Елімізде әдеттегідей қазан айының алғашқы демалысы қарсаңында Ұстаздар күні тойланады. Бұл мереке колледжімізде де кеңінен аталып өтті. Жұма күні басты оқу ғимаратының 2-қабатында студенттер оқытушыларға арнап, шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Бағдарламада домбыра, гитаралардың сүйемелдеуімен әндер шырқалды, би биленді, күй тартылды. Барлық тыңдармандарға керемет көңіл-күй сыйлады.

Ал, мерекелік шарамыз колледжіміздің Салтанат залында Тау-кен және Энергетика бөлімдерінің ұйымдастыруымен «Жас оқытушы, Кемеңгер тәлімгер» атты өнер байқауына ұласты. Жаңадан келген оқытушылар бұрыннан келе жатқан, тіс қаққан оқытушылармен бірігіе отырып, ән айтты, биледі, көрініс қойды, шағын көлемді әзілкеш бейнеролик ұсынды. Әріптестеріміздің жасаған дүниелері тамашалаушы әріптестеріміздің көңілінен шығып, ыстық ықыласқа бөленді.

Сондай-ақ, бұл шара барысында колледжіміздің әкімшілігі өткен оқу жылының қорытындысы бойынша жетістікке жеткен оқытушыларды марапаттап, ұстаздарға ақ тілектерін жаудырды. Кәсіподақ ұйымы атынан марапаттаулар болып, жаңадан келген оқытушыларға және кафедраларға арнап сыйлықтар табыстады.

Мерекелік іс-шара қалын көпшіліктің көңілін көтеріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.