2017 жылдың 24 ақпанында Қарағанды политехникалық колледжінде колледждер директорлары оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларының «ҚПТК –дегі дуальдық оқыту жүйесін енгізудің озат тәжірибесін көрсету» тақырыбына облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Отырыс қатысушылары тәжірибелік сабақтарға қатысып, өндірістік тәжірибе уақытындағы ЭСП және ТОРА мамандықтары студенттерінің алған білімдері мен дағдыларына тәнті болды.

Дуальдық оқыту жүйесін енгізу жобасын психологтік-педагогикалық және әдістемелік қамтамасыз ету сұрақтары да қарастырылды. Өндірісте өткізілетін сабақтар мен экскурсиялар, факультативтер, әлеуметтік серіктестермен бірігіп өткізілетін семинарлар мен дөнгелек стөлдер, тренингтер және басқа да оқу-тәрбиелік іс-шаралар эксперименталдық топтар түлектеріне мобильдік беріп, алғашқы оқу кезеңінде адами және кәсіптік құзыреттілік қалыптастыратынын, мекеме орнында тез қалыптасуға, жылдам жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретіні айтылды.

ЖШС ЖК БорусанМакина Казахстан қызметкерлерді оқыту және дамыту бөлімінің жетекшісі А.С.Удербаевтың баяндамасында дуальдық оқыту жүйесін енгізу, өндіріспен табысты серіктестік -табысты жұмыспен қамтудың кепілі екенін тағы да атап көрсетілді.

Колледждегі дуальдық оқыту жүйесін енгізу жұмысының нәтижесі болып 5 жыл ішінде оқыту үрдісіне 15 кәсіпорын қызметкерлері тартылып, тәжірибелік сабақтар мен факультативтер өткізілді, барлық курстық және дипломдық жобаларды студенттер кәсіпорындар тапсырысы бойынша жүргізіледі, оған қоса студенттер ағылшын тілін үйреніп жатыр, ең маңыздысы – түлектер өмірдегі өз орнын табады.