Қазанның 20-жұлдызында Қарағанды экономикалық университетінің қабырғасында «Жігер» облыстық жастар қозғалысының студенттері арасында облыстық пікірталас сайысы өтті. Пікірталас қазақ және орыс лигалары бойынша ойнатылды. Әр лигада 20 фракциядан қатысты.

Бұл сайыста колледжіміздің намысын «Әділет» пікірталас клубының «Заңғар» командасы қорғады. Әуелден облыстық ойынға қатысу үшін, клуб жетекшісі Н.Ә.Қамбаров колледжішілік турнир ұйымдастыру арқылы іріктеп алған болатын. Біздің фракция құрамын құрағандар: Қонақбайев Дамир, Гайстен Шамиль, Түйтебек Балнұр. Фракция жетекшісі – Қамбаров Нұрлыбек Әріпбекұлы. Командамыз іріктеу кезеңінде 3 ойын өткізіп, оның екеуінде жеңіске жетіп, келесі айналымға өтетін 8 команда қатарынан көрінді. ¼ ойынында осы сайыстың болашақ финалисттері, «Жұлдыз» фракциясына сәл ғана басымдылықпен есе жіберіп қойды. Жалпы алғанда пікірталасшыларымыз жақсы ойын өрнегін көрсете білді.

Сондай-ақ, колледжіміздің студенті, осы турнирдің 2 дүркін жеңімпазы және Үздік спикері Махантуреева Аниз, ЖОО-ның студенттерімен тең дәрежеде төрешілік жасады.

Жеңісті күндеріміз көп болсын!!!