«Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау күніне орай» 1 ЖББ бөлімі студенттерімен "Жақсылық шарапаты" іс-шарасы жоғары мәнде ұйымдастырылып, Қазыбек би аудандық үйде көмек көрсетілетін балалар қонаққа келді. Іс-шара 2 бөлімнен тұрды: 1 кезеңінде бөлім студенттері мерекелік концерт ұйымдастырып, екінші жартысында балаларға арнап дастархан жайылды.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты қоғамда болып жатқан жағдайларға бей-жай қарамау, студенттерді жақсылық жасауға жол сілтеу, мейірімділікке тәрбиелеу болып табылады.

Осындай жақсылыққа жол сілтейтін шаралар көп болсын!