Наурыз айының 18-і күні колледжімізде «Қырмызы көктем арулары, Анамен жарқын жылуы» атты 1 курс студент қыздары мен аналар арасында сайыс болып өтті. Сайысты ұйымдастырушылар 9-2-ЗЧС-16 тобы мен жетекшісі Шурабаева Айгүл Төлеутайқызы.

Сайыста 9 жұп 5кезең бойынша бақтарын сынады.

  1. Махантуреева Аниз – 9-1ПБ-16 тобы;
  2. Елдос Жанел – 9-1ОЖТ-16 тобы;
  3. Каримова Айгерим – 9-1ИС-16 тобы;
  4. Зейнолла Гүлнәр – 9-1СЭЗС-16 тобы;
  5. Сагинтаева Мариям – 9-2РЭС-16 тобы;
  6. Торғаева Мерей – 9-1ВТП-16 тобы;
  7. Ерғазы Ақбота – 9-2ЗЧС-16 тобы;
  8. Амирбек Жансая – 9-1ЗЧС-16 тобы;
  9. Казиева Камила – 9-1РЭС-16 тобы.

І кезең «Мен қазақтың қызымын».

Таныстыру бөлімі бойынша аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түсті.

ІІ кезең «Өз өнері».

Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетті. (ән айту, би билеу, монолог, диалог)

ІІІ кезең «Қол өнері».

Бұл бөлімде аруларымыз кесте тегіп, ою ойды. Ал, аналарымыз өздері әзірлеген тағамдарын таныстыра отырып, әділ қазы алқаларына ұсынды.

 

ІV кезеңі «Сән үлгісі».

Бұл кезенде аруларымыз үйге берілген тапсырма бойынша сауық-кешке арналған көйлектер үлгісін көрсетті. Талап бойынша ол түрлі бұйымдардан жасалу керек.

V кезең «Салт-дәстүрді білеміз бе?».  

Яғни, аруларымызға салт-дәстүр бойынша сұрақтар қойылды. 

Сайысқа қатысушылардың өнерлері мен білімдерін жан-жақты қалыптасқан әділқазы алқалары бағалады.  

Әділқазылар алқасының төрайымы, қазақ және орыс тілдері, іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі Омарова Бақытгүл Зинелгабдиновна. 

Әділқазылар алқасының мүшелері:

  • Теміржол пәндері кафедрасының оқытушысы, ақын Атькен Ержан Атькенұлы;
  • Қарағанды облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің басшысы Оспанова Қаламқас Төлеубайқызы;
  • «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Қойбағаров Еркебұлан Амангелдіұлы;
  • «Жігер» алқалық жастар кеңесінің үйлестірушісі Айғожин Бекқожа Ешмағанбетұлы.

Сайыстың өту барысында қатысушыларымыз әр түрлі дайындық деңгейінде келген. Әділ қазылар алқасы қатысушыларды, таныстыруына, сөз жаттауына, өнер көрсетуіне, көрерменге жеткізе алуына, киім үлгісіне, сұрақтардың жауабының дұрыстығына қарай отырып, әрбір кезең сайын тиісті бағаларын ұсынып отырды.

 Сайыстың қорытындысы бойынша Бас жүлде«Көктем аруы» атағын 9-1ОЖТ-16 тобының студенті Елдос Жанел жеңіп алды. Бас жүлденің тәжін өткен жылғы «Көктем аруы», 9-4ЗЧС-15 тобының студенті Қобланова Ажар табыстады.

 

І орынды 9-2РЭС-16 тобының студенті Сагинтаева Мариям иеленді. 

ІІ орынға 9-1ИС-16 тобының студенті Каримова Айгерим тұрақтады.

ІІІ орын тұғырынан 9-2ЗЧС-16 тобының студенті Ерғазы Ақбота көрінді.

Сондай-ақ, аруларымызды «Ақылды ару», «Білімді ару», «Өнерлі ару», «Инабатты ару»,«Сымбатты ару» номинациялар бойынша Махантуреева Аниз (9-1ПБ-16 тобы), Зейнолла Гүлнәр (9-1СЭЗС-16 тобы), Торғаева Мерей (9-1ВТП-16 тобы), Амирбек Жансая (9-1ЗЧС-16 тобы), Казиева Камила (9-1РЭС-16 тобы) марапаттады.

 

Сайыс жоғарғы деңгейде өтті. Ұйымдастырушыларға, қатысушыларға, көрермендерге алғыс айта отырып, бұдан да биік белестерден көріне беріңіздер деген тілек білдіреміз.

«Жігер» алқалық жастар кеңесі