Қазан айының 16-17-ші жұлдыздарында колледжімізге жаңадан қабылданған білім алушыларды студент қатарына қабылдаудың мерекелік концерті өтті. Мерекелік концертті колледжіміздің белсенді де талантты жастары ұйымдастырды. Мерекелік іс-шара барысында вокалды-инсрументалды ансамбль тамаша әнімен, Шехназ ансамбльі биімен көрермен көзайымы болды. Колледж әкімшілігі студенттерге құттықтау сөздерін арнап, бөлім меңгерушілері студенттің негізгі құжаттары студенттік билет пен сынақ кітапшасын табыстады.