1. Қыркүйек айының басында жатақхана тұрғындары колледж әкімшілігімен, бөлім меңғгерушілермен, әлеуметтік-психологиялық қызметкерлермен кездесті. Кездесу барысында жатақхана тұрғындарының жатақханада тұру тәртіптері, құқықтары мен міндеттері айтылды. Егер, қандай да құқық бұзушылық орын алған жағдайда қолданылатын шаралар қозғалды. Студенттер өздеріне қажетті сұрақтарды қойып, жатақхана әкімшілігінен мардымды жауаптар алды.

2. Сондай-ақ, жатақхана студенттерінің кеңесі тағайындалып, бекітілді. Кеңес төрағалығына 3 курс студенті Жайдар сайланды. Кеңестің мақсаты жатақхана тәртібін және жақсы, позитивті ахуалды қалыптастыру, әр түрлі мерекелік, спорттық іс-шаралар ұйымдастыру, даулы мәселерді шешу болып табылады.

3. 22 қыркүйек Тілдер мерекесінің қарсаңында жатақхана жастарымен айтулы күнге орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Мерекелік шараға директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Кашкеева Ж.К., «Жігер» алқалық жастар кеңесінің үйлестірушісі Айғожин Б.Е., колледжіміздің белсенді жас маманы Таубебаева А.Е. қонақ ретінде қатысты. Мерекелік шара 3 тілде жүргізліп, ән айтылып, би биленіп, жырдан шашу шашылып, ойындар өткізіліп, жоғарғы көңіл күйде аталып өтті. Келген қонақтар кеш соңында ұйымдастырушыларға алғыс айтып, болашақта одан да ауқымды шараларды абыроймен ұйымдастыратындарына сенім білдірді.