02.10.2018 ж. күні Михайлов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері полиция капитаны Шоканова Н.С., полиция капитаны Джунусова К.Х., полиция лейтенанты Жакишев Б.С. және полиция аға лейтенанты Боранбай А.С. колледжімізде «Жеткіншек және Заң», «Нашақорлық заттармен байланысты құқықбұзушылық профилактикасы», «Кәмелетке жасқа толмаған жеткіншектердің қылмыстық жауапқа тартылуы» тақырыптарында дәріс өткізілді. Дәріске колледж әкімшілігінен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кашкеева Ж.К. және колледжіміздің 250 студенті қатысты. Бұл шараның мақсаты жоғарыда көрсетілген тақырыптар бойынша құқық бұзушылықтарды алдын-алу, студенттерге өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуге мүмкіндік жасау болып табылады. Сондай-ақ, мұндай жағдайлар колледж ішінде болмауды ұйымдастыру негізге алынды.