25-қазанда Сарыжайлау кинотеатрінде Қарағанды қаласының мәдениет басқармасы Сарыжайлау кинотеатрымен біріге отырып, Ұлттар фестивалін өткізді. Фестивалдің мақсаты Қазақстан халықтарының достығын нығайту, бірлікке тәрбиелеу, елімізде тұратын ұлттардың салт-дәстүрлерін тану болып табылады.

Фестивалге Қарағанды қаласының колледждері қатысып, татар-башқұрт, корей, поляк, шешен, неміс және т.б. ұлт пен ұлыс өкілдерінің тұрмыс тіршілігін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қалын көрерменге ұсынды. Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенттері, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Ж.К.Кашкееваның жетекшілігімен қазақ халқының мәдени байлығын отырған жұртшылыққа тарту етті. Біздің студенттер фестивалдің соңында шығып, әдемі нүктесін қоя білді. 6 минуттық қойылымда ұлттық биде, әнде, күйде орын тапты. Тыңғылықты дайындық пен керемет сахналық көріністің арқасында көрермен ықыласына бөленді.

Мереке соңында, фестивальге құрметті қонақ ретінде шақыртылған қонақтар сөз сөйлеп, алғысын білдіріп, марапаттаулар жасады.