Қаңтар айының 26-шы жұлдызында колледжімізде Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты алдын-алу мақсатында 1 курс студенттерінің жиыны өткізілді.

Жиынға Қарағанды облысының арнайыландырылған ауданаралық сотының жасөспірімдермен жұмыс жөніндегі судьясы – Кушакова М.А., Қарағанды облысының арнайыландырылған ауданаралық сотының психологы – Верхуша Ю.Л., директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары – Акимжанова Б.К., Кашкеева Ж.К., «Жігер» алқалық жастар кеңесінің үйлестірушісі – Айғожин Б.Е., №1 ЖББ меңгерушісі – Оспанова Л.Ж., ООД №2 меңгерушісі – Маупашева А.Б. және топ жетекшілері қатысты. Жиын барысында «Бала құқығы жөніндегі конвенция» сөз болып, жасөспірімдердің құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда болатын жауапкершіліктер жайында сөз болды. Жиын барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, мамандардан жауап алынды.

«Жігер» алқалық жастар кеңесі