26 қаңтарда Теміртау мен Қарағанды қалаларының көшелерінде ХХVІІІ-ші Универсиаданың эстафета алауы өтті. Бұл іс-шарадан Қарағанды политехникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері де тыс қалмады. Шараға директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары – Акимжанова Б.К., Кашкеева Ж.К., ТОРА бөлімінің меңгерушісі – Бейсембеков Д.С., ГС бөлімінің меңгерушісі – Аубакирова Г.Д., сондай-ақ студенттер қатысты. Бұл шараның мақсаты, бұқаралық спорттың дамуына септігін тигізу, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Жиынға Қарағанды облысының арнайыландырылған ауданаралық сотының жасөспірімдермен жұмыс жөніндегі судьясы – Кушакова М.А., Қарағанды облысының арнайыландырылған ауданаралық сотының психологы – Верхуша Ю.Л., директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары – Акимжанова Б.К., Кашкеева Ж.К., «Жігер» алқалық жастар кеңесінің үйлестірушісі – Айғожин Б.Е., №1 ЖББ меңгерушісі – Оспанова Л.Ж., ООД №2 меңгерушісі – Маупашева А.Б. және топ жетекшілері қатысты. Жиын барысында «Бала құқығы жөніндегі конвенция» сөз болып, жасөспірімдердің құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда болатын жауапкершіліктер жайында сөз болды. Жиын барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, мамандардан жауап алынды.

«Жігер» алқалық жастар кенесі