Кітапхананың ұйымдастыруымен студенттердің назарына «Экология тазалығы – халық байлығы» тақырыбында тәрбие сағаты өте жақсы деңгейде өтті. Тәрбие сағатына 9-1-РЭС-18к және 9-ЭА-18к топтарының студенттері қатысты.

 

       Бұл кітапханалық шараның мақсаты: оқырмандарға табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру. Мейірбандыққа баулу, экологиялық білімдерін молайту. Жер ананы сүйе білу, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу  болып табылады.

    

      Аталмыш тәрбие сағатында студенттер назарына эко-челлендж жобасы туралы мағлұматтар айтылып, слайд, шағын видео көрсетілді. Қоршаған ортаны қорғау бойынша қойылған сұрақтарға топ студенттері қызығушылықпен жауап берді. Сонымен қатар, шара соңында кітапхана қызметкері «Экология тазалығы – халық байлығы» атты кітап көрмесіне шолу жасап шықты.  

 

         Студенттердің пікірінше, олар көптеген жаңа және пайдалы нәрселерді білді, атап айтқанда, қоршаған ортаның жай-күйінің адам денсаулығына әсері және қалдықтарды басқарудың 
маңыздылығына қатысты, қоқысты жеке жинау және оны қайта өңдеу қажеттілігі жайында тереңірек біле түсті.