06.02.2016ж. күні колледжімізде Парламент Мәжілісінің депутаты Н.М.Абдировпен студент жастардың кездесуі болып өтті. Кездесуге Праламент Мәжілісінің депутатымен қоса, «Нұр Отан» партиясы Қарағанды қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ю.В.Бадина, Қарағанды қаласы Жастар ресурсы орталығының директоры Б.П.Бекмурзаев, Мемлекеттік қызмет мектебінің жетекшісі М.Кусенбаева қатысты.

Кездесудің мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауын жастарға түсіндіру, кеңінен талқылау болып табылады. Кездесу барысында депутат мырза жолдаудың негізгі тармақтары мен болашаққа берері туралы сөз қылды. Студенттер өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, кең ауқымды жауаптар алды.

Жиын барысында «Жігер» алқалық жастар кеңесінің төрағасы Ерсанат студент жастардың атынан сөйлеп, маңызды жолдарын нақтылап кетті. Жастардың белсенділігі, болашаққа деген нақты қадам екенін баса айтты.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет мектебінің жетекшісі М.Кусенбаева сөз алып, жолдаудың жастарға берерін жақтарын ұсынды.

Кездесудің модераторы Қарағанды қаласы Жастар ресурсы орталығының директоры Б.П.Бекмурзаев болды. Жиын, Ерсанаттың «Көк тудың желбірегені» әнімен жалғасып, естелік суретке түсумен аяқталды.