ-ының бас ғимаратында

Экскурсиядан келген студенттер әр біреуі топ алдында экскурсия жайлы ойларымен және көрген-білгендерімен туралы бөлісті. Ұйымдастырылған экскурсияның студенттеріміздің маман ретінде қалыптасуында үлкен үлес қосқанын байқадық. Осыған орай, студенттерімізді қабылған ұйымдардың барлық қызметкерлеріне, барлық жұмыстарды реттеген бөлім меңгерушісіне және осының бәріне қолдау көрсеткен колледж директорына үлкен алғысымызды айтамыз!