14.02.2017 ж. күні колледжімізде «Дүниежүзілік ісік ауруларына қарсы күрес» акциясына орай, №1 Жалпы білім беру бөлімі және «Жігер» алқалық жастар кеңесінің ұйымдастыруымен флешмоб өтті. Флешмобқа №1ЖББ бөлімінің меңгерушісі, бөлімнің барлық студенттері мен топ жетекшілері қатысты. Акцияның мақсаты, студенттердің қоғамдағы жағдайларға бей-жай қарамауларына, белсенді болуға, салауатты өмір салтын сақтауға жағдай жасау болып табылады.

Акция барысында топ жетекшілері А.Т.Шурабаева мен колледж психологі А.Е.Кадауованың бастамасымен қайырымдылық жәшігі жасалып, оған мүмкіндігінше қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл қайырымдылық жәшігі 2 оқу бөлімінің 219 аудиториясында сақталады. Акциядан жиналған қаржы қатерлі ісік ауруына шалдыққан жандарға ұсынылатын болады.

Іс-шараға директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.К.Кашкеева, Оқу бөлімінің меңгерушісі Ж.К.Кожухова, «Айназ» би үйірмесінің жетекшісі А.Б.Абдрашидова қонақ ретінде қатысып, тамаша би қойылымдарының куәсі болды.

Барлық топтардың би қойылымдары жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғанын, үлкен деңгейде дайындалғандарын көрсетті. Барлық топтардың топ жетекшілері мен студенттеріне, акцияға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз.

Студенттердің белсенділігі – қоғамның белсенділігі. Белсенді қоғам – сау қоғам. Сол себепті, белсенділік танытып, салауатты өмір салтын сақтана берейік.