30 қазан күні Қарағанды технология және сервис колледжінде «Мемлекеттік қызмет көрсту стандарты – сыбайлас жемқорлықты азайтудың кепілі» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында Брейн-Ринг зияткерлер ойыны өтті.

Ойынның мақсаты: мемлекеттік қызмет көрсету стандарты және регламентімен танысу, арыздану тәсілдерін үйрену, мемлекеттік қызметті халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы немесе электронды нұсқада алуды меңгеру, қатысушылардың эрудициясы мен логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау болып табылады.

Жалпы зияткерлер ойынына облыс бойынша қазақ және орыс лигаларына 18 команда қатысты. Колледж атынан шыққан «Жігер» командасы қазақ лигасы бойынша үздік үштікте көрінді. Команда құрамын Махантуреева Аниз, Ақыжан Сабыржан, Қырықбаева Ақниет, Жамелов Жанқұтты, Сайрам Айдана, Кусаинов Мақсат құрады. Жалпы студенттеріміз жоғарғы дәрежеде ойын өрнегін көрсетті.